Адам бойындағы қасиеттер. (Тәрбие сағаты)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  1. Тақырыбы: Адам бойындағы қасиеттер.

  2. Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді айыра білуге, соның ішінде жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

  3. Міндеті:

1.Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату;

2.Жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу;

3.Сөзжұмбақты шешу арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерді білу.

  1. Көрнекіліктер:шарлар, плакаттар, нақыл сөздер, ребус, сөзжұмбақ, т.б

  2. Өткізілетін формасы: Ойын

  3. Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап,талдау

  4. Жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі (3мин)

II. Кіріспе сөз (2мин)

III. Негізгі бөлім (25мин)

IV. Қорытынды (5мин)

Жұмыстың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдерме балалар, қанекей орнымыздан тұрып бір-бірімізбен амандасайық.

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер-Ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

- Енді қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз!

ІІ.Кіріспе сөз.

- Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Адам бойындағы қасиеттер». Балалар адам бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар? Жақсы қасиеттерге нелер жатады? Ал,жаман қасиеттерге нелер жатады?

ІІІ.Негізгі бөлім.

  • Біз бүгін жақсы және жаман қасиеттерді «Күн сәулесі»деген ойынды ойнау арқылы білетін боламыз.Енді балалар тақтадағы күннің суретіне қарайықшы. Күннің бетіндегі бұлттарда адам бойындағы қандай қасиеттер жазылған? Көрдіңдер ме балалар адамның бойындағы барлық жаман қасиеттер біздің күнімізді қалай бұзатынын.Ол бұлттар күннің бізге өз сәулесін шашуына кедергі келтіріп тұр. Күннің жылу шашып, шуағын төгіп тұрғаны жақсы ма, әлде жер беті қараңғыланып, суық болып тұрғаны жақсы ма? Олай болса күннің бетіндегі бұлттарды желмен ұшырып жіберейік.

  • Бірақ ол бұлттарды ұшырып жіберу үшін біз өзіміздің білімділігімізді көрсетуіміз керек. Қолымыздан келе ме оқушылар? Жарайсыңдар, олай болса сендерге ойынның шартын айтып кетейін:

Әр бұлттың астында тапсырмалар кезеңге бөлініп берілген. Сендер өз білімдеріңді көрсете отырып сол тапсырмалардан өту арқылы жеңіске жетесіңдер. Түсінікті ме? Қане онда бастайық!

1.Еріншектік бұлты: ребусты шешіңдер!

Ребусты шешкенде батылдық деген сөз шығады.

2.Сабырсыздық бұлты:Жақсы қасиеттерге байланысты тақпақ немесе мақалдар айтыңдар!

:

Бірінші оқушы: Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

Екінші оқушы: Атам маған әмәнда

Кішіпейіл бол деген

Атам сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Үшінші оқушы: Атам маған әмәнда

Әділеттті бол деген

Ата сөзі санамда

Жүрем тура жолменен

3.Бұзықтық бұлты:Өнерлеріңді көрсетіңдер.

Хормен «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындайды.

Күн әлемі,көк әлемі

Бұл суреті жас баланың.

Ақ қағазға өрнек салып

БАдам бойындағы қасиеттер. (Тәрбие сағаты)ір шетіне жазған сөзі:

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін. 2рет

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман


4.Мейірімсіздік бұлты: Ал балалар енді сендермен бірге балық аулау ойынын ойнайық.

Жұмбақ ойды кеңітер, бермейді сөз,

Таза суы - шешендік, дариясы - сөз.

Әншейін ауызбенен айтылғанда,

Сөзді құлақ естиді, көрмейді көз.-дей отырып аулаған әр балықтарыңның артындағы жұмбақтардың шешуін тауып көрейік.

  1. Жиырма баласы бар төртеуі ана,
    Бірі ұзын бірі- қысқа дара-дара
    Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,
    Білімпаз мамандығы болған сара.
    (2 аяқ, 2 қол , саусақтар)

2.Арнайсың әр сабаққа ,

Тор көздісі бар,

Ұзын жолдысы бар,

Керегінше жылда ал. (Дәптерлер)

3.Қабат қабат қаптама

Ақылың болса аттама. (Кітап)

осы секілді бірнеше жұмбақтар жасырылады.

5.Жалқаулық бұлты:Сөзжұмбақты шешіңдер!

1

ә

д

І

л

д

і

к


2

а

д

а

М

д

ы

қ


3

е

л

Г

е

з

е

к

т

і

к

4

с

ы

п

а

Й

ы

л

ы

қ

5

і

з

е

т

т

І

л

і

к

6

т

ә

р

т

і

п

Т

і

л

і

к

7

а

д

а

л

д

Ы

қ


8

к

і

ш

І

п

е

й

і

л

д

і

л

і

к

9

к

і

С

і

л

і

к












Балалар бұл сөзжұмбақты шешу үшін тақтадағы нақыл сөздердің ішінен жақсы қасиеттерді тауып жазамыз. 1. Әділін айтсаң - әдемі айтасың 2. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ 3. Елгезек екі айтқызбайды. 4. Сыпайылық даналықтың белгісі. 5. Ізеттінің інісі көп 6. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық. 7. Адалдық - ана сүті. 8. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің. 9. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет. Жарайсыңдар! Міне енді күннің көзі ашылып, бізге нұрын шашып тұр. IV.Қорытынды. - Оқушылыр бүгінгі сабақта біз қандай жақсы қасиеттерді өттік? - Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. - Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз сендерге ұнады ма?Несімен ұнады? Қандай тәрбие алдыңдар? Олай болса тәрбие сағатымызды мына өлең жолдарымен аяқтаймыз. Хормен: Мынау менің жүрегім, (жүректерін ұстап) Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды, (бастарын ұстап) Бәрін осы атқарған. Мынау менің оң қолым, (Оң қолдарын көрсетеді) Мынау менің сол қолым, (Сол қолдарын көрсетеді) Барлық істі басқарған. (Шапалақ қағады)


















© 2010-2022