Тәрбие сағаты: Тазалық денсаулық кепілі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тазалық- денсаулық кепілі.

Сабақтың мақсаты:а)Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау. Көптік жалғауын қайталау."Тазалық-денсаулық кепілі" дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу.Тазалық сақтау заттарын көрсете отырып,тазалық сақтауға үйрету.ә)Түрлі әдістер, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын,жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, танымдық қабілеттерін арттыру.б)Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тазалық сақтау заттарының суреттері, жұмбақтар

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,қайталау,ойын,ой қозғау,проблемалық сұрақ,топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті Мен бойымды тік ұстап, Таянамын бүйірді. 1 2 3 4 1 2 3 4

Аяқты алға қоямын, Жұдырықты түйемін. 5 6 7 5 6 7

Екі қолды көтеріп, Мен шапалақ ұрамын. 8 9 10 8 9 10 Ал партаға қон.

Суретпен жұмыс.Сабын Сусабын Сүлгі Тіс пастасы Тіс щеткасы Тарақ

Олар не үшін керек? (сұрақ - жауап)Сабын , жуыну үшін керек.Тіс пастасы, тіс щеткасы тісті тазалау үшін керек.Тарақ шашты тарау үшін керек. Сүлгі сүртіну үшін керек.

Адам денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың - жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық - зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Денсаулық -- тамақ ----------------- күш ----------------- тазалық
- Денсаулықтың досы - тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек. • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
Сахналық көрініс .Тазалық заттарының жыры. Су.Тазалықты іздесең, Мөлдір судан аласың. Жиі - жиі жуынсаң,Аппақ таза боласың. Тазалықтың досы Су дегенің осы.Сүлгі. Ақ матадай түгі бар, Қызыл - жасыл гүлі бар. Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай. Тазалықтың досы, Сүлгі деген осы. Сабын.Сабындаған кезіңде, Ашытады көзіңді. Бола білсең төзімді,
Тап - таза етер өзіңді. Тазалықтың досы, Сабын деген осы. Тіс щеткасы.Мен айтайын тақпақ, Алғын оны жаттап.Тісіңді жу, тазарт, Маржандай болсын аппақ.

Тарақ. Аузым жоқ, көзім жоқ, Тілім жоқ, сөзім жоқ. Бірақ та тісім бар,

Шашыңды тараймын. Әдемі боласың, Менің атым тарақ.

Жұмбақтарды шеш.Ертемен күнде сенҚолыңды сүйкесең,Кетіп кір - ласың,

Тап - таза боласың. Бұл не? (сабын)

Шомылған баланы Аймалап алады.Сүртеді қолын да,Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ,Тілі жоқ, сөзі жоқ.Бірақ та тісі бар, Басыңмен ісі бар. Бұл не?

1.Сәулелі шуақты Сәулетті қуатты. Күн-елші анамыз. Күннен күш аламыз.
2. Су-өмір жүрегі Денсаулық тірегі. Шөлдесең ,қанасың. Жуынсаң, тазасың.
3.Қоршаған ауамен Шығып кең далаға. Шынық сен әрдайым. Керемет ауада.

4. Тазалықты іздесең, Мөлдір судан аласың. Жиі-жиі жуынсаң, Аппақ,таза боласың.
5. Тазалықты іздесең, Шампунь,сүлгі керегі. Бірі жуып шашыңды, Бірі сүртіп береді.
6.Тазалықты іздесең, Айна,тарақ керегі. Бірі тарап шашыңды, Екіншісі көреді.

Бекіту.

Тазалықты сақтау үшін қандай заттар керек? Олар не үшін керек? Үй жұмысын беру.

Тазалықты сақта! Тазалық - денсаулық кепілі.



© 2010-2022