Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану

4 сынып

Сабақтың тақырыбы:Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың түрі:жаңа ұғым беру.

Мақсаты: 1.Оқушылардың таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы білімдерін қалыптастыру,таныстыру.

2.Оқушылардың білімге деген белсенділігін арттыру,мәтінмен жұмыс істеуге,жорамал жасауға үйрету.

3.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту,табиғатты қорғауға тірнбиелеу.

Жұмыс түрі:топпен жұмыс,оқулықпен және дәптермен жұмыс.

Қажетті ресурстар:оқулық,дәптер,бейнефильм, слайдтар,кеспе суреттер,стикер,флипчарт, маркер.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Психологиялық жағдай туғызуБір-бірімен күлімдеп амандасу. Армысың, Ару Күн!

Армысың,Жер ана!

Армысың, ұстазым!

Армысың, достарым!

1.Топқа бөлу.Топ ережесін құру.

ІІ.Жаңа сабақ. 1.Қазақстан табиғаты туралы бейне фильм көру.Әңгімелесу.

- Бейнефильм не туралы?

- Қазақстанда қандай таулар бар? т.б.

Яғни, біз сендермен таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы әңгімелесеміз.Топпен жұмыс істейміз.Тақтадағы табыс критерийіне назар аударыңдар:

2.Табыс критерийі:

1.Таулы жер өсімдіктері мен жануарларының алуан түрлілігі;

2.Тау етегінен құзды шыңға дейін өсімдіктер қандай ретпен орналасады.

3.Тау ормандары мен шалғындарының шаруашылық үшін маңызы;

4.Тау жанарлары (өздерің көрген)туралы әңгімеле.

Топпен жұмыс.Әр топ оқулықтытағы мәтінді және қосымша материалды оқып, талдайды, өзара пікір алмасады,білгендерін бір-біріне айтады.

3.Топ тапсырмалары:

І-ші топ Таулы жер өсімдіктері.

ІІ-ші топ Таулы жер жануарлары.

4. Әр топ мәтінді оқып отырып алдарындағы сызбаны толтырады,ойларын флипчартқа жазады, сурет салады,постер қорғайды.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

5. Ойын «Тауып көр!»Оқушылар тақтаға шығып түрлі жануарлар немесе өсімдіктер туралы қимылмен көрсетеді, ал қалғандары қандай жануар(өсімдік) екенін табу керек.

ІІІ.Сабақты қорыту.

Рефлексия:

1.Сабақта алдымызға қойған табыс критерийіне жеттік пе?

2.Қай тапсырма сендерге ұнады?Неліктен?

3.Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңдар?

4.Болашақта оларды қалай өзгертуге болады?

Алдарындағы стикерлерге жазады.

Маған сабақта... ұнады.

Маған сабақта .... қызықты болды.

Маған сабақта .... ұнамады.

ІҮ.Үйге тапсырма: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.


© 2010-2022