Әдебиеттік оқу Дарабоз тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 38

Күні: 16.11.2015

Сабақтың тақырыбы: Қабанбай

Сабақтың мақсаттары: 1). Білімділік: Оқушыларға халқымыздың өнегелі батыр ұлы адамдары туралы түсінік беру. Қабанбай батырмен таныстыру.

2). Дамытушылық: Оқушыларды мәтінді түсініп оқи білуге, талдауға үйретіп, ой-өрістерін кеңейту.

3). Тәрбиелік: Ұлттық сезімдерін ояту, елі, жері үшін еңбек ете білуге, өнегелі болуға тәрбиелеу.

4). Коррекциялық мақсат: Қатесіз оқып үйрету, тілдік қорын жетілдіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, мазмұндау, талдау.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы адамдардың суреттері, үлестірмелі кеспелер, түсіндірме сөздік, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг сабақтың негізгі мақсаты - сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды ашық айтуға дағдыландыру. Сабақты бастамас бұрын мына тақтада ілінген суреттерді атай отырып, топтарға бөлінеміз.

1. "Білгенге маржан, білмеске арзан". Халқымыздың өнегелі батыр адамдарын айтамыз.

1) Мына суреттегі кімдер? - Абылайхан, Бауыржан Момышұлы. Бұлар-батырлар.

Ендеше, екі топқа бөлінеміз, 1-топты «Абылайхан», 2-топты «Бауыржан» деп атаймыз.

Қане, қай топ батырлық, батылдық, ерлік туралы мақал-мәтелді көп біледі?

Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі.

Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Нартәуекел - ер ісі.

Ер есімі ел есінде.

Ел үмітін ер ақтар.

2. «Өнегелі өмір». Абылайханның, Бауыржан Момышұлының өмірі, ерліктері жайлы айтады. Екі ұлы тұлғалар қазақ халқынан жеке дараланып шыққан "дара" адамдар.

(Суреттерді аударғанда артында бүгінгі тақырып жазулы тұрады).

Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз қалай аталмақшы?

Дарабоз.

Алардай айбыны бар тағып айды,

Бас болғаным қазағыма қолы "майлы",

Қазақтың басын қосып жауын жеңгвн,

Кім білмес, Қаракерей Қабанбайды.

- Балалар, мәтін кім туралы болмақшы?

-Қабанбай.

Қабдеш Жұмаділов, "Дарабоз".

Қ. Жұмаділов 1936 жылы туған. Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетін бітірген. "Соңғы көш", "Дарабоз", "Тағдыр", "Атамекен" романдары мен шығармалары бар. Қабанбайдың суретін көрсете отырып, өмірбаянымен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп түсіндіріп беремін. (Бөгенбай, Наурызбай батырлар туралы айта кету.)

Қабанбай Қожақұлұлы

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз - қазақ батыры. Азан шақырып қойған аты - Ерасыл.
XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан. 16 жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін ол 5-6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болады. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, "Қабан батыр" атанады. 1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.
1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады.
1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға - Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалды. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.
XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ хандары билік үшін жүргізген күрес шиеленіскен шағында Барақ сұлтан Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген. Қабанбай батыр Барақ сұлтанға кінә тағып, оның Жоңғар хандығымен жақындасуына қарсы әрекет жасады. Осыған орай Қабанбай батыр тек Орта жүздің ішкі жағдайларына ықпал етіп қана қоймай, Кіші жүзде болып жатқан тарихи оқиғалардың да бел ортасында болды.
1752-1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде екі бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі әскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қаракөл мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған.
Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат еткен.
Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай батыр 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысты. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласты. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан.
Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді.
Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған.
Қабанбай батыр есімі ел есінде сақталған. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында, Жарбұлақ ауданында, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына Қабанбай есімі берілген. Алматы облысының Алакөл ауданының орталығындағы Үшарал қаласында батырға ескерткіш орнатылған.
Бұл жырларды жинауға Ш. Уәлиханов, С. Торайғыров, Қ. Халидұлы, Қытайда тұратын қазақ ғалымдары З. Сәнік, Б. Садықан т. б. көп еңбек сіңірген. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділов "Дарабоз" тарихи романын жарыққа шығарды.

3. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқушыларға бөлімге бөліп оқыту. Әр бөлімге ат қою.

  1. Ерасылдың Қабанбай атануы

  2. 2) Қабанмен арпалыс

  3. 3) Қабанбай батыр.

Әр топтағы оқушыларға мазмұнын айтқызу.

Сергіту сәті.

Ұсталардай тарсылдап,

Шегені де қағамыз.

Қабдеш аға өзіңдей

Біз жазушы боламыз.

4. Дәптермен жұмыс. Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздерді жазу, сөздікпен жұмыс істеу арқылы мағынасын ашу.

ІІІ. Сабақты бекіту. Кеспе қағаздарда «Қаракерей Қабанбай», «Нарбала», «Дарабоз», «Ерасыл», «Қабан батыр», «Батыр» деген жазулар болады. Екі топ ақылдаса отырып, жазуларды рет-ретімен қойып шығады.

Сызба бойынша сабақты қорыту.

Балалар, Қабанбай ең соңында күштілігімен, батылдығымен, ержүректігімен батыр болды. Ол кісі сол кезде тәуелсіздікті аңсаған. Сол батыр атамыздың арманы орындалды ма? (Орындалды)

Тәуелсіздік күні қай күн?

Қай жылы алдық?

ІV. Үйге тапсырма. Мәтіннің мазмұнын игеру.

V. Білімдерін бағалау


© 2010-2022