«Балаларға гигиена дегеніміз не?»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балаларға гигиена дегеніміз не?»Тақырыбы: «Балаларға гигиена дегеніміз не?»

Мақсаты:Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту қол

жуу, аяқты,теріні күту, шаш күту мен тіс тазалау туралы

түсініктерін кеңейту.

Сыныбы: Шағын орталық

Күні: 22. 01.2014 ж

Түрі: Дәріс

Өткізген: Мектеп медбикесі Насигазиева А.С.

Барысы:

Мектеп медбикесі: I Насигазиева А.С.

Жеке бас тазалығының ережелері.

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

- Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

-Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау - бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

- Кітап - дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

Тері тазалығы - адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі - шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.Сенің шашың күтімді қажет етеді. Шаштың досы - тарақ,, ол әрқашанда таза болсын.Бөгде тарақпен таранба.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

Сенің аяқ киімдерің де тазалық пен ұқыптылық жақсы көреді: оны жу, кептір, аяқ киім маймен майла.Бөгде аяқ киімді киме.

Адамдарда отыз екі тіс бар, оның алғашқылары сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер өсетінін айтады.

Осы отыз екі тісті сақтау үшін күніне екі рет тісті тазалау керек. Тамақта үнемі орамжапырақты қолдану керек, оның құрамында тісті және қызыл етін сақтауғакөмегін тигізетін «С» дәрумені бар.Сүтті көп ішсеңдер,тіс мықты болады. Сәбізді міндетті түрде жеу керек, себебі оның құрамында адам ағзасына пайдалы - темір, «В,С» дәрумендері өте көп. Ал, тіспен қатты затты шағып жеу, тістеп көру тіс эмаліне зиян келтіреді.Тіс эмалі дегеніміз тістердің сыртқы қабаты.

Естеріңде болсын: тамақты ішіп болғаннан кейін аузыңды шаюды ұмытпа.Бұл ережені орындамасаңдар, сендердің тістеріңде тесік (кариес)пайда болады.Ондай жағдайда тезірек дәрігерге көріну керек.Тіс емдейтін дәрігерді - стоматолог дейміз.Жылына екі рет тіс дәрігеріне қаралу керек.

Ереже:1.Тісті күніне екі рет тазала

2.Тамақтан кейін ауызыңды шаю.

3.Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпе.

4.Жаңғақты тісіңмен шақпа.

5.Тәттіні көп қолданба.

6.Дер кезінде тіс дәрігеріне көрін.

7.Әркімнің өзінің жеке тіс щеткасы болсын.

II.Қорытынды.





Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі Бекітемін: Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:_______________З.М.Ескалиева











Баяндама:





Дайындаған: медбике Насигазиева А.С.











2013- 2014 оқу жылы

© 2010-2022