3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Температура және масса

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
12-сабақ. Cабақтың тақырыбы: Температура және масса.

Cабақтың мақсаттары: Білімділік: температура және масса туралы түсінік алады. Дамытушылық: температура және масса туралы білімдерін дамытады. Тәрбиелік: температура және масса туралы білімдерін нығайтады, өмірде пайдалана білуге үйренеді. Көрнекілігі: топтардың аты, слайд, суреттер, сұрақ парақтары. Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту.

Температура және масса туралы білім беру ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Үй тобы:

I-топ - Градус.

II-топ - Сынап.

III-топ - Килограмм.

IV-топ - Центнер.

V-топ - Тонна. VI-топ - Грамм. «Топтастыру» стратегиясы

  • I-топ, III-топ, V-топ, балалар, «Температура» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Температура







  • II-топ, IV-топ, VI-топ «масса» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

МАССА







Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білімдерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді. Температура: 1) Ыстық 2) Суық 3) Бас ауырады 4) Ұйқың келеді 5) Тәбетің жойылады. II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. Жұмыс тобы:

I-топ - Бөлме ішілік.

II-топ - Суды өлшейтін.

III-топ - Медициналық. IV-топ - Далаға арналған. Температура және массаның өлшем бірліктерін ескере отырып: «Бөлме ішілік», «Суды өлшейтін», «Медициналық», «Далаға арналған» термометр түрлері туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. I - топ. «Жылы» және «суық» дегенде біз температураны және оның өзгерісін айтамыз. Адам, жануарлар, өсімдіктер үшін ауа, су және топырақ температурасы төмендегенде өсімдік өсуін тоқтатады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жануарлардың көбі ұйқыға кіріседі. Жануарлардың қысқы төзуіне не көмектесетінін есіңе түсір. Адамдар әртүрлі температурада түрліше киінеді. Олар қыста үйді от жағып жылытады.

Эксперт парағы: 1. Температура деген не? 2. Температураға байланысты қандай өзгерістер болады? 3. Жануарларға қысқы аяздарда не көмектеседі? 4. Әртүрлі температурада адамдар не істейді? II - топ. Температураны өлшеу үшін термометр құралы пайданылады. Әртүрлі термометрмен судың, ауаның, топырақтың, адам ленесінің температурасын өлшейді Термометрдің құрылысымен сен екінші сыныптан таныссың. Термометрдің қалай жұмыс істейтінін білу үшін тәжірибе жаса. 1 - тәжірибе. Термометрді жылы су құйылған стаканға сал. Термометрдің түтігіндегі сұйықтық бағанасында қандай өзгеріс байқалды ? 2 - тәжірибе. Термометрді салқын су құйылған стаканға сал. Термометрдің сұйықтық бағанасында қандай өзгеріс байқалды ? 3 - тәжірибе. Термометрмен сыныптағы және көшедегі ауа температурасын анықта. Деректерді дәптеріңе жаз. III - топ. Адам денесінің температурасын өлшейтін медициналық термометрде сұйық металл - сынап пайданылады. Сынап өте улы. Термометрдің ішінде тұрғанда ол - қауіпсіз. Сындырып алмау үшін термометрді абайлап ұстау керек. Егер термометр сынып қалса, сынапқа жолама Сынғаны жайында ересектерге айт.

Эксперт парағы: 1. Бірінші тәжірибеде не байқадың? 2. Екінші тәжірибеде қандай өзгеріс болды? 3. Термометрмен нені өлшеуге болады? 4. Термометрдың қандай түрлері бар? IV - топ. Массаны таразымен өлшейді. Масса өлшемдері 1кг - 1000 г 1 ц - 100 кг 1 т - 1000кг. Таразылар үлкен де, кішкентай да болады. Үлкен таразымен жүк тиеген машиналар, толы қаптар өлшенеді. Кішкентай таразымен дүкендерде, базарда азық - түлік өлшейді.

Эксперт парағы: 1. Массаны немен өлшейді? 2. Қандай масса бірліктерін білесің? 3. Таразылардың қандай түрлері бар? 4. Өзіңнің салмағыңды қандай таразымен өлшейсің? III. Ой қозғау Яғни, «Температура және массаны немен өлшейді?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады. Бағалау.

Үйге тапсырма: I-топ - Градус туралы бес жолды өлең құрастыр. II-топ - Сынап туралы бес жолды өлең құрастыр. III-топ - Килограмм туралы бес жолды өлең құрастыр. III-топ - Центнер туралы бес жолды өлең құрастыр. V-топ - Тонна туралы бес жолды өлең құрастыр. VI-топ - Грамм туралы бес жолды өлең құрастыр.



© 2010-2022