Жылдың төрт мезгілі ашық сабақ әзірлемесі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ертегілер еліне саяхат жасай отырып, жыл мезгілдері туралы түсінік беру. Өтілдген материалдар бойынша жаңа сөздерді толық пайдалануды үйрету. Дамытушылық: жыл мезгілдері туралы алған білімдерін дамыту. Тәрбиелік: ойлау, сөйлеу қбілетін арттыру, сөздік қорын молайту, тілге деген қызығушылықт арттыру. Сабақтың түрі: ертегі, аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: сағат; сабақ ертегі желісімен безендірілген жұмбақ ағаш; Алпамыс пен әпкесі,қуыршықтар, күз ханшайым, аяз және лабиринт. Сабақтың барысы: I.Ұиымдастыру кезеңі: Амандасу. Ауызекі сөйлеу II.Үй тапсырмасын талқылау. ПI. Жаңа сабақты түсіндіру. - Баллар, жыл мезгілдерін кім атап жібереді?

Қыс, көктем, жаз, күз. 3.1. 1- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. 3.2. - Балалр, қазір мен сендерге жыл мезгілдерінің ауысы туралы мынандай оқиға оқимын. Ормандағы кішкентай үйде әпкесі мен інісі өмір сүріпті. Ал үйдің қабырғасында біздің сағатқа ұқсамайтын ерекше сағат ілулі тұрыпты (циферблатқа сандардың орнына "жаз, күз, қыс, көктем" сөздер жазылған). (Сол сағат балаларға көрсетіледі). Оның 1 ғана тілі бар екен. Бірде сол тілі көктемге келгенде әпкесі інісіне: - Алпамыс, тұр, көктем келді,- дейді. -Тұрғым келмейді,- дейді інісі. -Тұр,тұршы көктем келді деймін, деп әпкесі інісін жұлқылай бастады. Ал інісі оған: Тұрғым келмейді- деп керіліп қалғанда, қолға сағатқа тиіп, сағат жерге түсіп, сынып қалады. Сол сәтте бөлмеде, біресе күз, біресе қыс, біресе жаз, біресе көктем ауыса бастайды. Ал орманда біресе қар жауады, біресе найзағай жарқылдап, күн күркіреп, жаңбыр жауды. -Бұған кінәлі мына сағат, -деп інісі сағаты алып, терезеден лақтырып жібереді, әпкесі сағатты мүлде сынып қалды деп ойлап:- Енді мәңге қыс болады, сағатты тезірек тауып, жөндеу керек,- деді. -Балалар, егер жер бетінде үнемі қыс болса, не болар еді? (қар жауады, мұз қатады, аяз болады, т.б.) Сондықтан қорқып кеткен Алпамыс: - сағатты тебу керек!- деді. Ал сағат болса "көктемде"- көктемге, "жазда"-жазға, "қыста"-қысқа, "күзде"- күзге домалап кетті. Алпамыс жүріп жазды жолықты. - Жаз еліне күру үшін, біз мынандай жұмбақты шешеуміз керек, қалай, балалар, Алпамысқа көмектесеміз бе? -Иә -Жұмбақтарды оқиық: "Қорада жаздай тұрады, Далаға қыста шығады." Үлбіреген сәні бар, Қылдан нәзік жаны бар. Алқызыл домалақ алма, Тұп-тура қараған бар ма? - Шешуін тауып, Алпамыс әрі қарай жүреді. Көп пе әлде аз ба, жүріп келе жатып, ол өсіп тұрған ағашты көрді. Алпамыс ағаштан бір жапырақ жұлып алады, ал жапырақта мындай тапсырма жазылған. - Ал балалар,тағы бір рет Алпамысқа көмектесеміз бе? Тапсырма: сұраулық шылауларды толықтырып айт. Ø көл (ма? ме?) Ø дала (ма? ме?) Ø жұлдыз (ба? бе?) Ø өзен (ба? бе?) Ø табиғат (па? пе?) Ø көп (па? пе?) Ø күз (ба? бе?) Ø жаз (ба? бе?) -Тапсырманы орындай отырып, балалар ағаштың ең басына шығып, ондғы сағаттың сынығын алып жерге түседі. Жаздан қуанышты қайтқан балалар күзге жақындайды. Күзге келу үшін балалар күз туралы өлең оқуы керек. (Балалар күз туралы өлең оқиды). Күз елінде "Күз патшасы" билеген Ханшайым өз елі туралы білім сайысын ұйымдастырып отыр екен. -Кәнеки, біз де Алпамысқа көмектесеміз. -Сөзжұмбақты шешейік: v Күзде не жауады? (жаңбыр) v Күзде ағаштардан сусып жерге түседі?(жапырақ) v Қысы -жазы жасыл ағаш? (шырша) v Күз айлары: (қыркүйек, қазан,қараша) Күз Ханшайым бізге риза болды да, Алпамысқа сағаттың сынығын берді. Ал Алпамыс қайтадан жолға шықты. Ол қатты тоңды. -Қалай ойласыңдар, алпамыс қай жыл мезгіліне келіп жетті? -Қыс. -Дұрыс. Алпамысты Аяз қарсы алады. -Қайда бара жатырсың?- деп сұрады ол. Алпамыс жжағдайды айтты. - Иә, сағаттың бір сынығы менде, жазбаша тапсырманы орындау керек. Жазбаша тапсырманы орындау кейін, көктемді қалай табуға болатынын қыстан сұрады. Қыс болмаса:-Мына сұрақтарына жауап беріңдер, көктемді табасыңдар. Сұрақтар: 1. Көктемде қандай құстар ұшып келеді? 2. Көктемде алғаш қандай гүлдер шығады? 3. Көктемде қандай мейрамдар болады? Сұраққа жауап беру соңында балалар соңғы сағат сынығын тауып, беріктіреді де қабырғаға қыстырады. -Балалар, міне осылай күзді-қыс, қысты- көктем, көктемді- жаз алмастырып тұрады. Бұл- биологиялық сағат. -Сабақта бәріміз де Алпамысқа көмектестік. (бағалау) -Сабақ сендерге ұнады ма? IV. Үйге тапсырма беру: қайталау


© 2010-2022