Бесік жыры. Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 2

Сабақ тақырыбы:Бесік жыры

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың өмірінен мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қиялын жүйелеу, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.Қазақтың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпының мазмұнын түсіну.Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой-қиялын дамыту.Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер

Сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу,баяндау, оқу, талдау-жинақтау, тіл дамыту, шығармашылық - ізденушілік әдістері.Проблемалық сұрақ-жауап. Топтық жұмыс, «Өзіндік жұмыс «Түрткі болу» сұрақтары.Пікірлесу,ой-толғаныс.

Күтілетін нәтиже


Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік беру. Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: оқушылардың өз ойларын қорытындылай білуіне жағдай жасау, тіл белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілеттері мен оқу және жазу мәдениетін дамыту. Әдет-ғұрыптар мен салт - дәстүрлердің пайдасын түсіну, бар ақпаратты пайдаланып жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, бір - бірін тыңдауға, критерийлерді пайдалана отырып дұрыс бағалау.


Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құралдар

4 мин

Психологиялық дайындық

Ана
Келбетінде ұлылық,
Даладай кең пейілі.
Ана деген - жылылық,
Ана деген - мейірім.
- Өлеңде не жайында айтылған?
- Ана сөзін естігенде қандай сезім пайда болады?
Шығармашылық жұмыс. Көркем ой.
Ана - ардақты, мейірімді, кең жүректі
- Ананы жырламаған ақын - жазушылар жоқ.

Бір-бірімен, мұғаліммен амандасады.

Кәмпит түстерімен топқа бөлінеді.


Кәрзеңке,кәмпит түрлері

5 м

Үйге берілген тапсырма Әже өлеңін жатқа сұрау.

Критерий арқылы бағалау

1.Өлеңді қатесіз,ұмытпай оқу

2.Өлеңді мәнерлеп оқуын бағалау.

Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды, бағалау кезінде өз ойын білдіреді.

Оқулық

5 мин

Жаңа сабақ.1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.Ребус шешу. Иесі анық сәби,әрі төсек,әрі үй. Ой,қозғау
-Бесік деген не?Бесік неден жасалған?
-Бесікке жатқан бала бар ма?
- Бесікке байланысты қандай салт - дәстүрлерді,білесіңдер?
- Тұсау кесу рәсімін көрдің бе? Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша, қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.Бесікке салуды көрсету. (фильмнен үзінді ) Басты мұралардың бірі-«Бесік,жыры».
Тұсау кесу туралы айту Олай болса бүгін біз сендермен Ыбырай атамыздың «Бұл кім» өлеңімен танысамыз.

Жаңа сабақпен танысады.

Оқушылардың шілдехана, бесік той, тұсау кесу туралы ойларын тыңдау.

М.Жұмабаевтің суреті.

Бесік суреті,бесікке салып жатқан баланың суріті.

7 мин


Оқулықпен жұмыс.Өлеңді әндетіп оқу.Оқушыларға түсініп,оқыту.
2)Сөздік,жұмыс:
Күрмеу - баланың аяғына байланған ала-жіп
Тақым - тізенің астыңғы, ішкі жағы
4.Есіңе,сақта!
Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз мәні де, сәні де болмайды.

Кестемен жұмыс жасайды.

Топтарда постер қорғайды.Өз мүмкіндіктері бойынша бағалау жүргізіледі.

Оқулық

3 м

Сергіту сәті «Ұйықта, бөпем» Қимылмен орындалады.Ырым-тиым сөздер.Бос бесікті тербетпе.
Бесікті бір қолмен көтерме
Бесікті ашық қалдырма

Бесі жырын айтады.


5

Жырдың авторы туралы білетіндерін пікірлер ағашына жазады.

Пікірлер ағашын дәптерге толтырады.


5 мин

Суретпен жұмыс.

-Суретте кім бейнеленген?

-Ана баласына қандай жылы сөздер айтады?

-Анаң сені қалай атайды?

-Суретке қарап,Алтынсариннің жоғарыда берілген өлеңін қара сөзбен әңгімеле.

Ананың бесікке салып жатқан суреті.

5 мин

Сұрақтар беріледі.
I. «Бесік жырын» айтып отырған кім?
2 Апасы сәбиге қандай жақсы тілектер айтты?
3Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?


2 м

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан маған не ұнады?

Сабақ барысында мен не жасай алдым?

Стикер

Үйге тапсырма

Бесік жыры"өлеңін жаттау

Күнделік

2 м

Бағалау

Оқушыла смайликтер арқылы өз ойларын ауызша білдіреді.

Смайлик



© 2010-2022