Қосындыны санға көбейту (3сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әбілбашарова Әзиза

Қызылорда облысы

Жаңақорған кенті

№51.М.Қаратаев атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту

(Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

Мақсаты:

Білімдік: Қосындыны санға көбейту тәсілдерін үйрету, оқушылардың

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Математикалық тілін дамыту, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге,

Қиялын дамытуға әсер етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, суреттер, тапсырма жазылған слайдтар.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, жаттығу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Психологиялық дайындық.

2. Өткен сабақтарды пысықтау.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда қызықты саяхатқа шығамыз. Төмендегі тапсырмаларды орындау барысында қайда баратынымызды анықтаймыз.

4*5 А 8*2 л 9*3 м 7*4 а 5*9 т 6*6 ы

63: 9 А 49:7 з 30:5 и 40:8 а 72: 9 д 27:3 а

3. Жаңа сабақ.

-Азияда дегеніміз не? Ол қай кезде болады ? Неше елден спортшылар келеді? Қанша медаль үшін тартыс болады? Қандай ойын түрлері болады?

1. Шаңғышылар.

2. Мәнерлеп сырғанаушылар.

3. Конькишілер.

4. Биатлоншылар.

-Балалар, ендеше Алматыға бару үшін пойызға отырамыз. /Интерактивті тақтадан пойыз суретін көрсету, дыбысын таспадан естірту/ Қосындыны санға көбейту (3сынып)

№1. тапсырманы орындасақ Алматыға жетеміз.

  • Балалар, тақтада қандай фигура берілген ? /Тік төртбұрыш/

-Тік төртбұрыштың қандай қасиетін білеміз? / Қарама-қарсы қабырғалары тең/

-Неге тік төртбұрыш дейміз? /Себебі оның бұрыштары тік/

А 3см В 6см С



М К Е

Тік төртбұрыштың ауданы қалай табылғанын түсіндірейік.

1 тәсіл: 3*2 + 6*2

2 тәсіл: (3+6)*2

Қосындыны санға көбейту үшін,әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосу керек.

Ал, балалар, Алматыға да келдік . /интерактивті тақтадан Алматы вокзалының суретін көрсету/ Қосындыны санға көбейту (3сынып)

Машинаға отырып Орталық стадионға барайық. Өз құрама командамызға медаль жинауға көмектесеміз.

/интерактивті тақтадан машина суретін көрсету, дыбысын естірту/ Қосындыны санға көбейту (3сынып)№2 тапсырманы орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.

Қосындыны санға көбейту (3сынып)Қосудың үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу:

(3+2)*5 (6+7)*3 (9+5)*4

(3+6)*3 (4+2)*6 (5+8)*7

  1. Конькишілер жарысына қатысып медаль жинайық. Қосындыны санға көбейту (3сынып)

Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындаймыз.

Өрнектерді құрып, олардың мәндерін табу.

  1. 3 және 4 сандарының қосындысын 5-ке көбейт.

  2. 6 және 2 сандарының қосындысын 7 есе арттыр.

  3. 5 және 6 сандарының қосындысын 3-ке көбейт.

  4. 4 және 5 сандарының көбейтіндісін 6-ға арттыр.

-Балалар, алғашқы медальдарымызды жинадық.

-Енді , мәнерлеп сырғанаушылар жарысына қатысайық. Қосындыны санға көбейту (3сынып)

Ол үшін №4 тапсырманы ауызша орындаймыз.

Кестені толтыр:

а

2

3

4

5

6

(3+2)*а






Қоржынымызға тағы да медальдарымызды салдық.

-Балалар, енді шаңғышылар жарысына қатысайық. Қосындыны санға көбейту (3сынып) Қосындыны санға көбейту (3сынып)

№5 тапсырманы ауызша орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.

Амалдарды орында:

10*5 300*2 900:3-250

20*3 200*4 150:5+70

40*2 500*2 420-400:2

Кім дұрыс орындаса медальға ие болады.

Жарысты ұйымдастырушылар жарысқа қатысушыларға арнап ұрандар ілген екен, соның кейбір сөздері желмен түсіп қалыпты.

Соны табайық. «Шынықсаң - ... боласың.»

Ол үшін №6 тапсырманы ауызша орындаймыз.

Өрнекте:

1) сантиметрмен: 3м 2см; 8м 12см; 5м 3дм 1см;

2) метр және дециметрмен: 850см; 900см; 340см;

-Балалар , әр адам өз денсаулығына көңіл бөлу керек. Дене шынықтыру жаттығуларынан басқа дұрыс тамақтанудың да орны ерекше. Біздің спортшыларымыз да, өзіміз де күш жинап алу үшін №7 тапсырманы орындаймыз.

Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығар:

  1. Күн сайын отбасы таңертеңгі аста 12 түйір қант және кешкі аста 8 түйір қант жейді. 2 күнде отбасы неше түйір қант жейді? Қосындыны санға көбейту (3сынып)

Енді, балалар, биатлоншылар жарысына қатысамыз. Қосындыны санға көбейту (3сынып) Ол үшін №7 тапсырманың 2-сін орындаймыз.

  1. Килограмы 60тг тұратын 6кг сәбіз және осы бағамен 4 кг пияз сатып алынды. Сатып алынған барлық көкөніс қанша тұрады?

-Енді , жарысымыздың қорытындысын шығару үшін олимпиада ауылына қайтып, қанша медаль алғанымызды есептейік.


Алтын

Қосындыны санға көбейту (3сынып)


Күміс

Қосындыны санға көбейту (3сынып)


Қола

Қосындыны санға көбейту (3сынып)


Конькишілер




Мәнерлеп сырғанаушылар




Шаңғышылар




Биатлоншылар




Барлығы:




Аулымызға оралайық. Ол үшін ұшаққа отырайық.

/Интерактивті тақтадан ұшақ суретін көрсету, дыбысын естірту/ Қосындыны санға көбейту (3сынып)

№9 тапсырманы ауызша орындасақ сыныбымызға келеміз.

Бақша тік төртбұрыш пішінді. Оның ұзындығы 30м, ені 20м. Алаңның оннан бір бөлігіне гүл егілген. Неше квадрат метр жерге гүл егілген? ( Есеп үш амалмен шығатындай етіп, сұрақ қой.)


  1. Сабақты бекіту.

Қосындыны санға қалай көбейтеміз?

(9+8)*4

6. Оқушыларды бағалау.

7. Үйге тапсырма:

№8, №10


© 2010-2022