Бәрінен де жақсы, ана тілі 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бәрінен де жақсы, ана тілі 1-сыныпБәрінен де жақсы, ана тілі 1-сыныпКүні:2.03.15

Сыныбы:1

Пәні:Ана тілі

Тақырыбы: Бәрінен де жақсы. Мәтін.

Мақсаты: Оқушыларға мәтін жайлы түсінік беру. Мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жетелеу, оқу-жазу дағдыларын жетілдіру. Оқушыларды инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: сызба.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ. Өткенді қайталау:

- Балалар, бүгін біздің сабағымызға «Негештен» хат келіп қалыпты. Бірақ хатта айтылған ой түсініксіздеу, сөйлемдердің орны ауысып кеткен сияқты. Сондықтан мен анамды жақсы көремін. Менің анам өте мейірімді. Ол мені жақсы бала болып өсуімді қалайды. Оқушылар берілген сөйлемдердің орнын ауыстырып оқиды. Осы тәрізді бірнеше мысал арқылы сөйлемдердің өзара мағыналық байланыста айтылуынан мәтін құралатыны байқатылады.

- Енді осы білгенімізді сызбаға келтіріп көрелік:

Сөздер Сөйлемдер Мәтін.

ІІІ. Жаңа сабақ:

119-жаттығу.

1. Мәтінге қатысты мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

2. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

3. Мәтінді оқушылардың оқуы.

4. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтармен тапсырмалар:

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Кішкене қыз анасы туралы не айтты?

- Өз анаң туралы әңгімеле.

- Ана туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

ІҮ. Сөздік жұмысы:

Топты адам - көп адам

Жұбатып - жылағанның басу.

Сергіту сәті:

Бір, екі үш

Жинап бойға күш.

Төрт , бес, алты

Отыр , тұр шалқы.

Жеті , сегіз

«Уһ» деңіз

Тоғыз, он

Енді орныңа қон.

120-жаттығу.

121-жаттығуда ребус шешіледі. Шешуінде мәтін сөзі шығады.

Ү. Бекіту:

Толықтыру тесті:

Төмендегі ережені толықтыр.

Мәтін - ------------

а) Дұрыс құрылған бір сөйлем.

ә) Өзара мағыналық байланыста айтылатын бірнеше сөйлем.

б) Өзара мағыналық байланысқан бірнеше сөз.

VІ. Бағалау :

V. Үйге тапсырма: мазмұндау

2.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс . Компьютермен жазу.


© 2010-2022