Конспект урока по казахскому языку на тему Сөйлем. Лепті сөйлем. (2-класс)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі, 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Лепті сөйлем (бекіту сабағы)

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың сөйлем және оның айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау, жаттығулар орындау арқылы бекіту.

2.Түрлі әдістерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу.

3. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

1.Шаттық шеңбері: 1-слайд

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достакрым,

Арайлап атқан күнге!

2. Сабақтың мақсатын хабарлау

-Балалар, бүгінгі сабақта біз сөйлем және оның түрлері туралы алған білімімізді қайталаймыз, әртүрлі жаттығулар орындау арқылы оны қалай меңгергенімізді келген қонақтарға көрсетеміз.

3. Психологиялық дайындық

-Ендеше
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш! 2-слайд
Қонақтарға: Жақсы көңіл - күй! 3-слайд
Елімізге: Ашық аспан, молшылық! 4-слайд

4. Өткенді қайталау

А) үй тапсырмасын тексеру 5-слайд

-Бүгін нешесі? Аптаның қай күні

Желтоқсан айы туралы біз әдебиет сабағынан да оқығанбыз, мазмұндама да жазғанбыз. Не есімізде қалыпты? Ортаға салайықшы.

-Слайдта сандар тұр. Бұл сандар нені білдіреді?

1 желтоқсан -Тұңғыш президент күні (2001 жылы 1желтоқсанда президент сайлауы өтті. Н.Ә.Назарбаев Қ.Р-ның президенті болып сайланды.)

10 Желтоқсан 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы» атауын «Қазақстан Республикасы» деп өзгерту туралы шешім қабылдады.

10 Желтоқсан 1991 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев Елбасы қызметіне кірісті.

10 Желтоқсан 1997 жылы Ақмола қаласы (қазіргі Астана) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

Б) Күн атын және көркем жазуды дәптерге жазу

Желтоқсанның бесі

Сынып жұмысы

Менің Отаным - тәуелсіз Қазақстан.

1) Отан сөзіне мағынасы жуық сөздерді атайық

2).Дыбыстық талдау

(Ауызша тізбектей орындату)

В). «Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны 6-слайд

  1. Сөйлем аяқталған .....

  2. Сөйлем сөзден...

  3. Сөйлемдегі сөздер...

  4. Сөйлемнің бірінші...

  5. Сөйлемнің соңына ...

  6. Хабарлы сөйлемнен кейін ...

  7. Сұраулы сөйлемнен кейін...

  8. Лепті сөйлемнен кейін ...

  9. Бірдеңенің жайын ...

  10. Жауап алу ...

  11. Адамның көңіл күйін, ...

Г) Кітаппен жұмыс

1. 201-жаттығу

1) Жаттығуды оқу. Сөйлемдердің ара-жігін ажырату. 3 сөйлемді 3 оқушы тақтаға жазу.

2) Қоян, түлкі, тиін сөздеріне сипаттау мәтінін құрау

Ғ). Электронды оқулықтан лепті сөйлем туралы тыңдату (3 мин)

Д) Ойын «Сәйкестендір»
Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді бер!
Ұрандату ----- Шіркін, Бәйтеректің басына шықсам ғой!

7-слайд Кәусардың өлеңін оқып, талдау.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

Шықтым. Оның құдіретін ұқтым да.

Жүрегі ғой бар қазақтың Астана!

Мекені ғой береке мен құттың да.

Сөйлемдерді оқу. Қандай сөйлемдер? Ережемен дәлелдеу

203-жаттығу

Тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз

200- жаттығу ауызша оқып, талдау

Үйге тапсырма: 200-бет,199-жаттығу

Қорытынды: бағалау.Қазақстан сөзімен жұмыс

Тәуелсіздік - бұл арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.


© 2010-2022