Көктем қандай көрікті?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көктем қандай көрікті?

Сыныбы: 1-сынып

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Өз Астанам-өз ордам». Тасымал.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу және

жазу дағдысын жетілдіру; тасымал туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту

Тәрбиелік: Өз Отанына құрмет, мақтаныш сезімін ұялату, ұлтжандылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының суреттері, слайд,ИАТ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назарларын аударту.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

  • Балалар, біз буын туралы білімімізді жетілдірдік. Қане, буын туралы ережені еске түсірейікші.

  • Оқушылардың жауабы.

  • Бүгін біз жаңа ережемен танысамыз. Ережеміз не туралы екенін білгіміз келе ме? Ендеше «Білім еліне» саяхатқа шығайық. Картадан қандай жерлерді көріп тұрсыңдар?

●Талдықорған ●Сарыағаш

●Астана

●Маңғыстау

●Ыстықкөл ●Леңгір

●Атырау


  • Ал, енді, балалар, осы көрсетілген сызықтар бойынша қалалардың бас әріптерін қосып оқимыз, қандай сөз шығады?

  • Тасымал сөзі шығады.

  • Дұрыс айтасыңдар. Сонымен тасымал дегеніміз - жазу жолына сыймай қалған сөздің бөлігін буынға бөліп екінші жолға жазу. Сөздердің тасымалданған бөлігінен соң сызықша қойылады: ұс-таз, те-ре-зе, мек-теп.


  1. Жаңа сабақ.

  • Оқушылар менің қолымда пойыз билеттері бар. Бүгінгі сабаққа жақсы араласып отырған оқушыларға сыйлаймын. Ал, осы билеттің қай қалаға сатылғанын білгіміз келе ме? Ендеше экранға назар аударайық. Бұл қай қала?

  • Астана қаласы.

  • Дұрыс айтасыңдар. Астана қаласына баруға билет алу үшін бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек. Қане, іске сәт!

89-жаттығу

1) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін

2) Өлеңді оқушыларға тізбектей оқытамын.

3) Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қоямын:

-Өлең не туралы?

-Өлеңде Астана туралы не айтылған?

-Астана жайлы не білесің?

-Астана сөзін қалай тасымалдауға болады?

( Сабаққа араласып отырған оқушыларға жетондар таратып отырамын)

V.Жаңа сабақты бекіту.

90-жаттығу

Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жаз.

Ал-ма-ты,Ал-маты, Алма-ты, қа-ра-ғай,қара-ғай, қа-рағай,ше-бер-ха-на, ше-берхана, шебер-хана, шеберха-на.

VI.Үйге тапсырма.

«Өз Астанам-өз ордам» өлеңін мәнерлеп оқу.

91 - жаттығу. Тасымал туралы ережені жаттау.

VII. Бағалау.

Жетон көп жинап, сабаққа ерекше араласып отқан оқушыларға билеттерді сыйлап, тиісінше бағалаймын.

Қызылорда қаласы

№ 5 мектеп-лицейінің бастауыш

сынып мұғалімі

Жанжігітова Анар Көбекбайқызы


© 2010-2022