Дарындылыққа қалыптастыру - бастауыш сыныптан басталады

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Дарындылыққа қалыптастыру - бастауыш сыныптан басталады

№ 119 мектеп - лицей директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Райымқұлова Ақтолқын Қырғызбайқызы
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу жұмысы тиімді болып табылады. Балалардың дарындылығын дамытудың басты құралы - ең алдымен зерттеушілік ізденіс, білуге деген құштарлық, бақылауға, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық болып табылады. Дарынды баланың бойынан табылатын қасиеттердің, білімге құштарлықтың кілті-білімде. Баланы ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысын меңгерту - мұғалімнің міндеті. Мұғалім дарынды балалармен жұмыс істеу арқылы олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, біліп отыруы қажет. Зерттеушілік, ізденушілік, шығармашылық қасиеттер балаға тән құбылыс. Мұндай белсенділік баланың жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпалы зор. Дарынды балалардың білімдерін тереңдету мақсатында бастауыш сыныптар арасында "Ғылыми жоба сайысы" өткізілді. Сайысқа 3,4-сыныптар бойынша дарынды оқушыларға ғылыми жоба сайысының ережесі бойынша тапсырмалар берілді. Оқушыларға ғылыми жетекшілері / сынып жетекшілері / бағыт-бағдар бере отырып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу барысында сайысқа қатысушы оқушы өзінің ғылыми жоба жұмысын талапқа сай өз тақырыптары бойынша қорғады. Қорғау барысында зерттеу күнделігін, жеке оқушы портфолиосын, слайдтар, баяндама көрнекіліктері дайындалды. Әр оқушының ғылыми жоба жұмысын қорғау көрнекіліктерді пайдалану арқылы баяндалды. Оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын жүйелі және өз ойлары мен пікірлерін нақты дәлелдер арқылы жеткізді. Сайысқа барлығы 17 оқушы қатысты. Ғылыми жоба жұмысын өткізу арқылы оқушылар бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Өз жобаларын талапқа сай қоғаған оқушыларға жүлделі орындар белгіленіп, арнайы номинациялар арқылы марапатталды. "Бұлақ көрсең , көзін аш" дегендей, ғылыми жоба жұмысы шығармашыл оқушылыарды дамытудың бірден-бір жолы.

Алматы қаласы.

© 2010-2022