«Дидактикалық ойын»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Дидактикалық ойын».


Мақсаты: Халқымыз ұлттық ойындарының бірі - дидактикалық ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, балаларды ойын түрлерін дамытып, құрметтеуге тәрбиелеу. Міндеті: Ойын арқылы оқушылардың ойлау шеберлігін, сайлау мәдениетін, ұйымшылдық қабілетін арттыру. Баяндаманың зерттелуі: Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардын, дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе өңгіменің мазмұны бойынша бөлек - бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл - қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдың мәні бар іс - әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Баяндаманың қорытындысы: Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез - құлқын қалыптастырып, ой - өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір - біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жаңашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады. Ойын - мектеп балаларының негізгі іс - әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы аның байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қа­рай: мазмұнды - бейнелі, қимыл - қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды - бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал - жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән - саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды - бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер: Ш.Х.Құрманалина Педагогика. Кулдашева Н.У. Даму психологиясы.















«Дидактикалық ойын».

Тақырыбы: «Дидактикалық ойын түрлері»












Орал - 2012 ж.

© 2010-2022