Сыныптан тыс жұмыс Зерде

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Зерде» интеллектуалды ойыны
1. Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны
2. Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:
Оқушылардың алған білімдерін сынып ішіндегі оқушылар арасында сарапқа салу; логикалық ойлау машығын қалыптастыру.
3. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:
Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұппен жұмыс, өзіндік жұмыс түрлері.
4. Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):
Білу: Әдебиеттік оқу пәнінен «Ата - бабам тарихы - менің тарихым» бөлімін біледі (барлығы);
Түсіну: Қазақ тілі пәнінен дыбыс және оның түрлері, түбір сөз, қосымшаның түрлері бойынша сөйлем, сөйлем мүшелері,(бастауыш пен баяндауыш) туралы алған білімдерін түсіндіреді (барлығы);
Қолдану: Дүниетану пәні бойынша тест жұмысын орындайды, постерде өсімдік мүшелерінің атауы мен қызметін жазып қорғайды. Алған білімдері сараланады.
Талдау: Математика пәнінен «Қарша борату» жауап беру арқылы өлшем бірліктеріне талдау жасайды
Жинақтау: Логикалық есептерге жауап беру арқылы өз ойларын жинақтайды білімдерін өмір бойына жинақтап, кез - келген жерде пайдалана алу керектігіне баға береді;
5. Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех. құрылғылар тізімі): проектор, белсенді тақта, қима - үлестірмелер, А4, маркерлер, шарлар, жалаушалар.

Сайыстың барысы: ұйымдастыру:
Сабақтың кезеңдері Жұмыстың мазмұны
Мұғалім іс - әрекеті
Мотивациялық кезең:
1. Амандасу.
Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен,
Білімді болсаң жығарсың - дей отырып «Зерде»интеллектуалды ойынын бастаймыз.

2. Бағалау сарапшыларымен таныстыру.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына

3. Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше ортаға жас таланттарды шақырайық.

4. Сайыс барысымен таныстыру
Ойында жеңіске жету үшін не істейсіңдер?
1. «Білгірлер»тобы
Ұрандары:
Білгірлер:
Мақтанбаймыз білгірміз деп,
Таудай бірақ талабымыз.
Білгір бала атанып,
Келешекте өскенде үлкен ғалым боламыз.

2 «Алғырлар»
Ұрандары:
Алғырлар алға,
Шаршама талма
Біліммен сайыста,
Қатардан қалма.
-- Жарайсыңдар!
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1.. Пәндік тапсырмалар
2. Ғажайып үштік
3. Жорға
4. Жұмбақ жасыру
5. Қорытынды

Сәлемдесу. Сайыстың барысын түсіндіру
Сарапшылар сайлап, бағалау түрін, шарттарын түсіндіру, бағалау парағын тарату Мұғалімді мұқият тыңдап, өзін - өзі бағалау парағын толтырады
Топ басшысын сайлайды.
1. Әдебиеттік оқу пәні
1."Ширату"
1. «Халық қорғаны»әңгімесіндегі басты кейіпкер кім?
2. "Сенің мамаңның әкесі саған кім болады?
3. «Алмас қылышты ардагер»атанған батырды ата?
4. Батыр Бауыржан әңгімесінде Бауыржан қандай мақалдарды қолданды?
5 «Интернат қоймасы»әңгімесін жазған жазушы кім?
6. Әлия Молдағұлова кім? Ол туралы қай әңгімеден оқыдыңдар?
7. Түріктің балуаны Нұрлыны жеңген балуанды ата?
8. Рейхстагқа ту тіккен жауынгер кім еді?
9 «Ол ақын болар ма еді?» әңгімесіндегі Қайраттың жазған өлеңін айтып бар.
10. Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
Әр оқушының жауабын сигналдық белгімен бағалайды.
Жасыл - дұрыс Сары - дұрыс емес

© 2010-2022