Дүниетану пәніне арналған сабақ жоспары Нан-тамақтың атасы 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Нан - тамақтың атасы.Сыйға-сый. Мақсаты: Білімділік: Еңбекпен келген нан - қасиетті тағам екенін түсіндіру нанның дастарханға қалай келетінін үйрету. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін ,ой-өрісін, дүниетанымын дамыту. Тәрбиелік: Нанды қадірлеуге, сыйлауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа білім беру. Сабақ түрі: Аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу. Көрнекілігі:суреттер, сөзжұмбақ, кестелер. Күтілетін болжам: Оқушылар тұқымның нанға айналу жүйелігін жазып, түсіндіре алады. Оқушылар адам үшін нанның мәнін түсіндіреді және бағасын береді. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Адам өміріне ең қажетті жағдай. Сұрақтарға жауап алу.Түсінгендерін сұрау. Сабақты бекіту: Адам жылуды қайдан алады? Адам өміріне ең қажетті жағдайлар Мақсат қою: Еңбекпен келген нан - қасиетті тағам. Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру: Өзі қызыл, Бауырында бар, Жалғыз сызық. Бұған жұрттың Бәрі де ынтық. (Бидай)
Ел көреді, Теңіз емес- Тербеледі. (Егін)
Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар. (Бидай) а/ дастарханға нан қалай келетіні туралы айтып, түсіндіру. ә/ тақырыпты оқып, түсіндіру. Оқулықпен жұмыс: б/ іштей оқу - тізбектей оқу -жеке-жеке оқу Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар! Жерде жатса баспаңдар! Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар! Кестемен жұмыс: Топпен жұмыс: Мұғалім оқушыларға нанды өндіру үшін қандай жұмыс тәртіптері орындалатынын бірге құруды ұсынады. Сабақты бекіту: «Бауырсақ» сөзжұмбағын шешу. Сабақты қорыту: Сүт, айран, май отбасы дастарханына қалай келеді? Тыйым сөздер айту. Үйге тапсырма -8-9 бет оқу . Оқушыларды бағалау:
© 2010-2022