Ойын арқылы ойландыра білсек…

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойын арқылы ойландыра білсек…Ойын арқылы ойландыра білсек…Ойын арқылы ойландыра білсек… Қостанай қаласындағы қалалық «Дарын» орталығында Ким Антонина Алексеевнаның басшылығымен және Ергазина Дана Алексеевнаның қолдауымен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу ісі жыл сайын жалғасын тауып келеді. «Мемлекеттік тіл - мемлекет тірегі» деп қарайтын орталық қызметкерлері балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін заман талабына сай жаңашаландырып, бастауыш сынып оқушыларының интелектуалды -танымдық қабілеттерін дамытуды да басты мақсатқа қойып отыр. Биылғы оқу жылында екінші жыл жалғасын тауып отырған ойынымызға жас бүлдіршіндеріміз кірісіп те кетті. Бір айта кетерлік жағымды мәселе ол ойынның ашық түрде жүргізілуі, бұл ойында әр топ өз жетекшілерінің алдында тосыннан қойылған сұрақтарға жауап беріп, әр түрлі тапсырмаларды орындап отырады, сонымен қатар әділқазыларын да әділ тапқандай. Ойынның тартымды да, қызықты өтуіне бірден-бір жетекшілік етіп жүрген Келдібаева Бахыткүл Аманжолқызы өзінің мәнерлі өлең жолдарымен ойыншыларды ойынға бейімдеп алады. Бахыткүл Аманжолқызы ойын тапсырмаларын да мемлекеттік стандартқа, білім бағдарламасына, оқушылардың сана - сезімдеріне, түсініктеріне, танымдылықтарына сай құрап, әр тапсырманы оқушыға түсініп орындауларына жол сілтеп отырады. Оқушыларымыз ойнап отырып, өз білімдерін ортаға салады.Еліміз үшін аса маңызды мәселе - мемлекеттік тілдің келешегі десек, білім бастауы бастауыш сыныпта екенін ескере отырып кішкентай бүлдіршіндерімізді сайысқа баулып, қазақ тілінде сөйлете білген ұлағатты ұстаз Бахыткүл Аманжолқызына алғысымыз шексіз.

ММ «Физика-математикалық лицейі...» бастауыш сынып мұғалімі Самбулатова Г.Ш.

© 2010-2022