Урок на тему Боран

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок на тему БоранУрок на тему БоранУрок на тему БоранУрок на тему БоранУрок на тему Боран

Урок на тему БоранСабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Боран»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

М.Әуезовтың өмірі , шығармашылығымен тереңірек таныстыра отырып, мәтіннің негізгі ойын аша білуге үйрету,боран туралы түсініктерін толықтыра түсу.

2.Дамытушылық:

Оқушыларға көркем сөздің мағынасын меңгерте отырып,сөздік қорларын,сөйлеу машықтарын дамыту.Өз ойларын еркін жеткізе білуге машықтандыру.

3. Тәрбиелік:

Табиғаттың қандай құбылысы болса да оны сүйе білуге,қарсы тұра білуге тәрбиелеу.Сабақ үстінде бір - бірін тыңдай білуге,сыйлай білуге баулу.

Сабақтың түрі:Дамытушылық.

Әдіс - тәсілдері:

Сұрақ -жауап,талдау,жинақтау,қорытындылау,ұжымдық,жекелей,топтық.

Көрнекіліктер: М.Әуезовке арналған слайд,табиғат құбылыстарының суреттері ,бейне баяны,СТО технологиясының стратегиялары «Топтастыру», «Венн диаграммасы»,кесте.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:

Түрі - түсті суреттерді таңдау арқылы оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

- Сабаққа зейіндерін аударту.

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін

Қайырлы күн ,балалар!

Мақсатымыз:

Білім алу

Міндетіміз:

Еңбектену арқылы

Биікке қол жеткізу

2.Үй тапсырмасын тексеру

- Абайдың « Қыс» өлеңін жатқа сұраймын.

- Үш топқа қосымша тапсырмалар берілген:

1 топ - Қыс туралы шығарма жазып келу.

2 топ - Осы өлеңдегі қыс бейнесін сурет қылып салып келу.

3 топ - Қыс туралы өлең шумақтарын құрастыру.

3.Жаңа сабаққа дайындық.

Аққала құрастыру ойыны. Аққаланың әр бөлігінде қыс мезгіліне байланысты сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы аққала құрастырады.

Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын. Осы жұмбақты шешсеңдер сабағымыздың тақырыбы шығады.

Жерді тырнап,бұтаны ырғап.

Көрінбейді өзі,терезені ұрады.

Айтатын сөзі жоқ,ысқырып тұрады

Болмаса да аяғы,серуенді құрады. Боран

4.Жаңа сабақ.

1.Дұрыс бүгінгі сабағымыз ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді «Боран» деп аталады.

- Балалар сендер М.Әуезов туралы не білесіңдер?

- Қандай шығармаларын білесіңдер?

- М.Әуезов туралы қандай шығарма оқып едіңдер?

М.Әуезов туралы ,оның шығармаларымен қысқаша таныстырып өтемінБейнебаян көрсету арқылы)

2.-Енді сендердің «Боран» деген сөзді қалай түсінетіндеріңді білгім келіп тұр.

Топтастыру стратегиясы арқылы балалардың білімін тексеремін.3 топ орындарында жазып,таныстырады.

Боран

3.Ал енді балалар,М.Әуезов өз шығармасында қалай бейнелеген екен оқып,танысайық.

Мәтінді оқып таныстырамын,оқушылар түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.

4.Сөздік жұмысы:

Қиыршық-жұмыр

Беймаза-мазасы кетіп

5.Сұрақтар қою арқылы мәтінді талдаймыз.

6.Ал,енді балалар,енді жаңағы өздерің жасаған талдау мен оқыған мәтіннің арасында ұқсастық барма?Қорытынды жасайды.

Сергіту сәті

7.Мәтінмен жұмыс:

1-топ: Мәтінге сүйеніп,үсінуден қалай сақтану кекрегін айтады.

2-топ;Мәтіннен автордың боранды неге теңегенін айтады.

3-топ.Мәтіннен Абайдың мазасы кеткен жерін тауып оқиды.

8.Дәптермен жұмыс:Ұсақ,қатты,қиыршық сөздеріне қарсы мәндес сөздерді тауып дәптерлеріне жазады.

9. «Венн» диаграммасымен жұмыс.

А.Құнанбаев «Қыс»

Ортақ қасиеті

М.Әуезов «Боран»

3 топ өздері жазып,салыстырады.

«Боран» бейнеленген бейнебаян көрсетіледі.

5.Сабақты қорытындылау.

Бірлесе отырып кестені толтырамыз.

Не білемін ?

Не білдім ?

Не білгім келеді ?

- Мәтін саған несімен әсерлі болды.

- Мәтін қалай аяқталады деп болжам жасайсың.

- Мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың?

VI. Бағалау 3 топтың жасаған тапсырмаларына баға береміз

VII. Үйге тапсырма.

1. «Боран» оқу, мазмұндау.


«№16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.





Әдебиеттік оқу.

Мұхтар Әуезов

«Боран»

3-сынып


Бастауыш сынып мұғалімі

Иксанова.Ш.О.











Риддер қаласы.

2015-2016



© 2010-2022