Тәрбие сағаты. Ана - өмірдің шуағы (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана - -өмірдің шуағы

Сабақтың мақсаты: Ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру. Аналардың өмірдегі қызметі, көрсетер көмегі, анаға деген баланың парызы мен қарызы туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

1-жүргізуші: Аяулы аналар, ардақты арулар мен ұстаздар!Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ғұмырынызға саулық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз!

2- жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бір адамға берсе ана меірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

1,2-жүргізуші: Көктем мерекесі, Аналар мерекесі құтты болсын!!!

1-жүргізуші: Арулар - аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар - тіршілікке күре тамыр

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар, - деп Мұқағали ақын жырлағандай «Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» аналардың еңбектерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

2-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі кешіміздің қонақтары асыл аналарымызға құрмет көрсету - біздің перзенттік парызымыз.

Би.

1-жүргізуші: Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халқымыздың «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген сөзі ананың қаншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.

2-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы да осы қасметті Ана есімі болсақ. Алғашқы сөзімізді аналардың анасы әжелерге , аналарға және аналардың көмекшілері әпкелеріміз бен қарындастарымызға арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

1- оқушы: Менің әжем,бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымызды әлі әжем.

2- оқушы: Менің әжем, нар әжем,

Көп жасаған кәрі әжем,

Ауырғанда мен үшін,

Әр сүйгені дәрі әжем.

3- оқушы: Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі- әжем.

Ана туралы ән

4- оқушы: Ана деген-асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

5- оқушы: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ана мейрімін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

6- оқушы: АНа-бала, бала-ана - бір ұғым,

Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты.

АНа-бала, бала-ана әрдайым

Бірге жүрсін, бірге көрсін шаттықты.

Ойын. Аналар көзін жұмып, алақаны бойынша баласын табу.

7- оқушы: Ана деген асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан!

8- оқушы: Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

9- оқушы: Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін.

1-жүргізуші: Еңбек сабағында балалар аналарына, әжелеріне кішкентай сыйлықтар жасаған.Сол сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: О, халайық, халайық,

Кезекті балаларға берейік,

Актерлерді сөйлетіп,

Қызығын бір көрейік.

Сахна ашылып «Анасынан адасқан қыз» атты көрініс көрсетіледі.

1,2-жүргізуші мен барлық балалар:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз!

Құттықтау сөздер (Аналар, мұғалім)

1-жүргізуші: Әйел- АНА, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры- биік. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті.

Денсаулықтарыңыз қуатты, күндеріңіз шуақты, өмірлеріңіз мәнді, үйлеріңіз сәнді болып, жанұяда бақытты, уайым-қайғысызғұмыр кеше беріңіздер!

© 2010-2022