Кенді пайдалы қазбалар тақырыбы бойынша 4 сыныпқа арналған ашық сабақтың жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кенді пайдалы қазбалар тақырыбы бойынша 4 сыныпқа арналған ашық сабақтың жоспарыКенді пайдалы қазбалар тақырыбы бойынша 4 сыныпқа арналған ашық сабақтың жоспарыКенді пайдалы қазбалар тақырыбы бойынша 4 сыныпқа арналған ашық сабақтың жоспарыСемей қаласы

«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Сағатова Әсем Кәдірбекқызы

30.10.2015ж.

Дүниетану

4 «А» сыныбы

Сабақ тақырыбы:

Кенді пайдалы қазбалар

Жалпы мақсаты:

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары, олардың кен орындары, орналасу ерекшеліктері туралы түсінік беру. Сыни тұрғыдан ойланта отырып, білімдерін кеңейту
Білімділігі: пайдалы қазбалар ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетініне пысықтайды;
кенді, кенсіз, жанғыш қасиеттерінің ерекшілігін түсінеді.
Дамытушылық:
өзбетінше, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады;
ассосиация әдісі, суреттерді пайдалана отырып оқушылар ойын қозғау арқылы сабаққа деген ынтасын арттырады;
сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылығын, белсенділігін, сабаққа дегенқызығушылығын дамытады.
Тәрбиелік:
тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиеленеді;
табиғатты қорғауға, қамқор болуға;
бір-бірімен қарым-қатынас жасауға;
бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу; қазақ тілі; география
өмірмен байланыс; музыка; бейнелеу.
Сабақтың түрі: 7 модульге негізделген жаңа сабақ.


Сілтеме:

Дүниетану оқулығы, ғаламтордан алынған суреттер, слайдтар, видео. «Атамұра»2015ж.К. Жүнісқызы.

Оқу нәтижесі:

Пайдалы қазбалар ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетініне пысықтайды; кенді, кенсіз, жанғыш қасиеттерінің ерекшелігі жайлы түсінік қалыптасады,

Қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, сөздік қорлары дамиды, шығармашылық ізденіске бағыт алады.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интертақта, слайд, оқулық, видеоролик.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:

АКТ, СТО: Топтастыру, суретті көрнекілік, сұрақ- жауап, диалог .

Бағалау: Топтық бағалау:стикерлер, смайликтер, басбармақ.

Дерек көздері:

Оқулық, ғаламтор мәліметтері.

Тапсырмалар:

Кен орындарының орналасқан жерін картадан табу, Эссе жазу

І. Оқушыларға психология-лық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін сынып көшбасшысының бастауымен топ ұрандарын, топтың ережесін айтуды ұйымдастыру

Орындарынан тұрып «табиғатқа барамыз» өлеңін орындау

Көшбасшы оқушыларға сәттілік тілейді

Топтық жұмыс

Сынып топқа бөлінеді

«ТЕМІР», «Алюминий», «МЫС»

Сынып таңдау арқылы топқа бөлініп отырады

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Топтастыру»

Пайдалы қазбалар түрлерін тиісті тобына топтастыру.

Жанғыш-тас көмір,мұнай,газ. Кенді-темір, мыс, қорғасын,алюминий,

кенге жатпайтын -тұз,фосфорит,әктас,мәрмәр,гранит.

тас көмір-Екібастұз,Қарағанды.

Мұнай, газ - Каспий маңы ойпаты,Маңғыстауда.

Оқушылар негізгі сөздерді анықтап, ой қорытып, жасап түйіндейді , идеяларын толықтырады, шартты белгілерді картаға жабыстырады.
Оқушылар топтық жұмыс арқылы сыни тұрғыдан ойланып,білімдерін кеңейтеді

ІІІ. Жаңа тақырып

«ДЖИГСО» стратегиясы

Әр топқа шағын тақырыпшалар таратып беру.Топтарда танысу, талдау

«Темір» тобы - Темір кен орындары, одан жасалатын заттар жалпы сипаттамасы

«Алюминий» тобы - Алюминий жалпы сипттамасы

«Мыс» тобы - мыстың сипаттамасы

Әр топтың жұмысын, әңгімелеуін, уақытқа бағынуын қадағалайды, басқарады

Әр топты тыңдай отырып жеке оқушыны бағалайды

Балалар өз тобында бірлесіп оқып ақпараттың маңыздысын ойларымен бөліседі.

Әр топ берілген тақырыпшаны оқып танысады, түсінгенін айтады, шартты белгіні орналастырады, картамен жұмыс

Сергіту сәті

«Мен қазақпын»

Оқушылар сергиді, жаттығу жасайды

Жаңа сабақты меңгеру

1)Зауыттар туралы бейнетаспа көрсетіледі

2) Мұғалімнің қорытуы. Слайдта Павлодар облысы,Баянауыл ауданында дүниеге келген.жазушы М.Әуезовпен осы Семейде бірге оқыған.Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болған Қ.Сатбаев-еліміздің табиғат байлықтарын зерттеуші,Қазақстанның металлургия мектебінің негізін салушы. Осы металлургия мектебі табиғи металдарды өндіру әдісін үйрететін мектеп болған.Еңбек жолын металлург болудан бастаған біздің мақтанышымыз Н.Ә.Назарбаев туралы айтып кету.

Мұнда оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілігі жүзеге асады

Оқушылар Елбасының еңбек жолы туралы өздерінің білетіндерін толықтырады, Елбасының еңбек жолы туралы көрмеге назар аударады.

Жаңа сабақты меңгерту, бекіту

«Эссе» жазу әдісі арқылы (музыка тыңдау)

Оқушылар ойларын еркін жеткізеді, , пайдалы қазбаны қорғауға ұмтылады

Бекіту:

«Сын тұрғыдан сұрақтар» қойылады

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ережені өмірде қолдануға түйсінеді

Кері байланыс

Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Бас бармақ тәсілі арқылы оқушылар кері байланыс жасайды

V. Үй тап-

сырмасын беру

Тақырыптың түсінгенін айту

«Табиғатқа қамқор боламын» шығарма жазу

Күнделікке жазып алады

VI. Бағалау

Топты бағалау, мадақтау

Бағалауға қатысады



© 2010-2022