Ө ө дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ө ө дыбысы мен әрпіӨ ө дыбысы мен әрпіӨ ө дыбысы мен әрпіӨ ө дыбысы мен әрпіӨ ө дыбысы мен әрпі1 сынып 16. 11. 2015ж. Әліппе Сабақ № 45 Мұғалім: Серік Ж. А.
Сабақтың тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларға Ө ө дыбысы мен әрпін таныту.. Ө ө дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу. Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын даыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын. Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар. Жоспар: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру ІІІ. Жаңа сабақ. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Ү. Қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Оқушыларға Ө ө дыбысы мен әрпін таныту.
Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс. Суреттегі заттарды атау. Сол сөздер ішінен Ә дыбысынан бас талатын сөздерді тапқызу. Оқулықпен жұмыс. Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасау. Осы сөздерге сөйлемдер құрау. Ө ө дыбысына анықтама беру.

  1. Ө ө − дауысты дыбыс.
  2. Ө ө дыбысы бар сөздер (сурет бойынша)
  3. Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
  4. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетініне мысалдар келтіру.
Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру). өзен өріс бөрік өрнек көрме өлең өрік көрік өрмек көрпе өнер өмір көмір өркеш көрші Кеспе буындармен жұмыс. Буындардан сөз жасау. Осы буындардан сөйлем құрау.
Ө ө дыбысы мен әрпі Мәтінмен жұмыс. «Өркеш» -Арқаңдағы шошайған не ? - деді бұзау. Мәтінді буындап оқу. - Өркеш қой, - деді бота. Мәтінді мәнерлеп оқу. - Өркеш саған не керек? - деді бұзау. Мазмұнын айту. - Балалар мінсе, құлап қалмасын, - деді бота. Жылдамдыққа оқуды жетілдіру

Сергіту сәті.
Ойын «Кім көп біледі?» Кім ұзаққа кетеді, сол жеңіске жетеді.
  1. Екі бала шығарып, ө дыбысынан басталатын сөздер айта отырып қадам аттап жарысады.
  2. Ішінде ө дыбысы бар кез-келген сөз ойлап айту.
Жазу үлгісімен жұмыс. Ә ә дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Байланыстыра жазу. Ауада жазу. Ө Өркен өзен жаққа барды. ө өзен өлең өмір өрік
.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


© 2010-2022