Бала Қабанбай Н. Айтов

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала Қабанбай Н.Айтов

№12 Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Анарбаева Алия

Сыныбы: 2

Тақырыбы:Жетеліге жеті өсиет.(аңыз)

Мақсаты:Жеті өсиет туралы ұғым қалыптастыру

Міндеті :

  1. Аңыздың негізгі идеясын білу

  2. Оқушыларды рөлдік ойын арқылы сөйлету.

  3. Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.

Оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау

Типі: Жаңа сабақты өзбеттерінше меңгеру

Түрі: жеке, топтық,жүптық

Әдістері:» ыстық орындық», топтастыру(конфеттермен), идея шақыру( миға шабуыл) АКТ, Блум таксоманиясы, бағалау парағы(критерий бойынша)

Көрнекілік: Қима қағаздар, суреттер, бағалау парағы, кері байланыс- стикерлер, конфеттер, смайликтер

Күтілетін нәтиже:

- достық қарым-қатынаста болады

- үлкендердің ойларымен келіседі

- денсаулық- тазалық кепілі екенін біледі

- жеті өсиетті жатқа айтады

Бағалау критерийлері:

1 . Рөлдік ойынды түсіну

2. Жеті өсиет (постермен жұмыс) а) ерте тұру,орта тазалығын сақтау

б) дене шынықтыру,денені таза ұстау

в) сергек жүру,артық тамақ ішпеу

г) көп ұйықтап, жалқау болмау

уақыт

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3мин


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.


1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылармен «Менің көңіл-күйім»атты тренинг жасауi. 3.»Шашу»конфеттермен топтасу

Оқушылар оң қолдарының үлкен саусағымен көңіл-күйлерін көрсетеді.Конфет түрлерімен топтасады.

5мин

Үй тапсырмасын тексеру.

«Ыстық орындық»бойынша үй жұмысын тексеремін.

Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы үй жұмысын сұрақ қоюмен

тексереді.

Мысалы:-Фараби кім?-Фарабиді автор қалай суреттеген?

-Өлеңде қандай қаланың аттары бар?

-Өлеңнің авторы кім?

20мин

2мин

10мин

Мағынаны тану(идея шақыру)әдісі

1.жеке жұмыс

Жаңа сабақ.

Сергіту сәті

2. топтық жұмыс .

Интерактивті тақтаға 7санын жазамын.7саны туралы не білесіңдер?

Сахналау әдісі(ролдік ойын)

Оқулықтағы "Жетеліге жеті өсиет» аңызымен таныстырамын.

«Ормандағы кірпі» видеоны көрсетемін.

Постер таратамын.Әр топқа бір тапсырма беремін (7 өсиет)

Оқушылар тақтаға шығып 7саны туралы білгендерін жазады.

Оқушылар аңызды ролге бөліп ойнайды.

Видеоға қарап,оқушылар қимыл -қозғалыстар жасайды.

Оқушылар өз ойларын постерге жеткізеді,тақтаға шығып қорғайды.

5 мин

Бағалау

Үйге тапсырма

критерий бойынша оқушыларга бағалау парағын таратамын.

Аңызды оқу,161 бет дәптермен жұмыс.

Оқушылар өзін- өздері бағалау үшін кестені толтырады.

Оқушылар стикерге өз ойларын жазады.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы:2

Мұғалімі: Анарбаева Алия Суранчиевна

Тақырыбы: Б.Серікбаев Абылай

Мақсаты: Оқушыларға Абылайдың кім екенін білдіру,өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Міндеті :

  1. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту

  2. Оқушыларды диалог арқылы сөйлету.

  3. Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.

Оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау

Түрі: дәстүрлі емес

Типі: жаңа сабақты өзбеттерінше меңгеру

Әдісі: топтау, ыстық орындық , диалог, ой қозғау, ББҮ, миға шабуыл, тірек белгілер, АКТ-ны қолдану

Көрнекілік: Қима қағаздар, бағалау парағы , кері байланыс парағы, форматты қағаз

Күтілетін нәтиже:

  • Патриоттық сезімдері оянады

  • Абылайдың кім екенін біледі ( батырлығы,ерлігі туралы)

  • Сыни тұрғыдан ойлайды

Бағалау критерилері.

  1. Тірек белгілермен жұмыс жасау

2. Абылай кім?

3. Өлеңді жатқа айту

уақыт

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3мин Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.


1. Әр елдің сәлемдесу түрлері арқылы сәлемдесеміз.





2.Қару-жарақтар арқылы топтастырамын.

Оқушылар сәлемдесу түрлерін дене мүшелерінің қимылдарымен көрсетеді.\

Найза, қылыш, садақ, айбалта бойынша топтасады.

7мин

Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын «ыстық орындық» арқылы сұраймын .

Оқушылар доп лақтырумен бір-біріне сұрақтар қойып,жауап береді.

- Ұлықпан деген кім?

-Аңыз деген не?

- Қандай аңыздарды білесің?

шәкірт

ұстаз

өсиет

төсек тартып жатып қалу(ұқсас сөздер айтады)

25мин



2мин

3мин

Мағынаны тану

1«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

Топпен жұмыс .

2.Ойын( сергіту)

.

3.АКТны қолдану

Миға шабуыл( идея шақыру)

Видеодан « Көшпенділер» үзіндісін көрсетемін.

  • Бұл фильм кім туралы?

Оқулықтағы Абылай өлеңін оқуды тапсырамын.

Постер таратамын ( әр топқа).Тірек белгілер арқылы өлеңнің мазмұнын ашады.

«Жаңылма ойынын» ойнатамын

Абылай кім? Сатылай кешенді талдауды тапсырамын(интерактивті тақтада)

Видеоны көріп қай фильм екенін еске түсіріп,айтады.

-Абылай деп, бірден айтады.

Оқушылар өз беттерінше өлеңді оқиды. .

Топ ішінде талқылап,постерге белгілер арқылы түсінгендерің салады,қорғайды.

Бір топтың балалары қол ұстасып дөңгелене тұрады ,топ ішіндегі бір бала өлеңнің бір шумағын айтып,кезкелген жерінде құлағын ұстайды,басын сипайды т.б

Батыр

қолбасшы

хан

ел билеуші деп жазады.

5мин

Кері байланыс

Бағалау.Үйге тапсырма

ББҮәдіс бойынша жұмыс тапсырамын.

Критериймен бағалауды тапсырамын.Өлеңді жаттау.

Оқушылар стикерге өз ойларын жазады, жапсырады.

Бірін-бірі бағалайды.

Сыныбы: 2 сынып

Мұғалімі:Анарбаева Алия Суранчиевна

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Бала Қабанбай.Несіпбек Айтов

Мақсаты:Өлеңді оқи отырып ,мағынасын ашу .

Міндеті :

  1. Өлеңді құрылысына қарай талдау .

  2. Алдыңғы өлеңмен салыстыру.

  3. Сыни тұрғыдан ойлау.

Оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау

Түрі: Жаңа тақырыпты өзбетінше меңгерту.

Әдісі: Автор орындығы,тірек белгілер , Болжау, миға шабуыл,Венн диаграммасы

Көрнекілік: Асықтар, суреттер, смайликтер , кері байланыс парағы, дөңгелектер, форматты қағаз.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар тірек белгілер арқылы өлеңнің мазмұнын ашады..

  • Әртүрлі идеялар айтады.

  • Топпен, жұппен жұмыс жасай алады.

Бағалау критерилері.

  1. Өлең мазмұнын тірек белгілермен ашу

  2. Өлеңдерді салыстыру.

  3. Ерасыл кім?

уақыт

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3мин


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.


1.Өз аттарына байланысты жақсы қасиеттерді айту. 2. Оқушыларды топтастырамын. ( асықтармен)

Оқушылар топқа асықтардың түстері бойынша бөлінеді.

10мин

Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеріп шығамын.» Автор орындығы»

Оқушылар « Абылай» өлеңін жатқа айтады.

25мин

2мин

Жаңа сабақ.

1.Топпен жұмыс

2.Сергіту сәті

3.Жұптық,топтық жұмыс



4.Жеке жұмыс

5.Оқушылар өздерін бағалайды.

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша « Болжау» әдісін жасаймын.Әр топқа батыр,садақ,бесіктегі бала суреттерін таратамын.» Миға шабуыл».Сұрақ қоямын:-Бұл суреттер нені білдіреді?

« Жылу импульсы»

.

Оқулықтың 162 бетіндегі «Бала Қабанбай» өлеңін оқуды тапсырамын.Болжау суреттермен ойлары сәйкес келді ме?

Постер таратамын.

Венн диаграммасымен салыстыру

Оқушыларға түрлі дөңгелектерді беремін.(«Бағдаршам»)

Кері байланыс

Оқушылар топтасып бір-бірімен ой бөліседі.

Әр топ болжауларын айтады.

Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстасып ,қысу арқылы жылу жібереді.

Балалар жұптасып оқып,топта талқылайды.

Болжау суреттер, оқыған өлеңге жақын екенін айтады.Постерге тірек белгілермен өлеңнің мағынасын ашады,қорғайды

«Абылай,Бала Қабанбай» өлеңдерін салыстырады.

Дөңгелектер арқылы өздерін бағалайды.

Жасыл-түсіндім

Сары-орташа

Қызыл-түсінбедім

5мин

Бағалау

Үйге тапсырма

Критериймен бағалау

Эссе жазу»Қазақ батырлары»

Оқушылар смайликтермен өздерін бағалайды.

4-сабақ

Сыныбы: 2сынып

Пәні: әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Анарбаева Алия

Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин

Мақсаты: Мәтінді оқи отырып, оқушыларға бала Шоқанның кім екенін,қандай бала екенін білдіру.Автордың негізгі идеясын ашу.

Міндеті :

. 1.Мәтінді түсініп оқу.

2.Оқушыларды өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.

3.Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.

Оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау

Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: топтау, жеке, жұппен жұмыс, автор орындығы, диалог, сыни ойлау, миға шабуыл, «Елшілікке бару».

Көрнекілік: Қима қағаздар бағалау смайликтер , кері байланыс парағы (стикерлер) , форматты қағаз,

Күтілетін нәтиже:

1.Топта бір-бірін тыңдайды.

2.Бір-біріне сұрақ қоя біледі.( диалог)

3.Шынайы бағалайды

Бағалау критерилері.

1. Мәтін үзінділерін талдау.

2. Мәтін мазмұнын қағазға түсіру(салу,суреттеу)

3. Cұрақ-жауап (диалог)

.

уақыт

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3мин


Сабақтың барысы: 1.Бағдарлау-мотивациялық кезең.


1. Оқушылармен сәлемдесу. 2Оқушыларды әртүрлі-түсті резеңкелермен топтастырамын.


Оқушылар топқа бөлінеді.

10мин

Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тыңдаймын. .

Диалог .Сұрақ қою.

-Өлеңде кім туралы айтылған?

-Өның басқа балалардан қандай ерекшелігі байқалған?

-Ерасылды халық тағы қалай атапты?

-Оның туған жері туралы не білдің?.

Эссені оқушылар Автор орындығында оқып береді.

Оқушылар сұраққа нақты жауап береді.Неге солай екенін дәлелдейді.

25мин



2мин



5мин

Операционалдық- орындаушылық кезең.

1.Жеке жұмыс.

2» Елшілікке бару « әдісі

3.Сергіту сәті

4.Жеке жұмыс

6.Оқушылар өздерін бағалайды.

Миға шабуыл.»Жоғалған әріпті тап»Тақтаға жазып көрсетемін.

Ш...қан мен өн...рл... бала Мыс...қ.

Оқулықтағы мәтінді төртке бөліп беремін.

Постер таратамын.

.

Кешірімді боламыз

Жұлдыздай боп жанамыз,

Кішіпейіл боламыз

Кұстай қанат кағамыз.

Оқушыларға түрлі смайликтерді беремін.

Критеримен бағалау

Әр топтан бір бала шығып әріптерді табады.Бүгінгі сабағымыз осы мәтін туралы екенін біледі.

Олар бірлесіп отырып мәтінді оқиды, не білгендерін қағаз бетіне түсіреді. Енді әр топ ішінен бір оқушы постерін алып,келесі топтарға барып түсіндіреді.

Қимыл-қозғалыс жасайды.

Оқушылар өздерінің сабақты қалай түсінгендігін смайликтер арқылы бағалайды

Үш критерий бойынша1-3 баллмен бағалайды.

ІV.

Бағалау

Үйге тапсырма

«Блум таксономиясы » бойынша бағалайды

Дәптердегі кестені толтыру

Оқушылар стикерге өз ойларын жазады.

«Бекітемін»

Мектеп директоры

Даутова Э.Е_____________

Тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары (орта мерзімді жоспар)

Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 2 Мұғалім: Анарбаева Алия

Тараудың тақырыбы: Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге

Тараудың мақсаты: Бабаларымыздың жасаған еңбектері, олардың өмірі,қазіргі ұрпаққа рухани азық екенін ұғындыру,білдіру. Оқушылардың өз бетімен оқуына жағдай жасау.

Тақырыбы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Оқып-үйренудің нәтижелері

Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау

Негізгі дереккөздер

Модуль

Кері байланыс

1

Жетеліге жеті өсиет(аңыз)

Жеті өсиет туралы ұғым қалыптастыру.

«ыстық орындық»,»сахналау»,

«мен саған,сен маған»(диалог)

1.Достық қарым-қатынаста болады.

2.Үлкендердің ойларымен келіседі.

3.Денсаулық-тазалық кепілі екенін біледі.

4.Жеті өсиетті жатқа айтады.

Бағалаушылар

бағалайды

АКТ,Бағалау парағы,смайликтер,

Оқулық постер

АКТ,Жаңа әдіс-тәсіл,сыни тұрғыдан ойлау,оқыту үшін бағалау

Білдім,білмедім

2

Б.Серікбаев Абылай

Оқушыларға Абылайдың кім екенін білдіру,өлеңнің негізгі идеясын ашу.

«мен саған,сен маған»,ББҮ, тірек белгілер ,»Жаңылма».

1.Патриоттық сезімдері оянады

2Абылайдың кім екенін біледі

3.Күрделі сұрақ қоя біледі

4.Сыни тұрғыдан ойлайды.

Бірін-бірі бағалайды

АКТ,Бағалау парағы,смайликтер,оқулық,кесте,постер.

АКТ, жаңа тәсілдер,талантты және дарынды балаларды оқыту,жас ерекшелігі,оқытуды басқару,сыни ойлау

Түсіндім, түсінбедім

3

Бала Қабанбай

Өлеңді оқи отырып, мағынасын өзбеттерінше ашу

«Автор орындығы»,тірек белгілер,Болжау,Венн диаграммасы, Бағдаршам

1.Өлең мазмұнын тірек белгілермен ашады.

2.Әртүрлі идеялар табады.

3.Ынтымақтастықта жұмыс жасайды

Жеке ,топпен жұппен бағалау

Кесте, диаграмма,

постер,

оқулық,нұсқаулық

Жаңа әдіс -тәсіл, сыни тұрғыдан ойлау,жас ерекшелігі,оқыту үшін бағалау.

Бүгін не білдім?

Маған ұнағаны. Қиын болғаны.

4

Шоқан мен өнерлі бала Мысық

Мәтінді түсініп оқу арқылы, Шоқанның кім,қандай бала екенін білдіру.

«Автор орындығы», эссе,сұрақ қою(диалог),идея шақыру(жоғалған әріпті тап),»Елшілікке бару»

1.Топта бірін-бірі тыңдайды.

2.Бір-біріне сұрақ қоя біледі(диалог құрады)

3.Шынайы бағалайды.

Топпен, жұппен бағалау

Оқулық,нұсқаулық,постерлер,смайликтер,стикерлер.

Жаңа әдістер,сыни ойлау,оқыту үшін бағалау,жас ерекшелігі,

Ұнағаны,ұнамағаны. Неге?


i

© 2010-2022