Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар Өсімдік - тірі ағза 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нуркенова Мирамкул Мыржакыповна Мұғалім портфолиосы

Қостанай облысы Бастауыш сынып мұғалімі

Арқалық қаласы М.Әуезов атындағы №5 жалпы

білім беретін орта мектебі

эл.п: [email protected]


Дүниетану 2 сынып 19.12.2014

Сабақтың тақырыбы

Өсімдік - тірі ағза

Жалпы мақсаты

Өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу Сабақтың міндеттері:
  • Оқушыларға өсімдіктердің топтарымен, түрлерімен және оның ерекшеліктерімен танысып, білімдерін кеңейтуге қолайлы орта туғызу;
  • Балаларға мәтінмен таныса отырып, саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
  • Жеке, жұпта, топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне ойын, пікірін ашық айтуға орта құру.


Оқу нәтижелері

  • Сабақ соңында оқушылар өсімдік туралы білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
    Өсімдіктердің түрлерін, топтарын бір-бірінен ажырата алады. Олардың пайдасын, өмірде алатын орнын суреттеп бере алады.
  • Сабақ, жапырақ, тамырдың қызметтері туралы айта алады.
  • Жеке ойларын ортаға сала алады. Топқа ойын жеткізе алады.
  • Оқушылар сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айта білуге үйренеді, түсініп оқу дағдылары қалыптасады, белсенділіктері артады.

Оқыту әдістері

АКТ, сын тұрғысынан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, бағалау

Сабақ типі

Аралас сабақ

Оқытудың түрлері

жұптық , талдау, сипаттау; «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы

Көрнекілігі

АКТ, электронды оқулық, ватман, маркерлер, шырша, шырша ойыншықтары



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Топқа бөлу

Топ басшыларын сайлау


Топ ережелерін құрастыру

Сурет бойынша 7 айырмашылықты табу. (зейінін аудару)
Мен -адаммын! Мен -күлемін, таңқаламын, ренжимін, мұңаямын! Мен - ойланамын, түсінемін, тыңдаймын, жауап беремін! Мен -қателесуім мүмкін! Мен - оқи аламын!

Менің оқығым келеді!

Біз бәріміз оқығымыз келеді! Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша «топырақ», «су», «ауа», «әдептілік» тақырыптарына қатысты сөздермен топтарға бөліну І-топ: ауа- ауа түссіз, мөлдір ауа, серпімді, көзге көрінбейді, сығылады, ауасыз от жанбайды ІІ-топ: су - сұйық, мөлдір су, түссіз, кез-келген пішінге ие болады, еріткіш ІІІ-топ: топырақ- саз, құм, шірінді, құнарлы, өсімдіктер өседі ІҮ-топ: әдептілік- әдепті, ибалы, ұқыпты, сыпайы, адамгершілігі мол, инабатты

Оқушылар сурет бойынша 7 ұқсастықты табады.

Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.

Оқушылар өздеріне берілген сөздер арқылы топқа бөлінеді.

Лидер, баяндамашы, уақыт сақшысы, бақылаушы, хатшы сайлау

Ереже құрастырады


Интерактивті тақта



Ережені құрастыру

Ізденіс жұмысы

«Адам өміріндегі топырақтың маңызы» тақырыбында ізденіс жұмысы.

«Ойлан, жұптас, бөліс» стр бойынша үйге берілген тапсырманы көршілерінен сұрап талдайды.

Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша ізденген жұмыстарын оқиды


Эссе оқиды

«Ой шақыру»

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

1.Өзіне шап - шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)

2. Бұтағы ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп ашып үлгірсек (Бүлдірген)

3. Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар міз бақпай.
Тау етегі тұрағы,
Жап - жасыл боп тұрады. (Қарағай)

4. Қысы - жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан. (Шырша)


Оқушылар жұмбақты шешеді


Жұмбақ шешу

Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Топтық жұмыс.

тәсілі

Қызығушылықты ояту сатысы:

«Ойлан, жұптас, бөліс» стр бойынша мәтінді оқып алып талдайды


Оқушылар оқып шығады, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады


Оқулық

Сергіту сәті.


Интерактивті тақтада көрсетілген «Қарлығаш» әнімен би билеу

Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді

музыка

Топ жұмыспен

1. Өсімдік тіршілігіне нелер қажет? 2. Өсімдіктің "балауса шағы" 3. Өсімдіктің жетілген шағы 4.Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде

Ақ қағаз бетіне тақырып бойынша түсінгендерін бейнелейді

Қорғайды, талдайды

Графикалық диктант

Графикалық диктант:

- тірі табиғат

/\ өлі табиғат

Бақбақ, өзен, ай, жұлдыз, шөп, тас, түлкі, ара, қайың, тау, емен, жер

тексеру: _ /\ /\ /\ _ /\ _ _ _ /\ _ /\ .




Аяқталмаған сурет

Оқушылар берілген жарты сурет бойынша өз ойларын қосып аяқтайды.

Суретті аяқтау


Суретпен жұмыс :

«Бес жолды өлең құрастыру»

Өлең құрайды


Рефлексия

Балаларға шырша ойыншығының суреті салынған Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар Өсімдік - тірі ағза 2 сыныпқағаз таратылып беріледі де, сол шыршаға өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, шыршаның ең биік жеріне ойыншықты жабыстырады.Ал егер сабақты орташа түсінсе, шыршаның ортасына жабыстырады. Сабақта оқушының көңіл-күйі төмен болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда төмен жағына жабыстырады.

Өзара кері байланыс жүзеге асырылады.

Оқушылар берілген шыршаға өздеріне ұнаған суретті жабыстырады.

Шырша суреті.

Үйге тапсырма

Мысалды оқып түсіну.

Егер өсімдік болмаса жер бетінде не болар еді?

Эссе жазу

оқулық

Бағалау.

Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау











Қостанай облысы Арқалық қаласы М.Әуезов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нуркенова Мирамкул Мыржакыповна Эл.п: [email protected]





























© 2010-2022