Көрнекі сабақ Іі әрпі мен дыбысы мектепалды

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу сабағы: І дыбысы және әрпі

Сабақтың тақырыбы: І дыбысы және әрпі Сабақтың мақсаты: Іі дыбысы және әрпінің баспа жазба түрімен таныстыру. Білімділік: Іі дыбысының айтылуын және жазылуын меңгерту. Іі дыбысын сөз ішінен ажырата білу, жуан, жіңішке сөздерді, сөйлемдерді буындап оқуға үйрету. Дамытушылық: Іі дыбысы әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, танымдық, практикалық. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп таңбасы, буындар. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Шаттық шеңберіне тұрып, әр елдің амандасуы көрсетіліп, қайталанады. Жақсы тілектер айтады. Ойын арқылы екі топқа бөлінеді. 2.Өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден айтқызу. 3.Ата, кесе, жан, баға, т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу. ІІ.Негізгі бөлім. Оқушыларға жұмбақ жасырамын. Жалғыз таяқ боп тұр. Төбесінде доп тұр. Бұл не? «Бұл- І дыбысы»,-деп әріп таңбасын көрсету. Айтылу артикуляциясына назар аудару. -І дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма? -Дұрыс. Айтылуына қарай қандай дыбыс дейміз. -І жіңішке дауысты дыбыс екен. Сергіту сәті. Бір, екі үш ! Бойға жинап күш! 3.Сурет бойынша жұмыс жүргіземін.Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттерін іліп, сөйлем құрастырамыз. Осы суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жасатамын.Хормен оқытамын . 4. Тіл ұстарту жаттығуы. Іс-іс-іс. Піс қазаным піс. Оқулық дәптермен дұмыс. Ішік, көгершін ешкі сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы і дыбысының орнын ажыратқызамын. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытамын. Барлығы хормен қайталап оқиды. 5. Жазу жұмысы. І әрпінің баспа түрін ауада және дәптерге жазу. 6. Тіл ұстарту. Кі-кі-кі- бұландайды түлкі. Түлкі туралы білетін ертегілерін еске түсіреміз. 7. «Әріп тастамақ » ойыны. Топпен жұмыс жүргіземіз. Топтағы балаларға бір сөз шығатын әріптер үлестіріледі. Алдымен қолдарындағы әріпке сөз ойлап айтады, содан кейін топпен жұмыла сөз құрастырады. ІІІ. Жаңа сабақты қорытындылаймыз. - Бүгінгі өтілген І дыбысына мысалдар ойлап айтамыз. - Қандай дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба? - Бас әрпін, кіші әрпін ауаға жазып көрсетеміз. Сабақ соңында бағалаймыз.

















© 2010-2022