- Преподавателю
- Начальные классы
- Сабақ жоспары қазақ тілі 3-сынып И, й, у әріптерінің жазылуы
Сабақ жоспары қазақ тілі 3-сынып И, й, у әріптерінің жазылуы
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Есимова М.О. |
Дата | 07.11.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: И, й, у әріптерінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: 2-сыныпта и, й, у әріптерінің жазылуы туралы алған білімін еске түсіру, қайталау; и, у дауысты дыбыстарының кейде жуан, кейде жіңішке айтылуының себептерін анықтау; и және й дыбыстарын салыстыру у дыбысын жұп дауысты ұ, ү дыбыстарынан сөз ішінде айыра біліп, дұрыс жаза білуді үйрету. Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап, түсіндіру,«Венн диаграммасы», «Топтастыру». Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сызба Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру; Психологиялық ахуал: -Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте. -Жарайсыңдар,осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз. Орнымызға отырайық. Үй тапсырмасын тексеру -Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
(Балалардың жауабы тыңдалады.)
Жаңа сабақ
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
1-топқа тапсырма. И және й әріптері бар сөздер.
Бағандарды салыстырып, айырмашылықтарын табу:
киін-кейін қима-қайық
тиме-түйме сиыр - сойыл
биле-бейне жина-жайна
Оқушылар мынадай қорытынды жасауы тиіс. Й әрпі -дауыссыз, ол тек дауысты дыбыстан кейін жазылады. И, й дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке айтылуына байланысты. И - буын құрайды, й - буын құрамайды. Егер оқушылар толық қорытынды жасай алмаса, мұғалім жетекші сұрақтар қояды.
2-топқа тапсырма. Й әрпі дауысты дыбыстан кейін жазылады дейді, дегенмен й әрпінен басталып жазылатын сөздер бар ма? Йод, йогурт, Йемен сөздерін мысалға келтіріп, олардың шет тілдерінен енгенін түсіндіріп кетуге болады.
И мен й дыбысының ерекшелігін түсіну үшін келесі тапсырманы орындап, қорытынды шығарады.
Жазылуы Айтылуы
Биыл быйыл
Киім ...
Оқиды ...
Жиын ...
Оқушылардың қорытындысы: и дыбысының алдында ы мен і дыбысы айтылады, бірақ жазылмайды.
3-топқа тапсырма. Сый, тый сөздерінен қандай сөздер тарайды? Бұл сөздер қандай ережеге бағынбайды? Бірнеше сөз жазыңдар.
Сыйла тыйылды
сый тый
... ...
... ...
Ортақ тапсырма. Келесі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.
Жазылуы Айтылуы
жу жұу
келу келіу
тасу ...
желпу ...
уәде ...
уақыт ...
Оқушылар мынадай қорытынды шығаруы керек: у дыбысы көбінесе дауыссыз дыбыстан кейін келеді. Ол сөздің жуан, не жіңішке болуына байланысты - ыу, іу болып айтылады.
Ортақ тапсырма. Мына сөздерді буынға бөл. У дыбысының дауысты не дауыссыз дыбыс екенін анықта.
Уыз
астау
Уақыт
Ауыз
қыстау
Умаждады
Қауын
жусан
Уілдеу
Оқушылардың қорытындысы: у дыбысы дауысты дыбыстан кейін дауыссыз, ал дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауысты дыбыс болады.
Сергіту сәті
-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық
-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.
Ұзын мұртты құмырысқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға, солға қарады
Допты үлкен тау деп ойлады. -Жақсы, балалар, отырыңдар.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығуды орындағаннан кейін, и және й әріптерін салыстыру үшін Венн диаграммасын толтыртуға болады. Алдымен әр топ диаграмманы толтырып, өзара талқылайды. Содан кейін топ мүшелері бірін-бірі толықтыра отырып, барлығы бірлесіп тақтада Венн диаграммасын құрайды.
И
Й
І.Дауысты дыбыс.
2.Дауыссыз дыбыстан кейін
жазылады.
І.Дауыссыз дыбыс.
2.Әріптік таңбасы бар.
З.Сөздердің ішінде кездеседі.
3. Сөздің басында көп
кездеседі.
4.Буын құрайды.
5. Айтылуында и дыбысының
алдында -ы,-і дыбысы
естілгенімен, жазылмайды.
б.Тек тый,сый сөздерінде ы
әрпі жазылады.
4. Сөздің басы, ортасы, соңында келеді.
5. Дауысты дыбыстан кейін жазылады.
6. Шет тілдер енген сездердің ғана басында келеді.
7.Буын құрамайды.
Содан соң 2-жаттығу орындалады. Тый, сый сөздерінен таралған сөздерді қай топ кебірек жазатынын анықтау үшін жарыс ұйымдастыруға болады. Ол үшін «топтастыру» стратегиясы пайдаланылады.
3,4-жаттығуды орындау арқылы оқушылар у дыбысының дауысты, дауыссыз және кейде жуан, кейде жіңішке болу себептерін анықтайды. Берілген сездерге у әрпін жалғау арқылы ы, і дыбыстарының түсіп қалатынына көздерін жеткізеді. Үйге тапсырма
5-жаттығу Қорытынды -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Балақайлар бүгін сендер сабаққа белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар!