Тақырыбы: Қош бол сүйікті әліппем! (1сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы . Қош бол .сүйікті .Әліппем! Сабақтың мақсаты . оқушылардың білімдерін бекіту. алған білім , білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту ,сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу. Әдісі: Сайыс түрінде . Көрнекілігі :шарлар ,әріптер, қанатты сөздер. Мұғалім .Құрметті ұстаздар! Қадірменді қонақтар ! Аяулы ата-аналар!.Бүгін бізде үлкен той. Кеше ғана 1-қыркүйек айында қолдарына алғаш рет әліппе кітабын алған бүлдіршіндеріміз сол сүйікті әліппесімен қоштасқалы отыр. Қымбатты қонақтар Қош бол, әліппем ! « атты ертеңгілігімізді ашуға руқсат етіңіздер. . Оларға алғаш рет хат танытып,сауаттарын ашқан, жақын достары әліппемен қоштасқалы тұр. Олай болса, ортаға бар ғылымның атасы әліппені шақырайық. Әліппе3

Әліппе: Құрметті балалар тойларыңыз құтты болсын. Мен бірнеше сыныптың әліппе тойына қатыстым. Сіздердің де тойларыңыздың куәсі болғым келіп тұр.

Мұғ: Балалар сүйікті әліппемізді рақметімізді айтып, кейінгі кішкентайларға табыс ету-біздің міндетіміз. Әліппеге деген ризашылығын, сезімін өлең жолдары арқылы жеткізбек.

1 оқушы

Мектебің мынау , класың , Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің . Таудай болып шығасың

.2.Алфавиттің А тұрады басында Әрқашанда Ә тұрады қасында. Байқадың ба? Б тұрады үшінші. Ал осының сыры неде? Түсінші.

3 .А деген ол-аналар ғой ардақты . Ә деген ол -әкелер ғой салмақты . Б деген ол - балалар ғой әдемі . Біздің елде үшеуі де кәделі. \

4.Әсемпаз болма әрнеге. Өнерпаз болсаң,арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге. Кетігін тап та .бар .қалан!

5 оқу. Ең алғаш қолға алғанда әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың Ұстазым маған кілтін алып берді.

6-оқу Іші толған әріпке, Мынау ӘЙбат Әліппе, Барлық ғылым-білімнің Атасы осы Әліппе,

7-оқу Келгенде алғаш мектепке Білмеуші едік ертек те, Оқимыз көріп ертек те, Үйреттің оны Әліппе.

8-оқу. Бар кітапқа бас болған, Әліппе-ғылым анасы. Әліппеден басталған Даналықтың данасы.

9-оқу Әліппем, менің Әліппем!, Сені қолға алып мен, Есігін аштым мектептің. Ертеңгі сәуле жарықпен.

10-оқу Жақсы кітап, Әліппе, Үйретеді әріпке, Қуыршақпен қоштасам Әліппемен достасам А-дан бастап әріпті Түгел маған танытты.

11.Қош. бол.құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің, Таныстырдың әріппен, Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе; Өте жақсы екен, балалар, қазақ тілінде қанша әріп бар,кім біледі?

12-оқу Әліпбиді біліңдер, Онда қалып жүйе бар Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар

Хор. Әліппе

Мұғалім: Біздің алдымызда әліппеден кейін тағы бір сүйіп оқитын кітабымыз Ана тілі тұр. Енді соны қарсы алайық.

Ана тілі ал, балалар енді бұдан былай мені оқып, менен білім аласыңдар. Сендермен таныса берейін деп бүгінгі тойларыңызға мен де келдім. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер!

13-оқу. Құрметті Ана тілі! Біз Әліппеден оқып үйренгенімізді сізбен әрі қарай жалғастырамыз.

Мұғалім: Қош келдіңіз, Ана тілі, Әліппемен бірге біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Өнерлерін көрсету. Білім сайысы. Не үйрендік, не білдік ? Ойын бес кезеңнен тұрады. Ойын шарты

Оқушылар 2 топқа бөлініп, әр сабақтан алған білімдерін көрсетеді.

  1. Әріптер әлемі сайысы

Балалар әріптерді алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі.

  1. «Мақал-сөздің мәйегі» сайысы. Үйренген мақал- мәтелдерді ортаға салу. Сайысқа ата-аналар да қатысады.

  2. «Жаңылтпашты жаңылмай айту» ойыны Уық,уық уықты Уықты апам буыпты, Уықты буып болғанша Ыстық шайы суыпты.

  3. «Кім білгір» ойыны 1. Біз тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? 2. Мемлекеттік рәміздерді ата? 3. Біздің елбасымыз кім? 4. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 5 .Сен ата -әжеңе кім боласың? . 6Жылдың неше мезгілі бар ?.

  4. «Кім алғыр?» ойыны: Қосынды мен айырмалардың мәнін табу. 5+4 = 9 9-5-4 5+5 = 10 3+2 = 5 5-2 = 3 10-5 = 5

ӘліппеІ Балалар, сендер оқуды жақсы игеріпсіздер. Менен көп нәрсе үйренген екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар!

Балалар: Қош бол, сүйікті Әліппем, Осымен бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгімізді аяқтаймыз. Сөз. Ұстаздарға және ата-аналарға беріледі.

© 2010-2022