- Преподавателю
- Начальные классы
- І еңгей курсы бойынша С есебі
І еңгей курсы бойынша С есебі
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Жакишева С.В. |
Дата | 17.03.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Жакишева Светлана Викторовна Мұғалім портфолиосы С есебі
Топ №1 1-деңгей
Көкшетау қаласы 20.05.14
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек? Мектептің бастапқы жағдайдын анықтап алған соң, алдымда ХХІ ғасыр оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуге сай орта құруда қандай қадамдар жасауым қажет? Неден бастаймын? Талапқа сай жұмыс бағытын өзгертуде қандай жұмыстар атқаруым қажет? деген алдымда сұрақ туды. Осы сұрақтар төңірегінде көп ойландым. Жұмысын, мектептің жұмысын, оқушыларын өзгерткісі келетін, жаңашылдықты құптайтын ұстаздарды қоғамдастыққа шоғырланудан бастадым. Кәсіби қоғамдастықты бастауыш сынып мұғалімдерінен, бастауыштағы пән мұғалімдерінен және бағдарламаға қызығушылық таңытқан мұғалімдерден құрдым. Кәсіби қоғамдастық құрамына ІІ деңгейді оқыған Д. және С. есімді бастауыш сынып мұғалімдері, С. ІІІ деңгейді оқыған есімді ағылшын тілі пәні мұғалімі, Е., З. есімді дене шынықтыру және химия пәндер мұғалімдері, тәжірибелі А. есімді қазақ тілі пәні мұғалімі және С. есімді математика пәні мұғалімі, тәжірибелі Н., Р. есімді бастауыш мұғалімдері, А. есімді мектеп психологы, А., Г., Ш. есімді жас мамандар кірді. Мені қуантқан жай жас мамандар өздері сұранып, үйренуге ниет білдіргені. Оларға үміт артуға болады деген оймен өтініштерін орындадым. Алға қойған мақсатқа жетуді көздей отыра, алғашқы отырысымызды жоспарладық. Отырыстың мақсаты: мектептің бастапқы жағдайымен таныстыру, дамыту жоспарын жоспарлауда кәсіби қоғамдастықтағы ұстаздарымның ойларын білу. SWOT талдаудағы ұжымның көрсеткен күшті, әлсіз жақтарына, мүмкіндіктерге, қауіпке тоқталып, топтармен талдау өткізілді. Қоғамдастық мүшелері даму жоспарын жазарда SWOT талдауға баса назар аударып, мектептің мықты жақтарын, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керектігі жайлы пікірлерін білдірді. Осы жақтарын тиімді пайдалана отыру арқылы әлсіз жақтарын жетілдіру, неліктен әлсіз болғандығын анықтау жұмыстарын жүргізіп, ең негізгі жұмыс төнген қауіпке ерекше мән беруді ұйғардық. Әрине, әлсіз жақтарды бірден жетілдіру, талдаудағы қауіпті тез арада шешу мүмкін еместігін бәріміз түсіндік. Сонда да осы бастан олқылықтарды түзету бағытында жұмысымызды бастау керек деп жоспарладық. Мектептің оқу үрдісіндегі объективті жағдайды анықтау мақсатында сауалнама, мұғалімдердің көзқарасын білу үшін сұхбат жүргізілді. Нәтижелерінде мектептің бастапқы шыңайлы жағдайы анықталады. Керекті сұрақтарға нақты жауаптар алынады. Мектеп ата-аналардан да сауалнама алып, сұхбат жүргіздім. Өткізудегі мақсатым: ата- ананың қаншалықты мектеп өмірінен, баласының оқуынан хабардар екенін білу болатын. Бұл деректерді зерделей келе, ата-аналардың мектепке деген көзқарасын, оқыту үрдісі жайлы ойларын білдім. Жұмыстар нәтижесін көрсеткен деректерді талдай отыра, келешекте ата-ана қоғамдастығын мектеп өміріне қатыстыру керек деген мәселе төңірегінде топ мүшелері бір-бірімен пікір алмасты, ұсыныстарын айтты. Мен үшін әріптестерімнің айтқан әрбір пікірі құнды болды. Әр қоғамдастық мүшелерінің айтқан пікірін сырттай бақылап отырдым. Ұстаздарда қызығушылық бар. Оқушылармен өткізген сұхбатпен, сауалнама қорытындысымен таныстырдым. Осындай зерттеулер арқылы оқушылардың мінез-құлқы, қарым қатынасы санатталынады. Мектеп оқушыларының табысты болуы үшін қажетті дағдыларды топтағанда "Игі қабылдайтын оқушы" санатына жататынын сауалнамамның нәтижесінен анықтадым. Оқушыларға мектепте оқыған ұнайтынын білдім. Психологтың өткізген "СМАS алаңдаушылық шәкілі" әдістемесі бойынша 4-сынып оқушыларының мазасыздану деңгейінің нәтижесімен танысып, сараптау жұмысын жүргіздік. Мазасыздану зейін, ес, зияткерлік қабілетті жасаушы факторы екендігін ескере отыра, деңгейі шегінен асып кетсе, байбалам жаулайтыны бізді алаңдатты. Нәтижеден мазасызданудың жоғары деңгей көрсеткіші шынында да әр сыныпта жоғары екеніне көзіміз жетті. Өзімізге түйгеніміз: бала мазасыз болса, өз ойын жинақтап, айта алу сабақ барысында көп кедергі келтіреді. Бұл мәселені шешу мақсатында психолог алдағы уақытта тренингтер өткізуді жоспарлау керектігін айтты. Отырыста ІІІ деңгей бағдарламасын былтырғы жылы меңгеріп келген С. есімді әріптесім оқу үрдісіндегі топтық бірлескен жұмыс сыныбында өзгерістер бергенін, талантты, дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отыра, әр баланың қабілетін көруге мүмкіндік туғанын, диалогтық оқытуды пайдаланғанда ұяң балалардың сөйлей бастауын, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарының артқанын, бірін-бірі бағалай, тыңдай білуге үйреніп келе жатқандарын айтып өтті. Оқушыларының бір-біріне қарым-қатынасы өзгерген екенін де мойындады. Біздің алдымызда оқу үрдісіне жаңашылдық енгізумен қатар ұстаздар да өз кәсіби білімдерін жетілдіріп, әр сабақты жоспарлағанда заманауи талаптарға сай жоспарлауға ұмтылыс жасатып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, тиімді пайдаланып, ұстазды да, оқушысын да сыни тұрғыда ойлай білуге үйретіп, бірлескен топта ынтымақтастықта жұмыс атқару мәселелері тұрды. Талданған деректердің барлығын ескере отырып, кәсіби қоғамдастықпен мектептің ары қарайы даму жоспарын жоспарлауға кірістік. Кезіндегі мектеп-лицейінің 2012-2017 жылдарға арналған даму Бағдарламасының мазмұнына үңілсем, шынында да қазіргі көзқарасым, пікірім басқаша. Даму бағдарламасын өзгерту, жетілдіру, түзету қажеттігін түсіндім. Өйткені, даму жоспары арқылы ғана кемшіліктерді жоюға, көздеген нәтижеге қадам басу арқылы жетуге болады деп ойлаймын. Жоспардың мақсат-міндеттері SMART болу керек. Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданатын іс-құжат. Оның ішінде өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қажетті үрдістер мен болашақ факторлар мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықталады. Жоспарлаудың нәтижелілігі - әрбір табысты ұйымның маңызды элементі. [1, 73-бет] Мектептің оқу үрдісіндегі объективті жағдайды ескере бірлесе отыра дамыту жоспарының алғашқы қадамын жасадық. Бір-біріміздің пікірімізді, ұсыныстарымызды тыңдадық, даму жоспарының іс-шараларын белгіледік. Сауалнама нәтижесінде көрсетілген мектептің мұғалімдерінің жүйелік жұмыс жүргізбеуі, диалогтік оқытуды пайдаланбауы, оқушылардың өз ойларын толық жеткізбеулері, жалған баға қойылуы біздің мектепті дамыту мәселесін кәсіби қоғамдастықтың шешімі бойынша "" деп алуымызға себеп болды. Барлық топ мүшелері осы тақырып төңірегінде жұмыс жасаймыз деген бір тұжырымға келдік. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда негізгі басымдықтар белгіленді:
- мектеп-лицей ұстаздары өздерінің тәжірибелерін жетілдіруге талпынады, жаңашылдықты игеруге дайын, оқушыларының өзара білім алмасуына жағдай жасайды;
- әр сабақта критериалды бағалауды пайдалана алады;
- оқушылардың білім, білік, дағдылары жоғары дәрежеге жеткізуге ұмтылады;
- жеке тұлғаның жетістіктерін жоғары стандарттарға жеткізуге ұмтылады;
- оқушыларды өзін-өзі сынауға және бағалауға бейімдейді;
- оқушыларының оқу үрдісіндегі деңгейін ұстаздарға анықтауға көмектеседі;
- атқарылған жұмыстардың барлығынбір жүйеге келтіреді;
- ұстаздардың оқушыларды топта жұмыс атқаруға дағдыландыруы.
Нәтиже және табыс критерийлері:
- ұстаздар коучинг сабақтарынан алған жаңашылдықтарды оқу үрдісінде қолданады;
- оқушылар әр адамның өз идеясы болатынын түсінеді;
- оқушылар өз ойын білдіріп, өзара білім алмаса алады;
- оқушылар өз пікірін дәлелдей алады;
- оқушылар топтық жұмыста белсенді болады;
- өзін-өзі, сыныптасын, топтың жұмысын бағалауға үйренеді.
Қосымша1
С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің даму жоспары.
Мектептің 2013-2014 оқу жылына даму жоспары
Тақырыбы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы білім сапасын көтеру.
Мектептің даму жоспарының басымдықтары:
-
оқу сапасын арттыру;
-
білім деңгейінің жоғарлауын дамыту;
-
оқушының қызығушылығы мен өзіндік қажеттілігін анықтау;
-
оқушылар өздерін бағалай отырып, өз-өзін реттеу, өз мүкіндіктерінің деңгейін анықтай алады;
-
оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау.
Мақсаты: оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтай алады.
Нәтиже және табыс критерийлері:
-
мұғалімдер сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданады;
-
оқу белсенділігі төмен оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;
-
бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұны өзгереді;
-
оқушылар өздерін-өздері бағалай алады және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болады екенін жолын өздері таба біледі;
-
бағалауды енгізу нәтижесінде оқу сапасы артады;
-
оқушылардың сабаққа көзқарасы өзгереді;
-
топтың ішінде ортақ шешімге келеді;
-
әр оқушы өзін еркін ұстай біледі;
-
оқу сапасын көтеруге ықпал етеді;
-
сыныпта өзара ынтымақтастық орнайды;
-
топтық жұмыста белсенділік жоғарылайды.
№
Қаралатын орны
Іс-шаралар, тақырыбы
Мақсаты
Ресурстар
Мерзімі
Жауапты
Мониторинг
Күтілетін нәтиже
1
Мектеп
Әкімшілік және мұғалімдермен сұхбат
Оқыту үдерісінің жағдайын анықтау
Мектеп әкімшілігі, пән бірлестіктерінің жетекшілері
05.04
Жакишева С.В.
Білім сапасының анализі,
ой-пікір
Мектептің оқу тәрбие жұмыстарына сараптама жүргізу
2
Дөңгелек үстел
«Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері»
Сындарлы оқудың білім беру барысындағы тиімді жақтарын ашып жеткізу,
қатысушыларды анықтау
АКТ арқылы «Жеті модуль» тақырыбына таныстырылым Бағдарлама, нұсқаулық
07.04
Жакишева С.В.
Формативті бағалау
Алдыңғы оқу жылдарында жіберген ақаулықтарды анықтай отырып, мектептің мәселесі айқындалады. Оқимын деген тәлімгерлер белгіленеді.
3
Мектеп
ұжымымен SWOT талдау өткізу.
Мектептің объективті жағдайы
анықталады.
І, ІІ деңгей мұғалімдері
Нұсқаулық, сауалнама,
сұхбат.
08.04.
Жакишева С.В.
анализ
Мектептің мықты,әлсіз жақтары,
мүмкіндіктері, төнген қауіп анықталады.
Қажетті сұрақтарға дәлелді түрде жауаптар алынады.
4
Сыныпта
Оқушылар мен мұғалімдерден сауалнама алу, сұхбат, әңгіме жүргізу
Деректер жинау арқылы мектептің қазіргі
жай-күйін анықтау
сауалнама парағы, кесте-сызбалар
08.04-11.04.
Жакишева С.В.
Жиынтық кесте
"Жаңа оқыту үдерісі" жайлы мектеп әкімшілігі және мұғалідердің көзқарасын білу.
5
Ата-аналар жиналысында
Ата-аналардан сауалнама алу
Ата-аналардың мектептегі білім беру барысына өзгерістер кіргенін қалайтындығын анықтау
сауалнама парағы, кесте-сызбалар
12.08
Жакишева С.В.
Жиынтық кесте
Ішкі және сыртқы факторлар талданады.
6
Дөңгелек үстел
Сауалнама және алынған сұхбаттар қорытындысы
Мектептің бастапқы ахуалын, жинақталған мектеп туралы деректерді саралап мектептің мәселесін анықтау.
Жиналған деректер
14.04.
Пән бірлестіктерінің жетекшілері, мұғалімдер
Жиынтық кесте
Мектеп мәселесі анықталады
7
Дөңгелек үстел
ӘБ мұғалімдер арасынан бірлесіп жұмыс істейтін адамдарды анықтау
Даму жоспарын құру Орта мерзімді жоспар
құру.
Тәлім алушылар
15.04.
Жакишева С.В.
Қадағалау
Тәлімгерлер анықталып,
таңдалады
8
Коучинг-сессия
№1.
«Мектептегі өзгеріс - көшбасшының қолында»
І деңгей бағдарламасының мақсатымен таныстыру.
І деңгей мұғалімі
16.04.
ІІ деңгей мұғалімі
Кері байланыс
І деңгей бағдарламасының түйінді идеяларымен танысады. Өзгеріс не үшін қажет екенін түсінеді. Көшбасшы туралы түсінік алады.
9
Коучинг-сессия
№2.
«Жаңа тәсілдер арқылы бағалаудың түрлері»
Тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, формативті және суммативті бағалауды түсінеді.
АКТ арқылы таныстырылымМұғ.арналған нұсқаулық,
стикерлер мен постерлер, қосымша мәтіндер
17.04.
Жакишева С.В.
Формативті бағалау
Кері байланыс
Әр мұғалім бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керектігін, қалай бағалай алуын топтық жұмыстарда түсінеді
10
Кәсіби әңгіме
«Топтық жұмыстар арқылы критериалды бағалау мен дискрипті құруды үйрету»
Тәлімгерлер сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы формативті және суммативті бағалауды түсінеді.
Бағдарлама, нұсқаулық АКТ
18.04.
ІІ деңгей мұғалімдері
Формативті бағалау
Кері байланыс
Ментормен кәсіби әңгіме.
Тәлім алушымен сұхбат
11
Коучинг-сессия
№ 3
Интербелсенді тақта арқылы оқыту үшін бағалауды үйрету
Тәлімгерлердің интербелсенді әдістер арқылы оқыту үшін бағалауға түсініктері қалыптасады
АКТ арқылы тірек-сызбалар, таныстырылым түрлі-түсті маркерлер, постерлер, бағдарлама, нұсқаулық
21.04
Жакишева С.В.
Формативті бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Тәлімгерлер оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтайды, формативті бағалауды түсінеді.
12
Кәсіби әңгіме
Жаңа тәсілдер арқылы оқуды бағалауды үйрету
Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы формативті бағалауды үйретеді
Бағдарлама, нұсқаулық,
АКТ
21-24.04
ІІ деңгей мұғалімдері
Кері байланыс
Ментермен кәсіби әңгіме.
Тәлім алушымен сұхбат
13
«Мектепте Lesson Study тәсілін қалай пайдалануға болады?»» коучингіне дайындық
(Тәлімгерлік жұмыс)
Әдістемелік көмек көрсету.
Нұсқаулық
26.04.
ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері
14
Тізбектелген
сабақтарға ОМЖ жазу
7 модульдің ықпалдасуын бақылау
ресурстар
26.04.
ІІІ деңгей мұғалімдері
Оқушыларға жаңа тә-сілдердің білім сапа-сына ықпалы көрінеді
15
Коучинг-сессия №4 «Мектепте Lesson Study тәсілін қалай пайдалануға болады?» өткізу, талдау.
LS тәсілін меңгерту.
Нұсқаулық,
«Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»
ІІ деңгей мұғалімі
Lesson Study өткізу ережесін біледі.
16
Бірінші Lesson Study -ді жоспарлау.
Сабақты өткізуді жетілдіруді қарастыру.
Нұсқаулық,
«Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»
LS өткізетін мұғалімдер
А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықталады.
17
Бірінші Lesson Study-ді өткізу, талдау.
Ағылшын тілі
4 «Ә» сыныбы
Сабақты өткізуді жетілдіру.
Нұсқаулық,
«Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»
LS өткізетін мұғалімдер
А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықт
18
ОМЖ
2-сабаққа
қатысу
7 модульдің ықпалдасуын қадағалау.
ресурстар
ІІІ деңгей мұғалімі
Оқушыларға жаңа тәсілдердің білім сапасына ықпалы көрінеді.
19
Екінші Lesson Study-ді жоспарлау.
Сабақты өткізудегі әдістерді жетілдіру.
Нұсқаулық , «Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»
LS өткізетін мұғалімдер
А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықталады.
20
Сабақ № 1
Сабақтар топтамасы
7 модульді ықпалдастыра отырып бағалау түрлерін ескеру
АКТ
стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер
4-апта
. ІІ деңгей мұғалімдері
Әріптестері-мен кері байланыс
Оқушылардың сабақтарға қызығушылықтары артады
21
Коучинг-сессиясы
№ 3
Топтық жұмыстар арқылы критериалды бағалау мен дискрипті құруды үйрету
Тәлімгерлерге жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, критериалды бағалау мен дискрипті бағалауды түсінеді.
АКТ арқылы таныстырылым
Мұғалімге арналған нұсқаулық,
стикерлер мен постерлер, қосымша мәтіндер
Критериалды бағалау
Кері байланыс
Оқытуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген критерийлерге оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара қатынасын салыстырады да қорытынды жасайды.
22
Ашық сабақ
Сабақтар топтамасы
Оқушылар өздерін бағалай отырып, өз-өзін реттеуді, өз мүмкіндіктерін түсінеді.
Бағдарлама, нұсқаулық
4-5 апталар
Жакишева С.В.
Формативті бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Бағалауды енгізу нәтижесінде оқу сапасы артады.
23
Кәсіби әңгіме
«Критерийлер мен дискриптер құру»
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқу сапасын бағалау арқылы арттыру.
Бағдарлама, нұсқаулық АКТ
стикерлер мен постерлер
17-20.04
ІІ деңгей мұғалімдері
Кері байланыс
Ментормен кәсіби әңгіме.
Тәлім алушымен сұхбат
24
Сабақ № 2
Сабақтар топтамасы
7 модульді ықпалдастыра отырып бағалау түрлерін ескеру
АКТ
стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер
3-4-апта
ІІ деңгей мұғалімдері
Әріптестер-мен кері байланыс
Тәлімгерлер сыни көзбен қарауды үйренеді. Сабақтарын бағалауды ұғынады
25
Коучинг-сессия
№ 4
Жаңа тәсілдер арқылы оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту
Тәлімгерлерге жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өз кезегінде білім алуға көмектеседі.
АКТ арқылы таныстырылымМұғ.арналған нұсқаулық,
стикерлер мен постерлер, қосымша мәтіндер
24.04.
Жакишева С.В.
Критериалды бағалау
Кері байланыс
Тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды түсінеді, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өздері шешуші бағаны қоюын түсінеді.
26
Шеберлік сабақтар
«Сабақ сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі»
-
Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі
Бағдарлама, нұсқаулық АКТ
стикерлер мен постерлер
24-27.04
ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері
Кері байланыс
Оқыту үшін бағалау кезінде тәлімгерлер оқушылардың өзін -өзі дұрыс бағалауға үйренеді
27
Үшінші Lesson Study сабағын жоспарлау.
Сабақты
жетілдіру
LS өткізетін мұғалімдер
Нұсқаулық , «Lesson study» тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»
ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері
Кері байланыс
А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықталады,сабаққа түзетулер енгізіледі.
28
Үшінші Lesson Study
Орыс тілі сабағын
4 «Ә» сыныбында өткізу, талдау.
Сабақты
жетілдіру
LS өткізетін мұғалімдер
Нұсқаулық,
«Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»
ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері
Кері байланыс
А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықталады, сабақты өткізу жетілдіріледі.
29
Оқушылардан, мұғалімдерден, ата-аналардан сауалнама, сұхбат алу
Жаңашылдықты енгізудің тиімділігін анықтау
І деңгей мұғалімі
Нұсқаулық,
Ғаламтор сілтемелері
ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері
Кері байланыс
Өзгерістің нәтижесі, көзқарастары анықталады
30
Шеберлік сабақтар
Сабақтар топтамасы
7 модульді ықпалдастыра отырып бағалау түрлерін ескеру
АКТ
стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер
5-6-апта
Тәлімгер мен тәлім алушылар
Әріптестері-ме кері байланыс
Ментормен кәсіби әңгіме.
Тәлім алушымен сұхбат
31
Мониторинг
Дәлелдер мен деректер жинау
Тапсырмаларды тексеру, мәліметтерді жинау, пысықтау
Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар
5-апта
Тәлімгер мен тәлім алушылар
Диаграммалар мен жиынтық кестелер
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға сараптама жазылады
32
Желілік қоғамдастық
Желілік қоғамдастықты жүзеге асыру
Әріптестермен пікірлесу
Бағдарлама, нұсқаулық Интернет желісі
қыркүйек
Тәлімгер мен тәлім алушылар
Желілік қоғамдастық жүзеге асырылады, жоспар жасалады
33
Бағалау
Деректерді талдау, қорытынды жасау
Табыс критерийлері бойынша қорытынды жасау
Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар
6-апта
Тәлімгер мен тәлім алушылар
Есеп жазу
6-аптаға қорытынды алынады.
34
Мектеп
Дамыту семинарлары
Коучинг пен тәлімгерліктің мақсатын жалғастыру
Бағдарлама, нұсқаулық АКТ
стикерлер мен постерлер
Тоқсан сайын
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Әріптестері-ме кері байланыс
Мектептің мұғалімдері жаңа әдіс-тәсілдер арқылы бағалуды дамыта алады.
35
Апталық
Ашық сабақтар топтамасы
7 модульді ықпалдастыра отырып бағалау түрлерін ескеру
АКТ
стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер
Жыл бойы
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Әріптестері-ме кері байланыс
Ментермен кәсіби әңгіме.
Оқу сапасын арттырады.
36
Қоғамдастық аясында
Телефон байланыстары желілік қоғамдастығын құру
Электрондық хат алмасуды ынталандыру
Электрондық жарнамалық аңдатпаларды тарату
Телефон арқылы алыс жатқа мектептермен желілік қоғамдастық құру
Электрондық почта адрестерін анықтай отырып, хат алмасуды ынталандыру
Электрондық жарнамалық аңдатпалар мен хабарламалар тарату
Бағдарлама, нұсқаулық.
кесте-диаграммалар
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Формативті бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
37
Мектептер арасында
Педагогикалық шеберлік орталық құру
Мұғалімнің мектептеде көшбасшылығын дамыту.
Бағдарлама, нұсқаулық АКТ
стикерлер мен постерлер
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Кері байланыс
38
Мектеп аясында
«Қазақ тілі сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі» тақырыбына коучинг сессия сабақ.
Тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, критериалды бағалау мен дискрипті бағалауды түсінеді.
АКТ,
стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Әріптестері-ме кері байланыс
Ментормен кәсіби әңгіме.
Тәлім алушымен сұхбат
39
Кәсіби қоғамдас-
тық аясында
«Қазақ тілі сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі»
Оn-linе конференция
Оn-lain конференция арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, критериалды бағалау түсінеді.
Бағдарлама, нұсқаулық,
кесте-диаграммалар
мамыр
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Кері байланыс
Тәлімгерлер сыни көзбен қарауды үйренеді. Сабақтарын бағалауды ұғынады
40
сабақтар
«Математика пәнінің сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі»
Тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, критериалды бағалау мен дискрипті бағалауды түсінеді.
Бағдарлама, нұсқаулық АКТ
стикерлер мен постерлер
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Формативті бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды түсінеді, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өздері шешуші бағаны қоюын түсінеді.
41
мектеп-лицейі
«Жаңа тәсілдер арқылы оқуды бағалау» ашық сабақ топтамалары
Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы формативті бағалауды үйретеді
АКТ
стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Кері байланыс
Оқыту үшін бағалау кезінде тәлімгерлер оқушылардың өзін -өзі дұрыс бағалауға үйренеді
42
Кәсіби
қоғамдық мектептер арасында
«Халықаралық әлеуметтік инновациялар жәрмеңкесі»
жиынақтама жасау
Мұғалімдердің жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдірудегі бағытталған көптеген іс-әрекеттерді жинақтап, іске асыру және оның мониторингін жүргізіп, жәрмеңкеге дайындау
Бағдарлама, нұсқаулық,
кесте-диаграммалар
сәуір
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Әріптестері-ме кері байланыс
Ментормен кәсіби әңгіме.
Тәлім алушымен сұхбат
43
Қоғамдастық-тар арасында
Топтық жұмыстар арқылы критериалды бағалау құруды үйрету
Тәлімгерлерге жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, критериалды бағалау мен дискрипті бағалауды түсінеді.
Бағдарлама, нұсқаулық АКТ
стикерлер мен постерлер
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Кері байланыс
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға сараптама жазылады
44
Мектеп-лицей
«Жаңа тәсілдер арқылы бағалаудың түрлері» шебер сабақ
Мұғалімдер жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өз кезегінде білім алуға көмектеседі.
АКТ
стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Кері байланыс
Желілік қоғамдастық жүзеге асырылады, жоспар жасалады
45
Мектеп-лицей
«Жаңа тәсілдер арқылы оқуды бағалау» ашық сабақтар топтамалары
Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы формативті бағалауды үйретеді
Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Әріптестері-ме кері байланыс
46
Мектептер арасында
Педагогикалық шеберлік орталық есебі
Мұғалімнің мектептеде көшбасшылығын дамыту.
АКТ
стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Есеп жазу
47
Мектеп аясында
Көшбасшылық басқаруды мектеп аралық алмасу,
Мұғалім көшбасшылығын дамыту жұмысы
Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Әріптестері-ме кері байланыс
48
Мектептер арасында
«Қаладағы желілік қоғамдастықтың рөлі» ғылыми әдістемелік кәсіби әңгіме
Педагогика ғылыми әдістемелік халықаралық желіліктерге қатысу
Бағдарлама, нұсқаулық АКТ
стикерлер мен постерлер
Тәлімгелер мен тәлім алушылар
Әріптестері-ме кері байланыс
49
Мониторинг
Дәлелдер мен деректер жинау
Тапсырмаларды тексеру, мәліметтерді жинау, пысықтау
Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар
5-апта
Тәлімгер мен тәлім алушылар
Диаграммалар мен жиынтық кестелер
50
Дөңгелек үстел
"Оқыту мен тәрбие үдерісіне негізілген өзгерістер нәтижесі"
Тапсырмалардың, мәліметтердің
қорытындысы
Бағдарлама, нұсқаулық,
кесте-диаграммалар
6-апта
Тәлімгер мен тәлім алушылар,
мектеп ұжымы
Диаграммалар мен жиынтық кестелер
8