Тәрбие сағаты: Сүйікті біздің Елбасы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты:Сүйікті біздің Елбасы

Тәрбие сағаты:Сүйікті біздің Елбасы



Тақырыбы: Сүйікті біздің -Елбасы.

Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері,

I. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық әзірлік.

Жүргізуші:- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

II. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне орай өткізіп отырған «Сүйікті біздің-Елбасы» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер.

.Слайдтар бойынша түсіндіру.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.

Балалық шағы1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

1.Аяжан.. Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп ,уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2. Артур. .Асқар тауда -сенікі

Бақша-бауда сенікі.

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жауда сенікі.

Бәрі: Өзіңдікі -туың да,

От пен ауа -суың да,

Жаса,Қазақстан!

Белді бекем буын да.

3.Қарақат..Тұратұғын болашақтың үні кеп,

Тартылар күй айтылатын жыры көп.

Ерекше бір еркіндік ,бауырла

Басшымыздың бүгін күні деп.

4.. Назерке А.. Әнге толсын барлық қала ауыл бар,

Қағылсын бір барабандар,дабылдар.

Елбасының күнін ардақтау

Бәріміздің борышымыз бауырлар.

5.Диана. Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп.

«Елім,жерім»деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады -ау кісілік!

6.Бексұлтан. Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

7. Әли Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші,ағайындар -бәріміз.

«Ұлтым,елім»деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де,әніміз.

8. Аяулым.. Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім,елбасы , аман болғай,

Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!

9.Ерхат. Ұланымын елімні Боламын жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын, Көтеремін жоғары.

10 Сабрина.. Елбасы Нұрсұлтан,

Қазақтың бір тума ұлысың.

Бақытқа бастап халқыңды,

Сыпайы сақтап салтыңды.

Қазақтың ұлы Нұрсұлтан,

Жаһанға жайдың даңқыңды.

11.Назерке К.Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

Елбасы- Назарбаев егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

12. Наргиза. Елбасы-төбеңдегі бақ жұлдызың,

Қаратты өз аузына жердің жүзін.

Сұңғыла саясатпен сара тіліп ,

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

13.Жанер.Секілді заңғардағы тау барысы,

Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы!

Адамның бұл өмірде арманы жоқ,

Халқының бола білсе қорғанышы!

14.Ерік . Көрмесек игі істі болар ғайып,

Келещек мұнымызға тағар айып.

Авторы «Қазақстан» атты елдің,

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!

.

15.Ельсияр. Тарихты бұрмалаған болар айып,

Шындықты әділдіктен бағамдайық.

Айтайық Үш Анықты біздер енді,

Қазақстан-Астана - Назарбаев!

16.Дильназ. Алып дала туған дана ұл екен,

Арманы асқақ, мақсаты ұлы екен.

Қала салған, егін еккен, мал баққан,

Дәулетті елдің нар тұлғасы - Нұрекең!

Менің Отаным -ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы. 1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды. 1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған. Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым -қатынас жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет.

Слайд. Астанаға саяхат Астана-Отанымыздың жүрегі. Астананың көркем жерлері туралы айту.. Болашағы кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала-Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз. БАРША ӘЛЕМ НАЗАР САЛҒАН ЖАС ҚАЛА.

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған.

МұғалімЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.



© 2010-2022