Дүниетану пәнінен Күзгі табиғат тақырыбы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні: дүниетану Сабақтың тақырыбы: Күзгі табиғат. Сабақтың мақсаты: оқушылардың күзгі табиғаттың өзгеретіні туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау; табиғатқа қамқорлықпен қарау қатынастарын тәрбиелеу; табиғат құбылыстары мен заттарының арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып, қоршаған дүниенің біртұтсатығы туралы түсініктерін дамыту. Сабақтың көрнекілігі: жылдың әртүрлі мезгілдерін бейнелейтін суреттер, Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» шығармасының үнтаспасы.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару. Бүгінгі ауа райын, аспанды, желдің бағытын анықтау. «Атам және молекула» ойынын ойнау арқылы оқушылар 3 топқа бөлінінеді. 2.Кіріспе әңгіме. Оқушылардың күзгі ауа райы туралы түсініктерін байқау. Күздегі өлі табиғатта болатын өзгерістер: аспанның қалпы, күннің ұзақтығы, салқындауы. 3.Оқулықпен жұмыс. Жаңа сабақтың басында берілген Ахмет Байтұрсыновтың күз туралы өлеңіне талдау жасалады. Жауып жаңбыр, жер сабыр, Шөп, жапырақ солады. Бұл қай кезде болады? -Сурет бойынша күзгі және жазғы көріністі салыстыр. - Күзде табиғатта болатын өзгерістерді айт. -Күзде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады? - Күз қандай кезеңдерден тұрады және онда табиғат қалай өзгереді? - Күзде қандай жауын- шашын түрлері түседі? -Күз айларын ата. 4. Топпен жұмыс. «Кузгі табиғат» тақырыбына постер қорғау. 5. Сергіту сәті. «Сиқырлы жапырақтар» ойынын ойнау. Оқушылар жапырақ жинайды. Ал жапырақтардың астында сұрақтар жасырылған. 1. Күз белгілерін ата. 2. Жыл мезгілдерін ата. 3. Күз айларын ата. 4. Табиғат дегеніміз не? 5. Табиғат нешеге бөлінеді? 6. Құбылыс дегеніміз не? 7. Жанды табиғатқа не жатады? 8. Жансыз табиғатқа не жатады? 9. Көкжиек дегеніміз не? 10. Көкжиек тұстарын ата. 5.Дәптермен жұмыс. Оқушылар дәптерлерінде жеке жұмыс түрін орындайды:

Сырылдатады шәйнегін,

Ұнатпаса да жұрт, мейлі.

Тереземіздің әйнегін

Жуады,

Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр).


Жұмбақтың шешуі табылады. Шешуі:жаңбыр. Оқушылар жаңбыр жауып тұрған күз мезгілінің суретін салады. 6.Қорытынды. Күз туралы оқушылардың ұғымы тұжырымдалады. Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)
Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр (қызылша) Бейбітшілік құсы деп, Атайды оны барша жұрт . (көгершін)
Қыста киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды. (ағаш) Ат шаптырым аумағы, Байқалмайды салмағы. Мың кессең де ол мейлі, Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
Қараңғыда жымыңдайды,жанады, Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Аяқсыз жетіп барады, Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады, Орман жарқырады. (Найзағай)
Қанаты жоқ - ұшады, Аяғы жоқ - қашады. (Жел)
Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)
Тең, тең, тең киіз, Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұр шашады. (Күн)
Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Жапырақты бояды, Атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Топтық жұмыс. Әр топ күзгі табиғатты бейнелейді. Постер қорғау . Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Су құйғанда өседі. 4.Бекіту Күздің табиғаты туралы не білетінін сұрау. Күзді бейнелейтін суреттермен жұмыс. Сөздік жұмыс: күз, жапырақ, жауын, суытты, т.б. Тірек сөздер арқылы сөйлем құрастыру.





© 2010-2022