• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Тақырыбы: «Үнемшілдік –ырыс, ысырапшылдық шығыс» Мақсаты: Ата-аналарды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Ата-аналарға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлұмат бере отырып, олардың шығу ж

Тақырыбы: «Үнемшілдік –ырыс, ысырапшылдық шығыс» Мақсаты: Ата-аналарды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Ата-аналарға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлұмат бере отырып, олардың шығу ж

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналарға арналған коучинг

Тақырыбы: «Үнемшілдік -ырыс, ысырапшылдық шығыс»

Мақсаты:

Ата-аналарды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру.

Ата-аналарға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлұмат бере отырып, олардың шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу

1.Тренинг Өткізген Абдильманова Ажаргүл Құрмангожаевна

«Танысу»

Ата-аналар шеңберге тұрып бір-біріне допты лақтырып аттарын айтады. Екінші қоңырау соғылғанда бір-бірн құшақтайды, сылдырмақ соғылғанда бір-бірінің арқасынан сипайды, қол шапалақтағанда бір-бірімен амандасады.

2. Абдильманова Құралай Сабыртаевна оқушы, ата-аналар және ұстаздар арасында өткен сауалнама қорытындысымен таныстырды.

"Әлеуметтік -экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты " атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 27.01.2012ж.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.

Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдение, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы.

Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру тетіктері (механизмдері)

Оқыту нысандары мен әдістері

Оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту

Қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтылуы

Барлық мүдделі тараптармен әріптестік

Мектепті басқару моделі

Ата - аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету

Құрметті ата-ана

Мектеп ішілік экономикалық сауаттылық тақырыбында сауалнамаға қатысып төмендегі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз.

/Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды:/

Сұрақтар :

Мектепте балаға экономикалық білім беру қажет деп ойлайсыз ба ?

Иә жоқ білмеймін

Балаңызға үнемділік туралы үйде айтасыз ба?

Иә жоқ білмеймін

Сізді экономика тақырыбындағы хабарлар , мақалалар қызықтыра ма ?

Иә жоқ білмеймін

«Отбасы бюджеті» туралы балаңызбен әңгімелесесіз бе ?

Иә жоқ білмеймін

Құрметті оқушылар!

Мектеп ішілік экономикалық сауаттылық тақырыбында сауалнамаға қатысып төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңді сұраймыз. /Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды:/

Сұрақтар :

1.Үйден шығарда,күндізгі уақытта электр көздерін сөндіресің бе?

Иә жоқ білмеймін

2.Бір затты сұрар алдында,отбасы бюджеті туралы ойланасың ба?

Иә жоқ білмеймін

3.Әр мереке сайын ата-анаңнан сыйлық сұрайсың ба?

Иә жоқ білмеймін

4.Дүкеннен қайтарған ақшаны өзіңе қалдырасың ба?

Иә жоқ білмеймін

5.Өз киімдеріңе,заттарыңа ұқыптысың ба?

Иә жоқ білмеймін

6.Тәттілерге ақшаны аяйсың ба?

Иә жоқ білмеймін

7.Достарыңмен ұялы телефон арқылы жиі хабарласасың ба?

Иә жоқ білмеймін

Құрметті ұстаздар!

Мектеп ішілік экономикалық сауаттылық тақырыбында сауалнамаға қатысып төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңді сұраймыз. /Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды:/

Сұрақтар :

1.Сіз әр сабағыңызды экономикалық білім берумен байланыстырасыз ба?

Иә жоқ білмеймін

2.Үнемшілдік, ұқыптылық - оқушы бойында болуы тиіс басты қасиет есептейсіз бе?

Иә жоқ білмеймін

3.Сізді экономикалық сауаттылығыңызды жиі арттырасыз ба?

Иә жоқ білмеймін

4.Салық - міндетті төлем деп есептейсіз бе?

Иә жоқ білмеймін

Сабақта жасалынатын әрекеттер:

- топқа бөлу,

- жеке жұмыс, ой-пікірін тыңдау (ой-шақыру)

-пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі,топ лидері мен топ мүшелері жауап береді)

- эксперттер тобының жұмысы (бағалау)

- мұғалімнің қорытынды сөзі.

3. «Топқа бөлу»

Ата-аналар ортаға шығып өзіне ұнаған түстерді таңдап алып, топқа бөлінеді. 1-топ «Жарықтар», 2-ші топ «Сәулелер», 3-топ «Тазалықшылар», 4-топ «Тамшылар» деп аталды.

4. Әр топқа бір тапсырма беріледі.

1-тапсырма «Үнемшілдік» деген сөзге ассоция жасау.

Топтар бірігіп жасаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды. Постер қорғау.

Жүргізшінің сөзі:

- Қай уақытта үнемшіл бола аламыз?

- Адамдардың басым бөлігі әрбір тапқан тиынын лезде жұмсап, қарызға және несиеге дүние алуға бейім тұрады. Егер де осы әдетіңізден құтылмасаңыз сізде ешуақытта ақша болмайды, байымайсыз. Үнемшілдікті әдетке айландырыңыз. Ақшаны бет алды шашпаңыз. Байлыққа баратын жолды аңсап тұрсаңыз, ол жол базарға барғандай қарапайым әрі түзу. Ол негізінен мына екі сөзден тұрады - ынтаңыз бен үнемшілдігіңізден. Уақытыңызды бет алды ысырап қылып, ақшаңызды рәсуа қылып шаша бермеңіз. Осы уақытыңыздың да, қаражатыңыздың да қарымтасы барынша қайтатындай етіп ақшаңыз бен уақытыңызды жұмысқа жегіңіз, мүмкіншілікті ұтымды пайдаланыңыз.

Адам табиғатында өмір сүруге керекті жанталастың тұқымы салынған. Осы өмір үшін жанталас - адамзаттың алға жылжып дамуының басты себебі. Туғаннан өлгенге дейінгі аралық, пенде үшін алма-кезек қайталанып жататын сынақ алаңы. Осы өмір үшін күресте біз баға жетпес тәжірибе жинақтаймыз. Осы күресте, алдымызға қойған мақсатымызға жеткізетін даналық, күш, қуатқа ие боламыз.

Өмірде жолы болмаған пенделер өздерінің өмірлерін «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» өткізгісі келеді. Олардың түсінбейтіні, өмір осыларды езіп жіберетіні. Өмірдің шырғалаңдарына қаймықпай қасқайып қарсы тұру үшін мықты мінез, айқын мақсат, нақтылы жоспар болу керек.

Өмірдің мәнін түсінгеннен кейін, біз осы мақсатқа жетелейтін күрестің шартын қабылдаймыз. Нәтижесінде ерінбей еңбек етіп, көрсе қызарлықтан, бет алды тапқан табысыңды оңға-солға шашып, қарызға кіре беруден құтылмай мақсатқа жетуге болмайтынын түсінеміз.

Слайд көрсету «Қуат-элект» Бізге үйімізге электр қуаты қплай келеді? Сұхбаттасу

2-тапсырма Суретпен жұмыс

Сұрақ-жауап әдісі. Балалар энергияны қайдан алады?

3-тапсырма Тәжірибе көрсету

4-тапсырма «Үйде электр қуатын үнемдеу» атты видио көрсету. Сұхбаттасу «Неге тіршілік тоқтап қалды деп ойлайсыздар?»

5-тапсырма Ойын «Энергиялық бюджет»

Мақсаты: Ең үнемшіл адамды танықтау.

Берілген сурет бойынша жұмыс. Қатысушыларға 8-теңге ақша мен суреттер беріледі. Сұрақтар оқылғанда өз ақшасымен таңдаған суретін алады.

Сізге достарыңызды туған күнге шақыру керек. Оның алдында сіз кір жудыңыз оны қалай кептіресіз

Сізге пирог пісіру керек дүкеннен жұмыртқа мен май алу керек. Ал дүкен 3км жерде немен барасыз?

Пирог үлкен оны қалай илейсіз?

Өзіңізді жөндеп басыңызды жудыңыз немен кептіресіз?

Сізде әлі бос уақыт бар не істейсіз?

Достарыңыз келді. Сізде көп ыдыс-аяқ қалды немен жуасыз?

6-тапсырма Слайд көру

Энергия қуатының күту режимінде тұруы. Не үшін ақша төлейміз?

7- тапсырма

Ойын «Шынжырлы қуат»

Мақсаты: Жылдамдыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Топ мүшелері доғал болып ортада тұрады. Басшы белгі бергенде барлығы бойларынан тоқ жүргізеді алақанды қысу арқылы.

8-тапсырма «Мақал-мәтелдер»

Берілген мақал-мәтелдерді толықтырып жазу.

1.Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).

2. Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).

3. Судың да ...................(сұрауы бар).

4. Теңге ................(тиыннан құралады).

5. Көрпеңе қарай ......... (көсіл).

6. Ақыл азбайды ........(білім тозбайды).

7. Ақшаны табудан ....... (шашу оңай).

8. Ақша кетуге тырысады,

Есеп ...... (ұстауға тырысады).

9-тапсырма Барлық ата-аналарға кері байланыс парағын тарату.

Кері байланыс парағы

1. Коучинг барысында сіздің дамуыңызға әсер етті ме?

А) иә

Б) жоқ

В) білмеймін

2.Осындай коучингтің қажеттілігі бар ма?

А) иә

Б) жоқ

В) білмеймін

3.Осы коучингтің өту формасы туралы көзқарасыңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Коучигта сіз үшін сәтті шыққан не?

А) семинарға дайындық

Б) ұйымдастыру

В) мазмұны

5.Келесі коучингтың қандай тақырыпта болғанын қалар едіңіз?_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз!

Қорытындылау:

© 2010-2022