Дүниетану пәнінен сабақ жоспары 3 сынып Менің Отаным-Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан!

Мақсаты

а) Оқушыларға Отан, Қазақстан, туған жер, ел туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, мәтінді меңгерту;

ә) Оқушыларды ой-өрісін, сөйлеу тілін шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б)Оқушыларды Отанды сүюге,елін, жерін қорғауға, елжандылық сезімін оятуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бақылау күнделігі, Қазақстанның табиғатын, жануарлар дүниесі, өсімдіктер бейнелейтін суреттер, картасы слайд

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап түсіндіру,ой тұжырымдау, поэзия минуты, ой қозғау.

Сабақтың Барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық.

Балалар, сабақ бастамас бұрын мына өлең шумағын айтып көңіл-күйлерімізді көтеріп алайық.

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысың табиғаты анамыз,

Келді сізге өзіңіздің баланыз

2. Сыныпты топқа бөлу

1 топ Бүкілхалықтық мереке

2топ Кәсіптік мереке

3топ Отбасылық мереке

II Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру кезеңі.

Мемлекеттік мерекелер

Әр топтан бір-екі оқушыдан сұралады.

Үн таспадан Б. Тілеухановтың " Менің Қазақстанным" әнін тыңдату. Ән тыңдалып болған соң, сұрақтар қойылады, оқушылардың ойын тыңдау.Бейне суреттерді көріп болған соң. Топта, талдау,ақылдасқан түрде жауап қайтару.

III Жаңа сабақты оқып білу кезеңі.

1Біздің отанымыз қай ел (Қазақ елі)

2. Біз қай елдің түлегіміз (Қазақстанның)

3. Еліміздің болашвғы кімнің қолында (Біздің қолымызда)

4. Балалар, қазіргі тамашалаған бейнетаспадан қандай көріністер көріңдер?

5. Қандай әсер алдындар?

6. Таулары қандай екен?

Осы көріп отырған тауларың, жерлерің, жануарлар, өзендердің барлығы Отанды құрайды.

-Олай болса , оқушылар,Қазақстанның ел болып мәңгі қалуы, көгінде күннің жарқырауына септігін тигізер сендерсіндер.

Дәптерімізді ашып күнніңжадын жазып

Күннін райын тақтага жазайық

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз " Менің Отаным -Қазақстаным"

Отан өзіміздің өлкеміз. Отан адамның туып өскен және тұратын жері. Адам, ауылда, қалада дүниеге келуі мүмкін. Ата-ананың үйі өсіп өмірге келіп,ер жеткен үйің. Отан от басынан басталады.

Ал сенің ең үлкен Отаның-Қазақстан.Қазақстанда тұратын барлық халықтардың Отаны Қазақстан-ең үлкен ел.Онда өзен, көл, орман, жазықтар, таулар бар. Казакстанда ауылдар мен қалалар көп. Кең байтақ жерімізде Байқоңыр ғарыш айлалығы орналасқан. Қазақстан өсімдікпен жануарларға бай. Бұл байлықтың бәрін халық пайдаланады. Тауда қарағаймен шырша жеміс ағаштары өседі. Онда брыс, арқар, аю, сияқты түрлі аңдар тіршілік етеді. Орманда емен, қайың бар. Жазық далада қызгалдақ жалбыз, селеу өсімдіктері өседі. Ал жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, құлан, әртүрлі аңдар жүреді. Біздің Отанымыздың жері өте бай және әдемі. Оны қорғай білуіміз керек.

Оқулық пен жұмыс

Іштей оқып шығындар 5 минут

Олай болса оқығанымызды, көргенімізді пайдаланып топпен жұмыс жасаймыз.

1. топ Мақал-мәтел айту

2. топ Поэзия минуты Қазақстан туралы, Отан, туған ел туралы қандай өлеңді жатқа білесіңдер?( немесе өлең құрастыру.)

3.топ Менің болашағым Қазақстан тақырыбына эссе жазу

Сергіту сәті

1 топ Мына адасқан әріптерді орына койып көрейік Тәуелсіздік, елтаңба, Президент

2 топ Пирамида құрастыру Қазақстан

3 топ Тілек жазу

Бекіту кезеңі

Бекіту кезінде үш топқа сын жүмысы беріледі

Қазақстан сөзін топтастыру

IV Бағалау

Үйге тапсырма

Мәтінді оқып,түсінгеніндерін айту.



© 2010-2022