Сауат ашудан Зз дыбысы мен әрпі атты ашық сабақ жоспары (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ мектеп-гимназиясы

Ашық сабақ

Сауат ашу:Зз дыбысы мен әрпі

Өткізген:Қ.С.Нұрғалиева



Петропавл қаласы

Сабақтың тақырыбы: Зз дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Зз дыбысы мен әрпін таныту.
2. Сауаттылыққа баулу.
3. Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту, көркем жазуға машықтандыру.
Тәрбиелік: дүниетанымын кеңейту, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып тәрбиелу.
Дамытушылық:шығармашылық қабілетін дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өз сөзімен әңгімелеуге үйрету
Түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, интерактивті тақта,слайдтар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау- жинақтау.
Типі: жаңа сабақ, бекіту.
Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ . Психологиялық дайындық: Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді. Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі сабағымызды бастайық. (оқушылар орындарынан тұрып) Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! (Сәлеметсіздерме)

ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Миға шабуыл

«Кім жұлдызға бірінші жетеді»ойыны.

Оқушыларды төрт топқа бөлу.Алғырлар,Тапқырлар,Ғалымдар,Ойшылдар.

Сұрақ-жауап:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(күз)

- Ал жылдың неше мезгілі бар?(төрт)

- Кім атап шығады?(күз,қыс,көктем,жаз)

- Күз мезгілінде неше ай бар?(үш)

- Атап шығыңдар?(қыркүйек,қазан,караша)

- Аптада неше күн бар?( жеті күн)

- Бүгін аптаның нешінші күні?(бесінші күні)

- Қалай аталады?(жұма)

- Әріпті біз не істейміз?(жазамыз,оқимыз,көреміз)

- Дыбыс дегеніміз не?(дыбысты естиміз,көреміз)

- Дыбыс нешеге бөлінеді?( дыбыс 2 бөлінеді)

- Атап шығыңдар?(дауысты,дауыссыз)

- Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

- Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

- Соңғы қандай әріпті өттік?Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

- Бидай мәтіне байланысты нан туралы мақалдар жаттауы сұрау.

Сұрақтар арқылы жұлдызға кім бірінші жететінін анықтау.Ойын арқылы жаңа сабақты шығарып алу.Жұмбақ жасыру.

ІV. Жаңа сабақ.

Түрі жылқы бейнесі

Жолақ-жолақ жейдесі.(зебра)

Зебра туралы мәлімет беру.

Зебра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

З-з-з-з-қайталау.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Зз дыбысымен әрпі.Дыбыстың артикулияциясы.

З дыбысының таңбасы?Яғни қай түрін көріп тұрмыз?Баспа.

Енді осы дыбысты өз үйшігіне орналастырамыз.Дауыссыз,көк түспен белгілейміз.З дыбысы сөздің басында,ортасында, соңында кездеседі.З әрпі неге ұқсайтынын сұрау.

V.Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау: қазан VІ. Көзге арналған жаттығу.

VІІ. Оқулықпен жұмыс.

90бет. Ауыл маңында өлеңін оқып беру,тізбектей, жеке-жеке оқыту.Өлең бойынша сұрақтар қою.

VІІІ. Дәптермен жұмыс.

З әрпінің жазба түрін көрсету,тақтада жазу,ауада жазу.
Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.

Зз әрпін көркем жазу.(тақтаға 2 оқушыны шығарып жазғызу)
Сергіту сәті. Күн мен түн ойыны

ІХ.Жаңа сабақты бекіту.

Топтық жұмыс.

І топ.Алғырлар.Буындардан сөз құрау.

ІІ топ.Тапқырлар.Көп нүктенің орнына з әрпін жазып, сөзді оқу

ІІІтоп.Ғалымдар.Қаз сөзіне сөйлем құрастыру.

ІV топ.Ойшылдар.Әріптерден сөз құрастыру

Х.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті өттік?

-Зз қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІ.Үйге.91-бет,әңгіме құрастыру

videouroki.net/filecom.php?fileid=98703530









Мұғалімнің аты-жөні

Сабақта не ұнады?

Сіздің ойыңызша сабақтың жүзеге аспаған жері?

Сын пікіріңіз





Мұғалімнің аты-жөні

Сабақта не ұнады?

Сіздің ойыңызша сабақтың жүзеге аспаған жері?

Сын пікіріңіз





Мұғалімнің аты-жөні

Сабақта не ұнады?

Сіздің ойыңызша сабақтың жүзеге аспаған жері?

Сын пікіріңіз





Мұғалімнің аты-жөні

Сабақта не ұнады?

Сіздің ойыңызша сабақтың жүзеге аспаған жері?

Сын пікіріңіз







© 2010-2022