Ата-аналармен жүргізілген Шаңырақ сайысы атты іс-шара

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шаңырақ сайысы

Мақсаты:

1.Оқушыларға ата-ана,туыстары алдындағы парыз бен қарыздарды өтеу туралы түсінік.

2.Мейірімділікке,сый-құрметке тәрбиелеу,ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.Ой белсенділігін арттыру.

3.Халық алдында өзін-өзі ұстай білуге,мәдениеттілікке жүйелі,нақтылы жауап бере білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:нақыл сөздер,шарлар,гүлдер.

Сайыс барысы:

Мұғалім:

Армысыздар,ата-аналар,ұстаздар!

Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген.Өмірдің ащы-тұщысын көріп,ысыла білсін,тұяғы тасқа салса кетілер,суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтіне ұстаса,қызын аз күндік қонағым,алтынның сынығы,шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап,үлпілдетіп өсірген.

Қуаныш қайырлы болсын көрерменім,

Құп алдым талабыңды - ерендерім.

Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік көркемдерім,

Мерейің үстем болсын қалың елім.

Демеймін заман бұл күнде ,

Түбегейлі өзгерді.

Егемен елдің отбасы

Бағыңды сынап сайысқа түсер кез келді.-деп жыл аралатып келетін көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз мерекесінің қарсаңында 2а,б,в 3 а,б сынып оқушылары мен ата-аналар аралығында ұйымдастырылған «Шаңырақ» сайсын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады.

1.Таныстыру.

2.Өз өнерін көрсету.

3.Үй тапсырмасы.

/Бала тәрбиесіне байланысты көрініс.Тәрбиелік мәніне ден қою/

4. Білекті бірді жығар білімді мыңды жығар.

5.Бірлік бар жерде тірлік бар.

а/ Әкелер сайысы «Кім күшті»

ә/ Аналар сайысы «Ою ойғанның - ойы ұшқыр»

б/ Балалар сайысы «Өнерлі өрге жүзер»

Отбасын қошеметпен ортаға шақыру.

1.Дүлділдің атағы шабысында,

Бұлбұлдың атағы дауысында.

« Маратовтар » жанұясы келіп жетті.

Бұл-ардың бар өнері болмысында

Үміттің биігіне қолын созып

Дайындықпен келген екен сайысуға.

2. Тәрбиелі қыз өссе елдің көркі емес пе

Дәстүрлерді жалғастырар нағыз қазақ емес пе

Бүгінгі шаңырақ сайысында бақ сынауға

Келген мына Хамит атаның ұрпақтары емес пе.

3.Ерте тұрған әйелдің бір ісі бар,

Ерте тұрған еркектің ырысы бар.

Шаңырақтың бүгінгі сайысына

« Ордабаевтардың » зор үміті бар.

Қошеметпен ортаға шақырайық

Көрерменнің қолдайтын ниеті бар.

4.Бір күндік несібеңді,ғайыптан іздегенше

Тәлім алар тәрбиені сайыстан іздейік-деп

Келеді бұрала басып сылқылдасып,

Қауымға сәлемдесіп,тағзым етіп.

« Қоқымбайевтар » әулетіне

Шаңырақ сайысына есік ашық

5.Жанұяға өнерпаздық жарасады

Жеңу үшін әркімде таласады.

« Тастанбековтар » өнерлі отбасы ғой

Риза болса мына жұрт қарасады.

Ортаға қошеметпен шақырып ап,

Өнеріңді көруге асығады.

Сайысқа қатысушы отбасылармен танысайық./Реттік нөмірлерін алады./

Төреліктің әділдігін берер бізге әділқазылар алқасын сайлайық.

Сайыс

Танысу. Әр отбасы өздерін таныстырады.

Адам көркінің нұры - .......

Жүзінің шырай түрі -.......

Тіл дегенің ақыл гүлі - ...........

Тілде жатыр сөздің сыры, - деген ғой,Жүсіп Баласағұн.Сайысымыздың бірінші кезеңінде әр отбасы өздерін салыстырады.

Әр отбасының ұпай сандарын сұраймыз.

2. сайыс Өнер көрсету

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Таңқалдырып сіздерді,

Әнді айтып,би де билеп береді.-дей келе ортаға сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.Әділқазылар ұпай санын көрсетеді.

3.Үй тапсырмасы.

«Ұлым жақсы болсын десең,

Ұлы жақсымен ауылдас бол.

Қызым жақсы болсын десең,

Қызы жақсымен ауылдас бол.» - дегендей отбасының үй тапсырмасына кезек береміз.Бала тәрбиесіне байланысты көрініс көрсету.

Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

4.Білекті бірді жығар білімді мыңды жығар

Әдетім ғой бастайтын әуел баста,

Тапқырлық жарасады замандасқа

Алдыңа қойдым сұрақ,жауап бергің

Таласар жақсы орынға,жаман асқа.

Сұрақ жауап :

1.Қазақ халқының той томалақтарын атап беріңіздер.

2.Қазақ халқының ерлерге арналған ұлттық киім түрлерін ата.

3.Қазақ халқының қыздарға арналған ұлттық киімдерін ата.

4.Қазақ халқының қандай киелі сандарын білеміз.Біреуіне тоқталып түсіндіру.

5. Қазақ халқының зергерлік өнері туралы не айтар едіңіз.

5. Бірлік бар жерде тірлік бар.Ендігі кезекте 3 топқа бөлінеміз.Әкелер бір топ,аналар бір топ, балалар бір топ.

а/ Аналар сайысы «Ою ойғанның - ойы ұшқыр»

Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырда,

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда.

Бұғы мүйіз оюы сәнділікпен,

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.

Сырмақ ойып,текемет,киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

«Шеше көрген тон пішер,

Әке көрген оқ жонар» деген рас,

Бәрі де шебер қолға араласқан,- дей отырып аналарымыздың ою ойғанның кереметін тамашалайық.

б/ Балалар сайысы «Өнерлі өрге жүзер»

Ал балалар болса алдарына жатқан әріптерден сөз құрастырады ,сол сөзге байланысты сурет салады.

в/ Әкелер сайысы «Кім күшті»

Әкелер өз күшін сынап қол күрестіреді.

Өнер көрсетіліп біткеннен кейін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Ендігі кезекте көңіл көтере отырайық.Келесі кезекті оқушыларға берейік.Олар сіздерге арнап музыка жолдайды.

Сайыста бірі озар,бірі қалар,

Әділдігін дәл тапса би қазылар.

Сөз сөйлейтін шындықтың бетін ашып,

Әділдіктің туын биік ұстағандар.

-демекші сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Марапаттау жүргізу.

Сайыс аты сайыс емес пе,

Бұған ешкім ренжімес те.

Қатысқанның өзі мәртебе емес пе

Бұл да алар бір қамал емес пе.

Жеңістеріңіз құтты болсын!Келер мерекеміз құтты болсын! Ағайын.


Түсініктеме


Бұл сайыстың жас ұрпақты ұлттық тәрбиеге баулудың ерекше маңызы бар.Тәрбие басы тал бесік дегендей танымдық іс-шаралар арқылы баланың

ұлттық сана - сезіміне әсер етіп, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.


© 2010-2022