О Әрпі ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды О әрпімен таныстыру.

а) Білімділік: Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

б) Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба-кесте

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жұмбақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалардың назарын сабаққа аудару (Өткен сабақты пысықтау).

  • Балалар, барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық:

  • Аспанымыз ашық болсын,

  • Еліміз аман болсын,

  • Деніміз сау болсын,

  • Ақшамыз көп болсын!

2.Өткен сабақты пысықтау

Өткен сабақта өткен дыбыстарды қайталау

А) А дыбысы - дауысты

Б) Т дыбысы - дауыссыз

Г) Дауысты дыбыстар қандай белгімен белгіленеді.

Д) Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады.

Е) А дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.

Ж) Т дыбысынан басталатын сөздер ойлап табу. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Жаңа сабақ

Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығалық.

«Әріптер бағына» біз «Білім» көлігімен шығайық.

БІЛІМО Әрпі ашық сабақ

I. Жолда бізге қасқыр кездесті.О Әрпі ашық сабақ

Ол бізге мына сұрақтарға жауап бермесек, жібермейтінін айтты.

  • Сұрақтарға жауап бере аласың ба?

1. Біздің еліміз қалай аталады?

Қазақстан

2. Біздің рәміздеріміз?

Ту, елтаңба, әнұран.

3. Туымыздың түсі қандай?

4. Елтаңбада не бейнеленген?

5. Біздің президентіміздің аты кім?

6. Санамақтар айтқызу.

II. Қасқырдан құтылып, енді жақындағанда түлкі кездесті.

О Әрпі ашық сабақ

Ол жаңа сабақта өтетін әріпті тану үшін бізге бірнеше суреттер көрсетті.

Осы сөздерде бірінші қандай дыбыс айтылып тұр?

О дыбысы қалай айтылып тұр? Дауысты

Осы дыбыстан басталатын сөздер ойлап табу.

Буынға бөліп айтқызу.

Осы сөздерден сөйлем құрау.

Отан деген сөзге сөйлем құрау.

Отан туралы тақпақ айтқызу.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан ана

Отан - үлкен

Қазақстан туған ел

О Әрпі ашық сабақО Әрпі ашық сабақ

Ою Ожау


О Әрпі ашық сабақО Әрпі ашық сабақ

О

Орындық Орман

О Әрпі ашық сабақО Әрпі ашық сабақ

Орамал Орамжапырақ


  • Сонымен әріптер бағымен қош айтысып,саяхаттан аман-есен өз мекенімізге оралдық.

Қорыту:

Балалар сабаққа жақсы қатысқандарың үшін Алдар көсе атамыз сендерге мынадай сыйлықтар беріп жіберді.

Балаларға ою мен бес жұлдыз беру.










© 2010-2022