Кружковая работа

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек»

Әулиекөл балабақшасыМКҚК


Жоба

«Сиқырлы саусақтар»

2-ші кіші «Ә» топ


(3-4 жас)




















Тәрбиеші: Жумабекова С.Б.



Жобаның авторы: Жумабекова Сағыныш Бағытжановна.

Жобаның қатысушылары: 2-ші кіші «Ә» «Айналайын» тобының балалары (3-4 жаста), ата-аналар, тәрбиеші (орындаушы), әдіскер (бақылау).

Жобаның эпиграфы:

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.

Бас бармағым-папам,

Балан үйрек-апам.

Ортан терек-ағам.

Шылдыр шүмек-мен

Кішкентай бөбек-сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Жобаның негізі: «Зерек бала» бағдарламасы Жобаның мақсаты:Балалардың қамырдан мүсіндеуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Жобаның міндеттері:

  • Ермексазбен таныстырып, оның қасиеті жайлы түсінік беру;

  • Балалардың шығармашылығын тәрбиелеу;

  • Ата-аналарды балалармен бірлесіп жұмыс жасауды жалғастыру;

  • Балалардың қиялың дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалардың қамырға қызығушылын қалыптастыру;

  • Балалардың шығармашылық қиялын дамыту;

  • Балалардың қолының ұсақ моторикасын дамыту;

  • Ата-аналардың балалармен бірлесіп жұмыс жасау қызығушылығын арттыру;

  • Илеу, қосу, үзу, форманың иектерін саусақтарының ұштарымен созу тәсілдерін қолдана отырып әртүрлі формадағы заттарды мүсіндеуді қалыптастыру.

Жобаның орындалуы

Ата-аналармен:

  • Ата-аналарға кеңес;

  • Ата-аналар бұрышында қамыр туралы информация беру;

  • Ата-аналар жиналыстарында баяндама жасау;

  • Балалар мен ата-аналардың бірлесіп жасаған жұмыстарының көрмесі.

Балалармен:

  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде қамырды қолдану;

  • Қамырдан жасаған заттарды ойындарда қолдану;

  • Мерекелерде отбасы мүшелеріне сыйлықтар жасау;

  • Үстел театрына арнап кейіпкерлер жасау;

  • Ойындарға қамырдан заттар жасау (көкөністер, жемістер , т.б.)

Мүсіндеуде қолданатын тәсілдер: Қамыр кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету. Кесекті алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін жетілдіру. Бөліктері бірнеше заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, қатынастарын сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін көрсету. Кейбір заттарды, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге үйрету: азық-түліктер, ыдыс-аяқтар, ойыншықтар, жануарлар, ертегі кейіпкерлері. Жануарларды мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін көрсету. Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіруге үйрету. Жыл соңында мүсіндеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар: - илеу, қосу, үзу, форманың иектерін саусақтарының ұштарымен созу тәсілдерін қолдана отырып 1-3 бөліктен тұратын, бірдей немесе әртүрлі формадағы заттарды мүсіндей білуі тиіс.

Жобаның өзектілігі:


Тілдің даму деңгейі қолдың саусақтарының қалыптасқан деңгейімен тікелей байланысты. Балаларды тексеру негізінде келесі заңдылықтар анықталды: егер қолдың саусақтарының қимылдардың даму қозғалысы жасына сай келсе, онда тілдік даму мөлшердің көлемінде; егер саусақтардың даму қозғалысы сай болмаса, онда тілдік дамуда сай болмайды, бірақ жалпы моторика өте жақсы және мөлшерден де жоғары болуы мумкін.

Тіл қолдың кинетикалық импульстің ықпалымен қалыптасады, нақтырақ - саусақтардан. Әдетте ұсақ моториканың жоғары даму деңгейіне ие болған бала, логикалық әңгімелей алады, онда есте сақтау, назары, байланыстырып сөйлеу жеткілікті дамыған.

Қарапайым құбылыстарың себет - салдар байланысып түсінеді, математика және сауат ашуды жақсы меңгереді, қоршаған әлемі ту-ралы біраз нәрсе біледі. Бірақ қолы дамымаған. Баяу, сенімсіз жазады.

Дамыған ми мен дамымаған қол өмірдің қазіргі бейнесінде қалыпты заңдылық. Бұл ата - аналар мен тәрбиешілерді үмітсіздікке таныту керек емес: мектепке дейінгі баланың нашар қолын дамытуға болады және дамыту керек.

Баланың қызметі жетістікті болу үшін бәрін ойластыру керек, бұл сабақтарға қызығушылықты бекітіп тұрады.Ерте жасынан бала өз қолымен балшықтан және ермексаздан жапсыруға, жақындарына сыйлық жасауға көмек береді.

Саусақтар бірдей епті болмайды.

Сонымен, қолдың саусақтары дамыса, баланың тілі және ойлауы дамиды және болашақта қиыншылық тудырмайды.


Жоспар

Тақырыбы

Мақсаты

Көркені-құрал


қыркүйек

1

Қамырмен таныстыру Қамырмен таныстырып оның қасиеті жайлы түсінік беру (жұмсақ, иілгіш). Үлкен кесектен үзіп алуды үйрету. Тақтайшада қамырды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу. Қамыр, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

2

Доп Балаларды әртүрлі түсті қамырмен таныстыру, қамырмен жұмыс жасауды үйрету. Дөңгелек пішінді заттарды алақан арасына салып мүсіндеуге үйрету.
Түсті қамыр, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

қазан

3

Жаңбыр Балаларды үлкен кесек қамырдан саусақ ұштарымен шымшып, жаңбырдың тамшыларын қағаз бетіне орналастыруды үйрету. Қатты қағаз, көк түсті қамыр, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

4



Анама тоқаш

даярласамын Материалмен таныстыруды жалғастыру. Қамырды түзу қимылмен есуді жетілдіру, ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу. Есіп жасаған бейненің ұштарын айналдырып әкеліп, біріктіруді үйрету. Қамыр, стеки, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

қараша

5



Қоянға сәбіз

берейік Мүсіндеудің қарапайым іскерлік дағдыларына үйрету. Алақан арасына салып есу арқылы ұзыншақ пішіннен сәбізді мүсіндеуді үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қызғылт-сары түсті қамыр, тақтайша, қағаз сүлгілері

6



Жаңғақтар. Әр түрлі пішінді заттар туралы білімдерін бекіту. Домалақ пішінді заттарды алақан арасына айналдыра домалақтау тәсілімен жаттықтыру. Еңбек мәдениетіне баулу. Қамыр, стеки, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

желтоқсан

7

Аққала Үлкен кесекті екіге бөлуді үйрету, қамырды алақан арасына салып домалақтауды жалғастыру. Бөліктерді су арқылы біріктіруді үйрету. Қамыр, ыдыстағы су, тақтайшалар, қағаз сүлгілері, қылқалам

8

Шырша ойыншықтары Балаларды үлкен кесек қамырдан саусақ ұштарымен шымшуды үйретуге жалғастыру, дөңгелек ойыншықтардың пішіндерін қағаз бетіне орналастыруды үйрету. Қатты қағаз бетінде шыршаның суреті, әртүрлі түсті қамыр, тақтайшалар, қағаз сүлгілері


қантар

9

Дастарханға

тәтті нан даярлаймыз. Қамырды түзу қимылмен есуді жетілдіру, ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу. Есіп жасаған бейненің ұштарын айналдырып әкеліп, біріктіруді үйрету. Қамыр, стеки, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

10

Орамалды өрнектеу Қамырды алақан арасына салып жұмырлау, шар тәрізді кесек балшықты алақан арасына салып жалпақтап жасауды үйрету. Стек арқылы орамалды өрнектеу. Әртүрлі түсті қамыр, стеки, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

ақпан

11

Аквариум (ұжымдық жұмыс) Қамырды алақан арасына салып сопақша тәрізді пішін жасап, жалпақтау арқалы балықтың дене бітімін келтіру. Стеки арқылы қабықтарын жасау. Әртүрлі түсті қамыр, стеки, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

12

Ұшақ Үлкен кесекті екіге бөлуді үйрету, қамырды алақан арасына салып таяқша жасауды жалғастыру. Бөліктерді су арқылы біріктіруді үйрету. Қамыр, ыдыстағы су, тақтайшалар, қағаз сүлгілері, қылқалам

наурыз

13

Анама моншақтар сыйлаймын Көлемі әр түрлі сақиналар мүсіндеуді үйрету.Есіп жасаған бейненің ұштарын түйістіріп әкеліп, біріктіру іскерліктерін жетілдіру.Мерекелік көңіл күйге баулу. Қамыр, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

14


Әжемізге құрт

дайындауға

көмектесейік Ұлттық тағамдар туралы білімдерін жетілдіру. Алақан арасына салып домалақтау, жалпақтау Үлкен жастағы адамдарды сыйлауға тәрбиелеу. Қамыр, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

сәуір

15

Үш аюға кесе Қамырды домалақтап, қабыстыру тәсілін қолданып, кесені мүсіндеуді үйрету. Ойыншық үш аю, әртүрлі қамыр, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

16

Саңырауқұлақтар Қамырды домалақтап, қабыстыру тәсілін қолданып, саңырауқұлақтың қалпағын мүсіндеуді үйрету.Есіп жасаптаяқшасын, біріктіру іскерліктерін жетілдіру. Қамыр, ыдыстағы су, тақтайшалар, қағаз сүлгілері, қылқалам

мамыр

17

Гүлзар

(ұжымдық жұмыс) Балаларды үлкен кесек қамырдан саусақ ұштарымен шымшуды үйретуге жалғастыру, дөңгелек пішіндерді қағаз бетіне орналастырудып гүл жасауды үйрету. Жасыл қатты қағаз, әртүрлі түсті қамыр, стеки, тақтайшалар, қағаз сүлгілері

18

Тышқан Табиғи заттарды қолданып, қамырды домалақтап тышқанды мүсіндеу. Қамыр, таяқшалар мұрты мен құйрығына, моншақтар көздеріне


© 2010-2022