Құстар -табиғаттың бір бөлшегі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Құстар- табиғаттың бір бөлшегі.»

Сабақтың мақсаты:

Балалардың құстар жайлы білімдерін тиянақтау, өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру;

Құстарға қамқор болып күтуге, қорғауға тәрбиелеу;

Балалардың ойлау қабілетін, тілін дамыту;

Сабақтың көрнекілігі: құстар суреті, бүктемелер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақ.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

( Ағаштар көктейді, мал төлдейді, құстар келеді, қар ериді, күн жылынады).

Көктем жайлы өлең оқыту.

  • Міне, балалар, бүгінгі сабағымыз көктем жайлы екен. Құстар дегенде көзімізге не елестейді? ( Үшкір тұмсық, қанаты, мамығы, екі аяғы, тырнақтары, т.б.)

  • Құстардың немен қоректенеді?...

  • Дала құстарының үй құстарынан ерекшеліктері неде?

  • Балалар: дала құстары табиғатта өз бетінше өмір сүреді.Олар ағаш қуысына немесе басына, бұтақтарының арасына ұя салып тіршілік етеді.Құстар дәнді дақылдармен, түрлі өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді.Суық түскенде кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді, қарлығаш, ұзақ т.б.

Құстар үй және дала құстары болып бөлінеді.Олай болса біз дала құстарына тоқталайық. Атап беріңдер.).

3. Жұмбақты шешу.

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі........(торғайды)

Аспанға ұшты ,2 қарға,1 көгершін,

4 көкек, 3 қарлығаш, барлығы нешеу?

Көкке ұшады тізіліп, біз қараймыз қызығып.( тырна)

Еркін самғап ұшсын деп

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,- деп,

Қайсы құсты біз мақтаймыз?

4.Құстар жайлы кім қандай тақпақтар біледі екен:.

Құстар біздің досымыз,

Бау бақшаны қорғайды.

Ұя жасап қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

Қарлығашқа тимеңдер.

Ол жарықтық киелі.

Адамзатты сүйеді.

Соған жақын жүреді...

( Өлеңдерде қандай құстар жайлы айтылған?)

5. Сергіту сәті. «Құс болғым келеді»

6. Құстарға байланысты қандай тыйым сөздер білеміз?

Балалар:

Құстың ұясын бұзба.

Құстардың балапанына тиіспе!

Құсқа тас лақтырма!

7.Сауысқан, көгершін, қарлығаш, аққу, қаз, тауық.

Осы сөздерге дыбыстық талдау жаса.

«Суретте не артық» ойыны

8. Оқушыларға тапсырма . «Ой тастау».

а) Қиықтардан құстар құрау. Сол құстардың пайдасын айту.

б) Сурет бойынша әңгіме құра.

- Енді сабақ соңында сендер « Қарлығаш пен дәуіт» ертегі бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

- Қарлығаштың балапандарына не болды?

- Қарлығаш нелерден көмек сұрады?

- Көкек не деді?

Бүркіт қайда жиналып жатыр еді?

-Қарлығаш неге кездесті?

- Дәуіт қандай іс жасады?

- Жылан қайтті? Әрқайсысына мінездеме бер. Ертегі оқиғасын көз алдарыңа елестетіңдер.

- Мен қарлығаштың балапандарын көріп тұрмын...

- Өрмелеген жыланды көріп тұрмын...

9.«Құс »жандандыру.

Балалар, өздерің құс болып сезінулеріңді сұраймын.

Құстар биікте самғап ұшып жүр,кенеттен кішкентай құстар сияқты тұзаққа түсіп қалдыңдар.... кенеттен әжейге кездесіп құсты босатып жіберді...(әрі қарай өз ойларыңды дәптерге түсіріп келіңдер....)

10. Құстар - табиғаттың бір бөлшегі .Кәне, енді бәріміз құстарға мейірімді сөздерімізді айтайық ( ұя жасаймын,мен құстарға тиіспеймін, жем беремін, қамқор боламын , жемсауыттар дайындаймын т.б.).

11.Бейбітшілік құсы көгершіннен хат келіпті , балалар! Ішінде не барын көрейік. Ішінде жұлдызшалар бар екен. (қызыл,көк,сары осы жұлдызшалар арқылы оқушылар білімін бағалау).

Балалардың орындауында «Қарлығаш»әні

Қарлығаш, қарлығаш талап қандай тамаша

Көркіне сен дағы қуанасың балаша,

Мейірімді досым -ай , қанат қағып ұшсын -ай

Ля- ля ля- ля ля -ля ля- ля ля- ля -ля.

Қарлығаш, қарлығаш талмасыншы қанатың

Нұрлы күн сәул шаш,барлық бала қуансын.

Мейірімді досым -ай , қанат қағып ұшсын -ай

Ля- ля ля- ля ля -ля ля- ля ля- ля -ля.

12. Сабақты қорытындылау. Мақтау.

Балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.


© 2010-2022