Өзін-өзі танудан Менің үйдегі кіші достарымі тақырыбына әдістеме

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің үйдегі кіші достарым.

Өміріміздегі ең ізгі нәрсе ---------- достық.

Халық даналығы.

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

-үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінік беру;

-үй жануарларыменжағымды қарым- қатынас дағдыларын дамыту;

-жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,хрестоматия

Тыныштық сәті

Топтасу

Әңгімелеу.

Ит пен мысық адамға қалай дос болды?

(Ертегі)

Баяғы заманда бір шал мен кемпір болыпты.Балалары жоқ екен.Шал он шақты қойын бағады,аздап егін егеді.Кемпірі тамақ істеп,киім тігеді. Бұлар жинаған шамалы астығының бір бөлігін диірменге тартып, қалғанын базарға апарады. Сөйтіп шал мен кемпір осылайша тіршілік етеді.

Бір күні шал астығын алмақ болып қамбасын ашса,өріп жүрген көп тышқанды көреді.Бидайдың біразын тасып әкетіпті.

-Күн көріп отырған астығымызды тышқан тасып әкетсе ,біз қалай өмір сүреміз?-депмұңаяды шал.

Сол кекзде шалдың жанынан бір мысық өтіп бара жатады.Ол:

-Егер тышқаннан құтқарсам,ақысын бересің?-дейді.

-Қарыз болып қалмаспын, құтқара гөр,-дейді шал.Келесі күні шал қамбаға келсе, пырылдап ұйықтап жатқан мысықты көреді.Түнімен тышқан ауласа керек.Бір тышқанда қалмапты.

Мысық оянып;

-Тышқаннан құтқардым ба?-дейді маңғазданып.

-Сенің жақсылығыңды қалай қайтарсам екен?

-Маған ештеңенің қажеті жоқ. Тек үйіңде тұруға рұқсат етсең болды,-дейді мысық.

- Жарайды. Қанша тұрғың келсе тұра бер.Сен бізге көмектесесін,- дейді шал.

Сөйтіп шал, кемпір және мысық үшеуі қайғысыз, мұңсыз бірге тұрып жатыпты.

Содан қасқыр деген пәле шығады. Әр түн сайын шалдың бір қойын арқалап әкетіп отырады.

-Құдайым-ай! Мына қасқырдан құтқаратын біреу табылар ма екен? - дейді шал уайымдап.

-Мен құтқарам ! дейді мысық, мияулап. -Орманда бір танысым бар. Сол көмектеседі.

Мысық орманға келеді. Итті тауып алады. Ит болса, ескі әдетімен мысыққа тап береді.

-Сабыр ет ! - деп , баж ете қалады мысық. -Талай жылдар бойы аңға қатар еріп шығып жүрген досыңды ұмытып қалғаның ба? !Мен қазір адамдармен бірге тұрып жатырмын. Жылы үй, даяр тамақ. Бірақ бір пәле пайда болды.

-Ол не пәле? -деп сұрайды ит.

-Қасқыр шал мен кемпірдің қойын ұрлап, қоймай барады.

-Ал қарттар сені не үшін тұрғызып жүр?

-Мен олардың астығын тышқаннан қоримын.

-Қарай гөр! Жақсы жұмыс тауып бергенін.

-Иә. Саған да жұмыс табылады.Қойды қасқырдан күзетесің.

-Ол үшін маған не береді?

-Даяр тамақ, жылы үй.

Келесі күннен ит қойды күзетуге кіріседі.Қасқыр қас қылғандай бірінші күні де, екінші күні де келмей қояды.Үшінші к түн дегенде , қойларға қарай ұрланып келе жатқан қасқырды ит сезіп қалады. Арс етіп,қасқырға тап береді.Иттің аузына түсе жаздаған қасқыр әрең қашып құтылады.

Иттің үргенін естіп, жүгіре шыққан шал мен кемпір қойларының аман екенін көреді.

-Қойды аман алып қалған сен екенсің ғой.Біздің мысықтың досы боларсың сірә?! Жарайсың! - дейді шал қуанып.

- Рұқсат болса ,мен де сіздермен тұрар едім, -дейді ит.-Қойды күзетем.

-Әрине , сендей адал көмекші бізге өте қажет. Сен бүгіннен бастап біздің досымыз, әрі көмекшімізсің, дейді қариялар.

Сөйтіп, шал мен кемпір , мысық пен ит уайым-қайғысыз өмір сүріпті.Мұны көріп, басқа мысықтар мен иттер адамға үйір болып, оның сенімді серігі, адал досына айналыпты.

. Ит пен мысық адаммен қалай достасты?

. Сендердің осындай кішкентай достарың бар ма?

.Сендер оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз

Тәрбиеші «Өміріміздегі ең ізгі нәрсе ----достасу» деген халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Ойын. «Жұмбақтар шешу»

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде жануарларды қатыстырып ертегі құрастырып беру.

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Қамқорлық ----- жақсы қасиет.

Жануарларға қамқормын.

Тыныштық сәті

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап бастарыңдыжоғары көтеріп, ыңғайлап отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махабат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Қорытындылау

-Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз өзіміздің кішкентай достарымыз ит пен мысық, олардың адамға тигізер пайдасы жөнінде білдік. Оларды жәбірлемей, қамқорлық көрсету қажеттігін түсіндік.



© 2010-2022