Математика пәнінен Қосу және азайту сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талдықорған қаласы

№2 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Байдильданова Бахытхан Жакановна

Тақырыбы: Қосу және азайту

Мақсаты:

  1. Оқушылардың есептер шығару, теңдіктер құрастыру, өрнектерді салыстыру,сандар құрамын анықтай білу дағдыларын бекіту;

  1. Логикалық ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;

  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар, фигуралар,интерактивті тақта.

Сабақтың типі: пысықтау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым

Қайырлы күн болсын.

Аптаның әр күні

Сәттілікке толсын!

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Өз орныңды тап» ойыны.

-Бұл сандар қалай аталады? (натурал сандар)

-Тақ сандар, жұп сандар қатарын көрсету.

Жаңа сабақ

-Балалар тақтада қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?

-Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шеңбер, шаршы.

Сол пішіндерде жазылған өрнектердің мәнін ауызша табайық.

(слайд)

- Ал балалар, мына суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? - Қыс мезгілі.

Дұрыс. Суретте нелерді көріп тұрсыңдар? - Күн, бұлт,аққала, шырша, қоян,құстар, үй.

Осы суреттердің әрқайсысының артында сендерге арналған тапсырмалар бар.

Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?

Күннің тапсырмасы: (слайд)

Математикалық диктант

  1. Азайғыш 8 азайтқыш 2 айырманың мәні нешеге тең?

  2. Қосылғыш 3, қосылғыш 4 қосындының мәні нешеге тең?

  3. Ең кіші бір таңбалы санды жаз

  4. Айгүлде 6 шар, Әсемнің одан 2 шары кем. Әсемде неше шар бар?

  5. 6 санынан кейін тұратын сан.

(слайд)

Бұлттың тапсырмасы:

Бұлттарда жазылған сандар:

3, 5, 0, 8, 4, 7, 2 9, 5, 2, 10, 4, 6, 1

1-қатардағы сандарды өсу ретімен, ал 2-қатардағы сандарды кему ретімен жазады.

Сергіту сәті (слайд)

Шыршаның тапсырмасы: (слайд)

Сандар құрамын анықтау.

  • қатар - 7 саны

  • қатар - 8 саны

  • қатар - 9 саны

Қоян тапсырмасы: (слайд)

Сәбіздерді « жинауға көмектесейік» ойыны

10 -2 9 - 2

8 - 1 7+2

3 + 6 9-5

Аққаланың тапсырмасы:

сурет бойынша ауызша есеп құрастыру.

Оқулықта берілген суреттер бойынша есептер құрастыру

Теңдіктер, теңсіздіктер құрастыру

5, 4, 9

Құстардың тапсырмасы: кестені толтыру

Қосу мен азайтуға берілген кестені әр оқушы жеке орындайды.

(слайд)

ІІІ. Қорытынды

- Балалар біз есептер шығарып отырып, қай жыл мезгілі туралы айттық?

- Қыс.

- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

- Қыс туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Қатысқан балаларды мадақтау


© 2010-2022