Өзін өзі тану пәнінен Адам болу -арманым (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Адам болу-арманым.
Мақсаты: Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру. Міндеттері: -Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. -Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. -Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: , Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, ойын әдісі Барысы: Оқушылар музыка әуенімен сыныпқа кіреді.Жарты шеңбер болып тұрады. Мұғалім оқушыларға апталық туралы, оның тақырыбы және бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отырғанын айтады.Топқа бөледі. 1-топ-әдептілік 2-топ-сыпайылық 3-топ -еңбекқорлық Оқушылар орындарына отырады.Топ туралы айтады,«Әдептілік » деген сөз-әдепті болу, үлкендерге сәлем беру,«Сыпайылық» деген сөз-үнемі сыпайы болу, сіз, біз деп сыйлау» «Еңбекқорлар» деген сөз-еңбекті сүю. Тыныштық сәті. Шындық деген -ар-ұят, Әділдік пен адалдық. Бол ісіңе мұқият, Қашсын десең жамандық. Айтпа,жаным, өтірік. Болам десең үлгілі, Мәпелеген өсіріп, Сен де еліңнің бір гүлі... -Балалар, айтыңдаршы, біз кімбіз? -Адамбыз -Адамды қоршаған ортаны не дейміз? -Табиғат -Адам табиғаттың бір бөлігі.Адамды адам ететін оның жақсы қасиеті.Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен ,ақылдылығымен, күш-қуатымен ерекшеленеді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Адам болу-арманым» деп аталады.(Тақтаға жазады) Бүгінгі сабақта не туралы айтатынымызды біз сабақ барысында білеміз.Оқулықты ашып, «Нағыз адам боламын» Е.Өтетілеуовтың өлеңін кезекпен оқып шығамыз.(Е.Өтетілеуов 1938 жылы 1- қаңтарда Ақмола қаласында дүниеге келген.«Балдырған» журналында жұмыс істеген, «Балауса» баспасында 20 жыл жұмыс істеген,балаларға арналған көптеген өлеңдері бар. Ол-балалар ақыны.) -Өлең не туралы? Иә, өлеңде ең жақсы мамандықтар туралы айтылады.(Слайдтан әр түрлі мамандықтарды көрсетіп,олардың атқаратын қызметі туралы балалардан сұрайды). Сұрақ: 1-топқа: Ата-анаң қандай болғаныңды қалайды? 2-топқа: Өзіңнің кімге ұқсағың келеді? 3-топқа: Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылардың жауабы) -Мен сендерге әңгіме айтып берейін.Әсет деген кішкентай баланың тілін жақсы көріп, үлкендер үнемі «Сен өскенде кім боласың?» деп сұрайды екен.Ол әр түрлі айтады. Бір күні дәрігер болам дейді, бір күні жүргізуші, тағы бір күні шахтер, шопан дейді. Бір күні атасы:- Ең бастысы , адам бол,-депті.-Мен онсызда адаммынгой, -депті.-Ойлан, ойлан , -депті атасы. -Балалар, атасы немересіне не айтқысы келді? Дәйексөз Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан! Дәйексөздің мағынасын ашу. Сергіту сәті. Оқушыларды шеңберге тұрғызу.(тренинг) Мұғалім: -Мен -адаммын, өйткені, мен балаларды жақсы көремін, (ары қарай оқушылар жалғастырады) Жағдаят. 1-топқа тапсырма «Сыныпта» ,2-топқа«Көшеде», 3-топқа «Автобуста».Оқушылар жағдаятты сахналап көрсетеді. -Қандай әрекет жасайсың? -Қандай қасиеттер көрінді? Қалған оқушылар осы жағдаятқа байланысты қойылған сұраққа жауап береді. Мұғалім сабақ соңында оқушыларға түрлі-түсті бас киімдерді кигізіп, «Нағыз адам болу үшін адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек деп ойлайсың?» деп сұрақ қояды. Оқушылар «адалдық»,«мейірімділік» «қамқорлық» т.б. -Балалар,қолдарыңыздағы күнді қасыңыздағы өзіңнің парталас досыңа сыйла,барлығыңыз осы күн сияқты жан-жағыңызға күн шуағын шашып жүріңіздер.Бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар.Сабақты әнмен аяқтау «Ата-ананы тыңдаймыз» (Б.Бисенова.)


«№ 7жалпы білім беру орта мектебі» КММ




«Өнерлі бала

сүйкімді »

(Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ)

3-сынып

Өткізген:Чыгырбаева.Ж.

бастауыш сынып мұғалімі

Мұнайлы ауданы

2015-2016 оқу жылы


© 2010-2022