Табиғатты бүлдірмейік 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты бүлдірмейік.

Сабақтың мақсаты:

1. Табиғат жайлы түсінік беру

2. Оқушылардың ой-өрістерін арттыру.

3. Табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік.

Көрнекілігі: табиғатты бейнелейтін суреттер.


Сабақтын барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау (ауызша).

III. Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбымен таныстыру.

а) Мұғалім өлең мазмұнын қысқаша түсіндіреді.

ә) Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беру.

Сөздік жұмысы.

Саф ауа - өте таза ауа.

Озон - ауа қабаты.

Ғаріп - ауру, мүгедек жан.

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Күнде бестік аламын,

Қуанып үйге қайтамын.

Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтар:

  1. Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

  2. Табиғат аясында өзіңді қалай ұстауың керек?

  3. Егер табиғатты қорғамаса, онда не болады?

  4. «Табиғат - байлық» дегенді қалай түсінесің?

Үйге тапсырма беру.

  1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқу.

  2. Қазақстандағы экологиясы ластанған жерлерді ата.

  3. Өз жеріңнің табиғатын қалай аялап жүргеніңді әңгімелеп кел.

Қорыту

-Сабақ ұнады ма?

-Не үйрендік?

-Не білдік?

-Табиғатты сақтап қалу үшін қандай шаралар жасалу керек?

Бағалау


© 2010-2022