Тәрбие сағаты Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың бір - бірімен жақсы қарым -қатынаста болуға үйрету. Міндеттері:Білімділік: Айналасындағы адамдарға адалдығы мен әдептілігін қалыптастырату. Дамытушылық: Тақырыпты меңгеру арқылы, адалдыққа, мейрімділікке дағдылану. Тәрбиелік: Рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сабақтың типі: жаңа ұғымды қалыптастыру. Оқыту әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, тренинг. Сабақтың көрнекілігі:күн суреті, талдың суреті, үнтаспа. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі

Күнде шат, күліп күн

Шаттанамыз бәріміз

Өміріміз көңілді

Мәңгілік достықпен

Мақтанамыз бәріміз.

2.Кіріспе әңгіме Ертеде қаз дауысты Қазыбектің ауылына бір саудагер келіпті. Түстеніп тамақ ішіп болған соң Қазыбекке:

  • Би бір сөз сұрайын деп едім- депті.
  • Сұраңыз,- дейді Қазыбек би.
  • Біз өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық
  • Сөздің атасы кім, апасы кім? - депті
Сонда Қазбек:
  • Сөздің атасы - бірлік, анасы - шындық деген екен.
  • Балалар, бірлік дегеніміз - тату болу деген сөзді білдіреді.
  • Ал шындық туралы сендер не білесіңдер. Егер шындық - сөздің анасы деп түсінетін болсақ, онда ол қандай қасиет болған? (балалар өтірікпен салыстыра отырып, шындыққа анықтама береді)
-Ал, адал болу деген не? (Балалардың жауаптары. Олар адалдық қасиеттің мәні жөнінде пікір таластырып , анықтама шығарады).
3. Тренинг «Алақан»
Оқушылар бір рет қағазға әрқайсысы өз алақандарын бастырып салады. Ортасына бірінші аты- жөнін жазады да, келесі балаға жалғастырып береді. Ол оқушы алақанға берген баланың бойындағы бір рет жағымды, жағымсыз қасиеттерін жазып жалғастырып жібереді, соңынан әр баланың алақанындағы жазуларды оқу арқылы оқушылар кім екенін өздері айтады, табады.
4. Тест. Келесі сөйлемді аяқтап жаз. 1. Мен тез бас тартамын ( неден?) 2. Адамдардан маған ұнамайтыны (нелер? Қандай қасиеттер?) 3. Егер бір адам келесі бір адамға әдепсіздік, әділетсіздік жасап жатса, онда мен (не істеймін?) 5. Ойын аукцион. Адамға бойындағы жақсы қасиеттерді білімге айырбастау. Мысалы: мейірімділік (артындағы сұраққа жауап беру арқылы сатып алады)
6. Талдың суреті талдың діңінде жазылған 1. - Мен үлгілі оқушымын 2. - мен тәртіпті оқушымын, бірақ кейде сабаққа дайындықсыз келемін 3. - мен жақсы оқушымын, бірақ кейде еркелеймін ,жалқаулығым бар, өтірік айтамын Күннің суретін ұстап тұрады.
7. Болашақта сен қандай болғың келеді? - Өз бойымдағы жағымсыз қасиеттерді жойып өздерін жақсылыққа тәрбиелейтіні туралы әңгімелеп, тілектерін айтып (күннің шапағын ұстайды) 8. Өлең оқу «Адам болам десеңіз» Абай 9. Ән: хормен «Болайықшы осындай».


© 2010-2022