«Спорт - денсаулық кепілі». (сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Спорт - денсаулық кепілі.

Мақсаты: 1. Эстафеталық және ұлттық ойынға деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. Спортың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру.

2.Дене қасиеттерін одан әрі дамыту.

3. Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыұұа, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: Ысқырық, доп, қап(мешок) алма.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме мұғалімдер, оқушылар мен қонақтар. саулық -байлық негізгі әрбір адам салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін аурудың алдын - алу және болдырмау шараларын ұстануы қажет. Ең негізгі назар аударатын нәрсе өскелең ұрпақ болып табылады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, қазіргі заман талабына сай мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа ала отырып, жас ұрпақты әдепті, білімді, парасатты, жат қылықтардан аулақ, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетіндей етіпт тәрбиелеу мақсатында сабақтан тыс шара "Спорт - денсаулық кепілі " атты сайысымызды бастайық.

Жүргізуші: Шынықсан шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азаматы боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арманға болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстырып кетейік.

1.ДТЖО Тұрмағанбетова Назира.

2. Дене шынықтыру пәні бірлестік жетекшісі Шамов Жеңіс.

3.Үздік спортшы, инструктор Турбаев Майлыбай.

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру, ұрандарын айту

2. Эстафеталық таяқшамен жүгіру.

3. Допты алып жүгіру.

4. Қаппен(мешокпен) секіру.

5. Допты себетке салу.

6. Асық жинау сайысы(қақпақ жинау) Топ басшылар сайысы.

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

Олай болса, сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берсек.

1. Әр топ топтарын таныстыру, ұрандарын айту. (таныстырады).

Жүргізуші:

Жарыс заңды ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену жалықпау

2. Эстафеталық таяқшамен жүгіру.

Сайысымыздың шарты: Каманданың барлық мүшесі таяқша алып, белгіленген жерден айналып келіп, таяқшаны келесі каманда мүшесіне береді.

Әділ қазы бағасын береді.

Жүргізуші:

Жүйрік болса кім,

Күлімдейді күн.

Жарыста жүгір

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.

Ал келесі сайысымызға көшейік.

3. Допты алып жүгіру:

Шарты: Каманданың барлық мүшесі допты қолына ұстап кедергілер арасымен жүгіріп, допты келесі каманда мүшесіне береді.

Жүргізуші.

Уа халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда ,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда- келесі сайысымызды бастайық.

4. Қаппен (мешокпен) секіру.

Ойынның шарты: Каманданың барлық мүшесі қатысады. Қаппен (мешокпен) секіріп, белгіленген жерден айналып келіп, қаптан шығып келесі команда мүшесіне береді.

Жүргізуші:

Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досыиыз,

Бала кезден шындалған - дегендей келесі сайысымызға кезек берейік.

5. Допты себетке салу.

Ойынның шарты: Каманданың барлық мүшесі қатысады. Допты алып матрастың үстінен аунап белгіленген жерге дейін барып себетке допты салу

Жүргізуші:

Басты байлық - денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек- деп келесі кезекке берейік.

6. Асық жинау сайысы(қақпақ жинау) Топ басшылар сайысы.

Шарты: Жерге асық шашылып тастайды. Сол асықты кім тез және көп жинаса, сол топ басшысы жеңімпаз аттанады.

Қорытынды:

Жүргізуші:

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Құрметті қауым сөз кезегін Әділқазы алқасына береміз. Әділқазылар шарт бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарда жария етеді. Мақтау қағаздарымен марапатталады. Жеңімпадарға сыйлық беріледі.

Бас жүлде - «Қыран» тобы

І -орын - «Тапқырлар» тобы

ІІ -орын - «Қыран» тобы

ІІІ -орын - «Тұлпар» тобы

Көңіл бөліп бұл жарысқа,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге мың рахмет.

Уа халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда ,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда - дей отырып, барлығыңызға дендерңіз сау болсын деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет.


№8 жалпы білім беру мектебі




Тақырыбы:


«Спорт - денсаулық кепілі». (сынып)


Өткізген: Алданбекова Д

Сыныбы: 0 «В»








Мұнайлы ауданы

2014-2015ж.


© 2010-2022