Заттың санын білдіретін сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 1-сынып (ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер.
Үш би Н.Оразалин.
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту, оларға қазақ халқының үш биі туралы мәлімет беру.
Ә)Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру.Сөйлеу мәдинетін дамыту,сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.Мәнерлеп оқуға, таза, қатесіз жазуға үйрету.
Б)Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үш би суреті, дидактикалық материалдар
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн ұстаздар,
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді баламыз.
Үй тапсырмасын тексеру. «Домалақ ана» Т.Молдағалиев.
«Гүл » құрастыру ойыны
1.»Домалақ ананы» неліктен «әулие», «қасиетті» дейміз?
(көріпкел,ақылды, адал, таза адам)
2.Жақсы адам қандай болады деп ойлайсыздар?
( ақылды, адамгершілігі мол, парасатты, әдепті, алғыр, тілалғыш)
3.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
(Қанша? Неше? Нешінші?)
4.Т.Молдағалиев кім?( ақын, жазушы)
5.Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
(Қандай? Қай?)
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
Суретпен жұмыс
Балалар мынау ненің суреті?
-Аңдардың
-Қандай аңдар?
-Қоян, аю,қасқыр.
-Аңдар нешеу?
-Үшеу.
Ендеше ,біз бүгін заттың санын білдіретін сөздер екінші сабағын өтеміз.
-Аңдардың бізге тапсырмасы бар екен.
-Оларды орындаймыз ба?
-Иә.
-Бірінші қандай аңның тапсырмасын орындаймыз?
Қоян 136- жаттығу.
Берілген сандарды сөзбен жазыңдар.
Он бір, он екі, он үш, он төрт.
Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Аю: 137-жаттығу.
Сұрақтарға жауап жазыңдар.Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
1.Атың кім? Менің атым-Мәншүк
2.Неше жастасың? Жеті жастамын.
3.Қай сыныпта оқисың? Бірінші сыныпта оқимын.
Қасқыр: Суретпен жұмыс
Қазақтың үш биі туралы мәлімет беру.
Төле би Әлібекұлы 1663-1756жж өмір сүрген.Ұлы жүздің төбе биі.Ел аузында Төле би туралы көптеген аңыздар сақталған.Оның айтқан нақыл сөздері, мақал-мәтелдері ел арасында көп тараған.
Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің төбе биі.Ел аузында Әйтеке би айтқан шешендік сөздер, баталар көп сақталған.
Қазыбек би Келдібекұлы 1667-1764жж өмір сүрген. Орта жүзден шыққан, от ауызды, орақ тілді шешен.
Автор туралы мағұлмат:
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 13-маусымда 1947 жылы Алматы облысы , Ұйғыр ауданы,Диқан ауылында дүниеге келген.
Ол- ақын, драматург, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері.»Беймаза көңіл», «Көктем кеші», «Азаматқа аманат», « Ғасырлармен қоштасу», т.б кітаптары бар.
Оқулықпен жұмыс
А) Өлеңді мәнерлі оқу,түсіндіру
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сөздік жұмыс
Би- билік айтатын әділқазы
Баба- арғы ата.
Мақал (мағынасын түсіндіру)
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Сабақты бекіту:
Біз нені үйрендік?
-Қазақтың үш биі туралы. Н.Оразалиннің өмірімен таныстық.
«Кім көп біледі?» ойыны
1.Қазақтың үш биін ата?
2.Н.Оразалин кім?
3.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
4».Үш би» өлеңін кім жазды?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Үш би өлеңін мәнерлеп оқу. 136-жаттығу.

© 2010-2022