Разработка урока на тему «Кокшетау»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Көкшетау (І. Жансүгіров)
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Өлеңді түсініп оқуға үйрете отырып туған ел табиғаты, әсемділігімен таныстыру өлеңнің идеясын, мазмұнын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Дүниетанымдық көзқарасын, ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Отанды, туған жерді, туған елді сүюге, қадірлеп - қастерлеп қарауға баулу, Ұлттық мақтанышына қорғауға баулу, ұлттық мақтаныштарымызды білуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:

Слайдтар, І. Жансүгіров портреті, шығармалары, қима қағаздар.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Ана тілі - күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын
Тауысарма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын! (Тілді құрметтеуге тәрбиелеу)

2. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Несіпбек Айтов «Алтын сөз».

Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы, 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты, Теректі ауылында дүниеге келген.

Ә) Бата не үшін беріледі?
Б) Батаның қандай қасиеті бар?
В) Қане кросвордтың жауаптарын тауып көрейік:

  1. Бата берген атасы көпке не тіледі? /бақыт/

  2. Балаға кім бол тілейді? /ақын бол/

  3. Достарыңмен қандай бол дейді? / тату бол/

  4. Ата сөзі қандай сөз? /алтын сөз/

Б

А

Қ

Ы

Т

А

Қ

Ы

Н

Т

А

Т

У

А

Л

Т

Ы

Н

Г) Ұнаған бата сөзді тауып алып жаттап келіңдер деген болатынмын. Қане кім аитып береді?

Жаңа сабақ:

Тақырып ашу
Мына тұрған сөзжұмбақты шешсеңіздер Қазақстанның маржандай жерінің аты шығады . Қане көрелік. /КӨКШЕТАУ/

Ақын болсын, жазушы болсын өз туған жерін, өз Отанын жанындай сүйеді. Оны өз шығармаларында жырлаған.

Осындай ақындарымыздың бірі - Ілияс Жансүгіров. Ол көз і тірісінде ақындықтың Құлагері атанған. Балаларға арналған «Балаларға базарлық», «Малта» деген кітаптары бар.

І. Жансүгіров «Көкшетау» өлеңінде айшықты, көркем бейнелі сөздерді шебер қолдаңған. Көкшетау «талай рет ат тағасының дүбіріне куә болған жер» - Бурабай шатқалында орналасқан. Біз бүгінгі сабағымызда осы өлкеге саяхатқа шығатын боламыз. Мен сендерге Көкшетаудың тамаша табиғатымен таныстыратын гид боламын, сендер саяхатшы боласыңдар. Сабақта Көкшетау туралы білетіндеріңізді қосып, маған көмекші боласыңдар. (Ой - қиялын дамыту)
Бурабай - кездейсоқ емес сәйкестіктер өлкесі. Оның атауы да тылсым мистикаға негізделген. Орыс қоныстанушылары шатқалды Боровое деп, ал өз станицасын қарағай орманының құрметіне Боровская деп атаған. Ал байырғы қазақтар бұл жерді Бурабай деп атады,»бура» - түйе сөзінен шыққан.
Ал қане саяхатымызға шықтық сәт сапар тілейік өзімізге !

«Ораманды жол» тапсырмасы. Өлеңді оқып танысу.
Олай болса бәріміз мұқият тыңдап, өлең мазмұнымен танысайық.
«Жұмбақтас» тапсырмасы. Сөздік жұмысы. (Тіл байлығын дамыту)
Маужыраған - тып - тыныш, тылсым,
Малта тас - теңіз толқыны, су ағынымен мұжылып, жұмырланып қалған майда тас.
Маржан - ашық қызыл, қызғылт не ақ түсті тас.
Ақық - әшекей үшін пайдаланылатын, түсі ақшыл бағалы тас.
Меруерт - әсемдік, сәндік үшін қолданылатын қымбат бағалы асыл тас.
Жомарт - қолы ашық, береген, мырза.
Масаты - жұмсақ түкті жібек мата, барқыт.
Момақан - момын, жуас.
Жақпар - қатпар - қатпар.

«Оқжетпес жартасы» тапсырмасы.

Өлеңді талдау.
(Шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқасты табу.


Сергіту сәті:
Күйді тыңдап, ойтолғау жазу

Көңілмен ұғып, қағазға түсіру.

«Үш Әпке жартасы» тапсырмасы.

Өлеңді тізбектеп оқу, өлеңді қара сөзге айналдыру

Сабақты бекіту.

1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Нелер естеріңде қалатын болды?
3. Көкшетаудың табиғаты қандай екен?
4. Біз табиғатымызды не істеуіміз керек?
5. Табиғат, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?


Рефлексия


Үй тапсырмасы :

  1. Дәптермен жұмыс. (Әдемі, сауатты жазуға үйрету)219 беттегі тапсырманы орындау.

  2. «Көкшетау» өлеңінен үзінді жаттау.




© 2010-2022