Қазақ батырлары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданы

«Төрткүл» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Байбол Асия Адырбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.

Оқушыларға сан есімнің сөйлемдегі қызметі

туралы бере отырып, олардың сан есіммен

алған білімдерін нығайту.

2. Дамытушылық.

Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, сан

есімдерді табу арқылы баланың ой шапшан-

дығын жетілдіріп,өз ойын тиянақты

жеткізуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік.

Отанын сүюге, тарихи мұралар мен

батырларын құрметтеп,

ардақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, біріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын әдісі.

Оқушы нені меңгереді: Сан есім жайлы алған білімдерін

тереңдетеді.

Сабақ көрнекілігі: Кесте-сызбалар, компьютер,

видиопроектор, тест тапсырмалар,

Абылай хан, қазақ батырлары мен

қару-жарақ суреттері.

Пәндер байланысы: математика, дүниетану.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындау.

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

-Бүгін біз Білім сарайына қонаққа барамыз.

-Білім сарайына кіру үшін, есікті ашу үшін бізге не керек?

-Кілт.

-Дұрыс, тағы не керек?

-Білім.

Білімді көрсету үшін ойын арқылы сұрақтарға жауап береміз.

Шашылған сандар.

Орны ауысқан сандарды дұрыс орналастырсақ,осы сандардан сиқырлы сөз шығады.

1.Қазақ хандарының арасында Абылайдың орны қандай?

2.Абылай ханның шын аты кім?

3.Абылай хан кімдермен шайқасқан?

4.Абылай ел билеуде қандай билермен ақылдасып отырған?

Қазақ батырлары

Сонымен, «Абылай хан» туралы не біліп, үйрендік, еске түсірейікші.

«Көшпенділер»немесе «Абылай хан» деректі бейне фильмінен үзінді көрсетіледі.

-Енді сұрақтарға жауап берейік.

1.Қазақ хандарының арасында Абылайдың орны қандай?

2.Абылай ханның шын аты кім?

3.Абылай хан кімдермен шайқасқан?

4.Абылай ел билеуде қандай билермен ақылдасып отырған?

5.Абылай қандай батыр бабалардың ерлігіне сүйенген?

6.Мәтіннің мазмұнын айтып бер.

7.Мәтінді оқып бер.

8. Мақал-мәтелдерді жатқа сұрау.

9.Абылай хан, үш биге қатысты біздің ауданда қандай қасиетті, киелі жер бар?

-Ордабасы

-Ордабасы тауы. 19- 18 ғасырда кеңестер өткізуге, белгі

беруге пайдаланған .18 ғасырдың 20- жылдарында осында қазақтың үш биі елді бірлікке шақырып, жоңғар басқыншыларына тойтарыс беру үшін бір тұтас әскер

жасақтаған.

-Ауданымыздың аты да Ордабасы ауданы деп аталады.

Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сандар қататын орналастырдық.

Неше сан бар ? 9 сан. Сандардың артынан шыққан сиқырлы

Сөзіміз Абылай хан. Сендер үйге берілген Абылай хан мәтініне

Жақсы дайындалыпсыңдар.

-Енді, бейне таспадан Абылай хан туралы Көшпенділер киносынан

үзінді көрейік.

-Сұрақтарға жауап беріліп,Білім сарайына есік ашылады.

Қазақ батырлары

-Білім сарайында көп бөлмелер бар,оларға кіру үшін ,өзіміздің білімізді , тапқырлығымызды көрсетіп ,барлық тапсырмаларды орындауымыз қажет.

Қазақ батырлары

-Білім сарайының келесі бөлмесі , « Тіл өнері»

Сөздік диктант.

Екі,қырық,садақ,он екі,қару,сегіз,найза.

-Қане, осы жазған сөздеріміздің қатесін тексереміз.

-Не байқадыңдар?

-Диктант ішіндегі сөздер екі топқа бөлінді.

-Біріншісі сандар.

-Екіншісі қару-жарақ түрлері

Бұл екі сөз тобы да бізге керекті сөздер, есте сақтаңдар!

(Дәптерді жинау,тарату)

Жаңа сабақ

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір қай мезгіл?

-Отбасыңда қанша адам бар ?

-Сенің досың нешеу?

-Жасың нешеде ?

-Сен нешінші партада отырасың ?

-Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым ? Қанша,неше,нешінші?

-Бүгін заттың санын білдіретін сөздерге тапсырмалар ,жаттығулар орындап,ойындар ойнап, жұмбақтар шешеміз.

-Білім сарайынадағы келесі бөлме «Мақал-мәтелдер» деп аталады.Бұл бөлмеде қазақтың көнеден бүгінге жеткен мақал-мәтелдері сақталған.

-Біз ,мақалды оқып қана қоймай,дәптерге жазуымыз керек.

(Тақтаға ай ,күн жазылады).

143-жаттығу. Мақалды көшіріп жаз.

Мақал

Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі..

  1. Қанша?Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді атаңдар.?

  2. Қанша?, неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздермен байланысты айтылған сөздерді атаңдар ?

-«Адасқан сөздер» бөлмесінің тапсырмалары.

алды Балнұр

бес

қазақ тілінен

Қанша ? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

сыныпта Олжас

бірінші

Асылханұлы оқидыНешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

. шешен болсаң, шешіп көр » бөлмесінің тапсырмалары.Қазақ батырлары

Балалар,біздің ауылдың аты қалай аталады?

-Төрткүл.

-Осы сөзде сан атауы бар ма?

-Әрине бар, төрт-сөзі.

Атауларында сандар кездесетін қала,ауыл, өзендер көптеп саналады. Мысалы: қазір сендерге бірнеше сөз көрсетіледі.

-Сөздерді оқып сан атауларын атаңдар.

Төрткүл, Жетісу, Екібастұз, Жетісай, Үштөбе.

-Келесі танысатын бөлме: «Қазақ батырлары» деп аталады екен.

.

Жерін қорғаған

Ер жүрек

Қазақ батырларыҚазақ батырлары

Қазақ батырлары

[Введите цитату из документа или краткое описание интересного события. Надпись можно поместить в любое место документа. Для изменения форматирования надписи, содержащей броские цитаты, используйте вкладку "Работа с надписями".]

Батыр

Қазақ батырларыҚазақ батырлары

Күшті

Ақылды

Қазақ батырларыҚазақ батырлары

Елін сүйгіш

Жаудан қорғайды

-Дұрыс ,ерлік жасаған ,елін, жерін сыртқы жаудан ер жүректі батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай , Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.

-Оқулықпен жұмыс.

Қазақ батырлары

Қаракерей Қабанбай

Қанжығалы Бөгенбай

Шапырашты Наурызбай

Өңкей батыр жиналып

Абылай салды жарлықты.

Үш жүздің басын қосқан Абылайхан, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.

Қазақ батырлары

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға мәнерлеп, тізбектей оқыту

-Өлеңнің келесі тапсырмасын орындайық.

Дәптермен жұмыс.

(қазақ батырларының атын жазу)

Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай.

Сергіту сәті.

Келесі бөлме «Қару-жарақтар» деп аталады.

Қазақ батырлары

«Ой толғаныс»

Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар,

ер азаматтың қаруы болғандықтан, сақадай сай болған.

Ер қару-бес қару.

Оқулықпен жұмыс.

Мақал

Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

Осы мақалды қалай түсінесіңдер?

-Батыры бар ел, бақытты.Батыр елді үнемі қорғайды.

-Батырлар тек бұрынғы кезде ғана емес , Ұлы Отан соғысы кезінде Бауыржан, Әлия, Мәншүк, жерлесіміз Қарсыбай Спатаев сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының батыры деген атақ берілген.

-Дәл қазіргі кезде батырлар бар деп ойлайсыңдар ма?

-Бар. Оған мысалдар көп, соның бірі жақында қардың көп жаууына орай ауданымызда су тасқыны болды . Сол кезде қарғын су Шұбар ауылына да қауіп төндірді. 8 сынып оқушысы Бекасыл өзіне қауіп төнседе , екі ауылдас кішкене балаларды суға кетуден аман алып қалған. Бұл міне ерлік , батырлық.

Келесі бөлме: Шығармашылық жұмыс.

Берілген сөздерді дұрыс орналастырып жұмбақ құрау.

Қағылды,табылды,тек

Мектептен, сағат, сойып.

(Дұрыс жауабы: )

Тек мектептен табылды.

Сағат сайын қағылды. Жауабы : қоңырау

Жұмбақ аты айтқандай қоңырауда жақындап қалған сияқты.

Сабақты қорыту.

Тапсырма орындап мәтін талдап ,

Дәптерге жазу түсірдік.

Соныменен сабақта

Нені оқып, үйрендік.

«Үндемес тест» (жауабы а болса оң ,б болса сол қолын көтереді.)

1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді.

а) қандай б)қанша

2.Сан есімді тап.

а) бес б)балық

Міне, осымен «Білім сарайының» бірнеше бөлмесімен таныстық

-Сабақты бекіту сұрақтарына жауап берейік?

Сабақ соңында оқушыларға Саған сабақ ұнай ма? деген сұрақ қоя отырып , өз ойларын тыңдау.

4. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын , белсенділігіне қарай мадақтай отырып бағалау.

5.Үйге тапсырма: 144-жаттығуды екі топқа бөліп, көшіріп жазу

Неше? Нешінші ?

.екі үй екінші үй

Керекті сөздер; үш қабат, бес бөлме, үшінші қабат, бір орын, бесінші бөлме, бірінші орын.

  1. Керекті сөздерден неше ?нешінші ? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп , жазып келесіңдер

2 «Қазақ батырлары» өлеңін жаттау.

Оқушыларды ашық тақта бойынша бағалау.


© 2010-2022