2 саны математика 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сынып2 саны математика 1 сыныпҚарағанды облысы,

Балқаш қаласы

Дамуы шектелген балаларға арналғаноблыстық

№ 4 арнайы мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі

Жұмабаева М.К.

Математика, 1 сынып.

Сабақтың тақырыбы: 2 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 1. 2 саны және оның құрамымен таныстыру, санау дағдылырын, салыстыру дағдыларын қалыптастыру. 2.оқушылардың математикалық білімін дамыту, өз беттерімен салыстыруға, қорытындылауға үйрету. 3.есте сақтау, ойлау, зейін дағдыларын дамыту. 4. ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу,еңбек етуге тәрбиелеу . Көрнекілігі: слайд, санау материалдары, есепшот, фигуралар. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық, тәжірибелік, ойындар. Түрі:бекіту Типі: ойын-сабақ Сабақтың барысы І. Ұйым. кезеңі. -Балалар бізде қазір математика сабағы. Бізге көп қонақтар келіп отыр. ІІ. Психологиялық дайындық. Бала, бала, балақан, Кәне, қайсы, алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат! Топ-топ аяқ басайық, Алтыннан күн жасайық. Жаса, жаса, Алтын күн, Жаса, жаса, жарқын күн! ІІІ. Тірек білімдерімен жұмыс. Кел, ойнайық! «Тез жинап, тез сана!» Жерде жапырақтар, алмалар, шаршылар, дөңгелектер, үшбұрыштар шашылып жатыр. Әр оқушы өзіне айтылған заттарды жинап, тез санауы керек. Жапырақ- 10 Алма-6 Шаршы-10 Дөңгелек-10 Үшбұрыш-10 «Мені танисың ба?



Оқушылар әр фигураны айтып, оларға сипаттама береді. IV.Тәжірибелік жұмыс.

  • Біз қандай сандармен танысып едік?
  • Кім тақтадан 1, 2 сандарын көрсетеді?
  • Алдыларыңа 1 таяқша қойыңдар, тағы бір таяқша қойыңдар.
  • Таяқша нешеу болды? (2)
  • Қасына тиісті санды қойыңдар.
  • 2 таяқшаның ішінде неше рет 1 таяқша қойдық?
V. Салыстыру. 1 дөңгелек, 2 шаршы қойыңдар. Қайсысы көп, қайсысы аз?




  1. 2
Дөңгелек екеу болу үшін, не істеу керек? Шаршы біреу болу үшін не істеу керек? -Сонымен біз қандай сандармен таныстық? - 2 дегеніміз нешемен неше? VI.Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Биік болып өседі. VII.Дәптермен жұмыс 2
  1. 2


VIII. Кітаппен жұмыс

2 саны математика 1 сынып Суретте не берілген? 1машина және 1 машина 2 машина 1 қыз және 1 қыз. 2 қыз Неше жаңғақ болса, сонша санды қой. Неше балапан болса, сонша санды қой. ІХ. Ойлан, тап! Берілген суреттердің ішінен артық затты алып таста. 2 саны математика 1 сынып
Екі затты қорша. 2 саны математика 1 сынып
Х. Сабақты қорытындылау. Қандай санмен таныстық? 2саны қай саннан кейін келеді? 2санының алдында қай сан тұрады? 2дегеніміз неше? Көзіміз нешеу? Құлақ нешеу? Қол нешеу? Аяқ нешеу? -Екі көзің не үшін керек? -Көру үшін. -Екі құлақ не үшін керек? -Тыңдау ұшін. -Екі қолың не үшін керек? -Еңбек ету үшін. ХІ. Мадақтау




© 2010-2022