Кемел келешек кілті-білімде атты ауданның дарынды оқушыларын марапаттауға арналған салтанатты жиынның сценариі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кемел келешек кілті - білімде»

(атты дарынды оқушыларды марапаттау кешінің әзірлемесі)

Оркестрдің орындауында күй орындалады.

І - жүргізуші:
Мектеп деген - киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай - талай азамат.
Құрметті ,қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! «Кемел келешек кілті - білімде» атты ауданымыздың дарынды оқушыларын марапаттау кешіне қош келдіңіздер!

ІІ - жүргізуші:
Школьный мир неповторим!
Детство, юность вместе с ним
Нас растят и жизни учат,
Открывают наши души
Милосердию, добру,
Дарят каждому звезду!
І - жүргізуші:
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында - адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында ауданымызда жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Бүгін біз өз мектебін аудан, облыс көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып марапаттау үшін жиналып отырмыз.

ІІ-жүргізуші:
Итак, внимание, в нашем зале участники «Парада звезд» - призеры областных, районных олимпиад
І-жүргізуші:
Құрметіне дарындардың тік тұрыңдар!
Алаңдап, жан-жаққа бас бұрмаңдар.
Бүгінгі салтанатты мерекенің
Дарынды, үздіктерін қарсы алыңдар!
Ортаға дарынды балаларымызды шақырамыз
(Оқушылар сырттан қатармен кіріп,арнайы дайындалған орындықтарға отырады)

Сахнаға үш оқушы шығып тақпақтар оқиды (тақпақтар фонограммаға жазылған)

1-оқушы:

Ізденімпаз ,біз талапшыл жастармыз

Елімізді биіктерге бастармыз

Өнер,білім ,ғылым сара жолында

Шаршамаймыз ,артқа қадам баспаймыз

2-оқушы:

В знанье - сила! Это помнит
Каждый умный человек
С этой силой мы шагаем
В новый 21-й век

Спортсмены и артисты, «олимпиадники»
И красивы и умны
Все мы - гордость у района
Надежда всей страны!

2-оқушы: Прекрасен путь учебы и познанья.
От школьной парты до больших высот,
От букваря до тайны мирозданья,
С одним девизом пламенным: "Вперед!"

3-оқушы: Knowledge is a power

Live and learn

2-оқушы: Мы яркие

Интересные

Творческие

Интеллектуальные и любознательные

Активные

Инициативные

Дружные

Спортивные

Мы - молодое поколение

Мы - надежда и опора

Мы- звезды надежды

1-оқушы:. Біз-келешек ұстаз,ұшқыш,ғалымбыз

Ел ертеңі ,үкілеген үміті

Елбасының ізбасары жас дарын

Жалындаған өткір,алғыр жастармыз!

І жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Дарындарға арналсын тілегіңіз!

Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз аудан әкімі Исабеков Бақберген Сексенбайұлына беріледі.
ІІ-жүргізуші:
И это чудо в этом зале,
Каких мы школьников собрали!
Здесь море умных, чистых глаз,
Здесь молодость чарует нас,
Здесь души полны ожиданьем,
Для всех, кто миг сей долго ждал,
Настал он, радостно настал…

І жүргізуші:
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!

ІІ жүргізуші:
Мы от всей души поздравляем вас с поздравляем вас с вашими достижениями. Желаем чтоб и в дальнейшим вы достигали новых высот


Қарсы алыңыздар, алдарыңызда «Ақ тілек» әнімен 2 сынып оқушысы, жас әнші
І жүргізуші:
Мектеп - кеме, білім - теңіз
Барар жерге тез жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолдан
Ұстаз берген білім қолда,

Облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлерін марапаттау үшін сөз аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға беріледі.
ІІ жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып

Келесі ән-шашу дарынды оқушыларымыздың құрметіне арналады.
Ән: «Мектебім,аяулы мектебім» Сержан Гүлдерай
І- жүргізуші:
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Біз жастарға сенеміз

«Зерде» интеллектуальды ойынының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз кезегі аудандық мәслихат хатшысы Досымбеков Әлдибек Ырғайбекұлына беріледі.

Ән «Мектебім» Орындайтын 4-сынып оқушылары

Аудандық пән олимпиадаларының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз Көксу ауданы білім бөлімінің бастығы Төкенова Сағымбала Күлсейітқызына беріледі.

1-оқушы:
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.

2-оқушы:
Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.

3 -оқушы:
Тәуелсіз Қазақстан, байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Балалар аманатын алға тартар,
Жас ұрпақ алдарыңда міне, бүгін.

ІІ - жүргізуші:

Ойшыл,зерек,өрендер,

Сіздерге кім тең келер

Шашу шашсын биімен

Мың бұралған бишілер

Би орындалады.

І жүргізуші:
Ата-анаға қымбат қой бала деген
Ұрпағының әрдайым қамын жеген
Сөз береміз,ата-ана өзіңізге

Атақ алып балаңыз дарын деген

Жас ұрпақтың жүрекжарды қуанышын бөлісіп, шашуын ақ тілек батасымен өріп, ортамызға келіп отырған ата-аналарға сөз беріледі.
Ата-анаға сөз

І жүргізуші:

Жaсaсын қaзaғым ,жaсa алғыр жaстaрым.

Жeлбірeтіп туды жeңіскe жoл бaстaғaн,

Қазақтың тaриxы мәнгі бoлсын дaстaным.

Қaзaқстaным Қaзaқстaным,

Ән «Жаса , Қазақстан!»
ІІ - жүргізуші:
Ұрпағы, ұландары текті жердің,
Қашанда болмысына сүйенемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздерінен деп білемін!
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Кемел келешек кілті - білімде»
атты мектебіміздің дарынды оқушыларын марапаттау кеші өз мәресіне жетті. Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!
ІІ - жүргізуші:
Закончился очередной праздник. Праздник чествования Одаренных детей Коксуского района.

Жеңісті күндерде кездескенше ,қош сау болыңыздар!

До новых встреч ,дорогие друзья!

© 2010-2022