шЕБЕР ҚОЛДАР үйірме сабағы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ертегі желісімен кейіпкерлерді мүсіндеу

Сабақтың мақсаты:

1.Тақырып бойынша түсінік беру

2.Оқушының ой-өрісін,қиялын дамыту,шығармашылығын шыңдау,ізденуге бағыт беру.

3.Оқушының жауапкершілік,тиянақтылық қасиеттерін нығайту,адалдыққа, шындыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі кейіпкерлерінің суреттері,қима үлестірмелер,жұмбақ,мақалдар жинағы,ертегі қойылымдары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуы,оқу құралдарының түгелділігін тексеру

ІІ.Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

Сыныпты топқа бөлу

І-топ: Биік болсын санамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер,білім көп оқып

Біздер өсіп толамыз.

ІІ-топ: Қайырлы күн достарым

Ашық аспан болсын.

Біздің алар бағамыз

Күнде бестік болсын.

ІІІ-топ: Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІІ.Кіріспе бөлім.

а) Оқушыларға бірнеше сауалдар қою

-Сендер мектеп қабырғасында жүріп,үйде,өз беттеріңше ізденіп қандай ертегілермен таныстыңдар,яғни қандай ертегі білесіңдер?

-Ертегі дегеніміз не?

-Ертегі кейіпкерлері кімдер бола алады?

ә) Оқушылар өздерінің дайындаған ертегілерінен үзінділер көрсетеді.

Әр топтың ертегісін көріп тамашалау.

3а сыныбы «Қарға мен түлкі»

3б сыныбы «Егінші мен қасқыр»

3в сыныбы « Жиренше мен тазша бала»

IV.Негізгі бөлім

а) 1-тапсырма: .Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар жасыру

1. Күндіз соқыр не деген?

Түнде қалай көреген? (үкі)

2. Секіреді, бала емес,

Сақалы бар,шал емес. (серке)

3. Сұрғылт тартқан түсі бар

Ақсиған көп тісі бар

Қыстау маңын ториды

Ауылдың өш бар иті. (қасқыр)

4. Құжынаған жұмыскер

Бірлескенде тым іскер. (құмырсқа)

5. Өзі ширақ,өзі қу

Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)

6. Аппақ қардай тоны бар,

Күжірейген жануар. (қоян)

ә) 2-тапсырма: «Жапсырмалау»

Әр топ жұмыс түрін таңдап алады,тиісті ертегі кейіпкерінің бейнесін қиып,жапсырмалайды.

(қоян,қасқыр,түлкі)

б) «Жалғасын тап.» ойыны . Ертегі кейіпкерлері туралы мақалдар айту.

1.Жапалаққа күннен (түн жарық.)

2.Қоян өз көлеңкесінен (өзі қорқады)

3.Мысыққа ойын керек, (тышқанға өлім керек)

4.Ерді намыс өлтіреді, (қоянды қамыс өлтіреді)

5.Аюға намаз үйреткен (таяқ)

6.Мал өсірсең, қой өсір, (пайдасы оның көл көсір)

7.Қоянның терісі де (бір жылға шыдайды)

в) 3-тапсырма: «Кім шебер?» 1,2,3 сандары бойынша оқушылар жұмыс түрін таңдайды.Ұяның белгісіз иесін атайды. (қарлығаш,өрмекші,құмырсқа) мүсіндеп ұяға орналастырады.

V.Қорытынды бөлім.

Бүгінгі атқарылған жұмыстарға қорытынды ой-пікірлер айтады.

1 шумақ өлең жолын құрайды.

Үйірменің қызығына тоймаймыз,

Қызу жұмыс жасап біз де қоймаймыз.

Он саусақтан өнер тамған шебер боп,

Биік шыңға шығуды біз ойлаймыз.

Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ертегі желісі бойынша мүсіндеу


(Үйірме сабағы.Топтық жұмыс)









Бастауыш сынып мұғалімі:

Карижанова Р.А






2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022