Ашық сабақ. Мен қарттарды сүйем

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: М. Мақатаев «Қарттарды сүйем»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы - қарттар, олар - тірі шежіре, дана, ақылды екендігін ұғындыру;
Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқуға деген ниет - ынтасын дамыту, тіл байлығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: қарттарды сүйе білуге, құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақынның суреті, мақалдар, суреттер.

Әдістері: мәнерлеп оқу, әңгіме, оқулықпен жұмыс, салыстыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Көңілашар. 1. Оқушылардың назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Таң шапағы арайлап,
Дала нұрға боянды.
Балалардың барлығы,
Ұйқысынан оянды.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау, «Шеше мен бала» Ы. Алтынсарин.
Сұрақ жауап:
А) Әңгімедегі кейіпкерлерді ата
Ә) Әңгімеде саған қай кейіпкер көбірек ұнады? Неге?
Б) Үлкен қыздың орнында сен болсаң, не істер едің?
Ойланып жауап бер:

- Балалар, біз қандай үлкен бөліммен танысып жатырмыз?
- «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым».
- Дұрыс айтасыңдар, енді осы тарау бойынша қандай тақырыптармен танысып едік, кімнің есінде бар?
1. Ата ақылы/Сырбай Мәуленов/
2. Атасы мен немересі /С. Көбеев/
3. Шал мен балалар /С. Көбеев/
4. Апаның тілін алса егер… /Ж. Смақов/
5. Ата - әжеме хат /Ы. Алтынсарин/
6. Айтшы, әжетай/Ж. Смақов/
7. Ұшқан ұя/Б. Момышұлы/ т. б.
« Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей осы өткен тақырыптарымыздың барлығы үлкенді сыйлау, үлкенді құрметтеуге арналған екен.
Жаңа сабақ: «Қарттарды сүйем» М. Мақатаев.
I. Ата, ана, бала туралы мақал - мәтелдер айту.
ІІ. Автор туралы түсінік беру
Суретін көрсету. М. Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен бастау
Ақ қырау тұрған ақпанда
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың,
Есіңе мені алғайсың!

Балалар, осы өлең шумақтары сендерге таныс па?
Естімесеңдер, бұл өлеңді жазған Мұқағали Мақатаев аталарың. Егер Мұқағали атамыз тірі болғанда ертең, яғни 9 - ақпан күні тура 85 жасқа толар еді.Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты: Мұқағали Мақатаев атамыздың өмірімен және Мұқағали атамыздың қарттарды құрметтеу, қадірлеу жайында жазған « Қарттарды сүйем»өлеңімен танысамыз.
Интеракивті тақтадан М. Мақатаевтың портретін көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
---- 1931жыл 9 - ақпан
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
- Атасы - Мақатай, әжесі - Тиын
- Әкесі - Сүлеймен, шешесі - Нағиман
- Жан жары - Лашын
- Қазақтың аса дарынды ақыны
- Алғашқы өлеңдерін 10жасынан жаза бастаған
- Қызы - Алмагүл, ұлдары - Айбар, Жұлдыз
Мұқағали атамыз әр түрлі тақырыпты жырлаған; туған жер, Отан, махаббат, достар, аға - қарындас, әке - шеше т. б.

ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Мына сұрақтарға жауап алу.
1) Өлеңнің авторы кім?
2) Ол туралы не білесің?
3) Мұрагер дегенді қалай түсінесің?
4) Өлеңге сүйеніп, қарт ұғымына мағынасы жуық сөздерді теріп жаз. Ол сөздерді «Күн шұғыласына» орналастыр.

Ой толғау: Осы өлең неге бөлімнің соңына берілген деп ойлайсың?
ІV. Тізбектеп оқыту.
V. Шығармашылық жұмыс.

- Енді оқушылар мен сыныпты 3 орталыққа бөліп тапсырмалар орындаттырамын.
І топ «Оқу - жазу» орталығы
ІІ топ «Математика» орталығы
ІІІ топ «Өнер» орталығы боласыңдар.
- Енді тапсырмаларың:
І топ «Оқу - жазу» орталығының тапсырмасы:
1. Қария тақырыбында әңгіме жазу
2. «Жалғасын тап» тапсырмасы
Үлкендердің алдын.....
Кішілерді.........
Үлкендерді ........

Сәлемберуді ұмытып ....
ІІ топ «Математика» орталығының тапсырмасы:
1. «Қарттарды сүйем» өлеңінде неше шумақ, неше жол барын санап айтыңдар
2. Есеп
«Қанша кісі»
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен.
Апам және енесі,
Енесінің бөлесі.
Отыр едік шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып.
Арқасында кіші інім,
Саны қанша айта қой,
Үйдегі бар кісінің.
ІІІ топ «Өнер» орталығының тапсырмасы:
1. Ата, әже туралы өлеңдер айту
2. Атасына арнап ашық хат жасау

VІ. Қорытынды. - Балалар, бүгінгі сабақта біз не үйрендік.Бағалау.
Менінше бүгінгі сабақта оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып отырды. Ал өздерің қалай ойлайсыңдар? Қанеки, бір - бірлеріңді бағалаңдар.
Рахмет, сендерге!
Үйге тапсырма:
1. Өлеңді жаттау
2. Қарттар үйі туралы мәліметтер жинақтау
3. М. Мақатаев өмірі және шығармашылығы туралы мәліметтер жинақтау.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

© 2010-2022