Математика 3-сынып Ғарыш әлеміне саяхат

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту

Сабақтың мақсаты:

1.Үш таңбалы санды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдеріне меңгерту .

2.Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа,танымдылыққа баулу.Ауызша есептей алу дағдысын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

3.Өз бетімен жұмыс жасай отырып,өзінің де,өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: «Ғарыш әлеміне саяхат» слайды, сергіту сәті «жұлдыздар» , үлестірмелі қималар ғарыш кемесі ретінде жасалған.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.Сабаққа әзірлену

Бүгін біз сендермен аспан әлеміне саяхат жасаймыз.

Математика 3-сынып Ғарыш әлеміне саяхат

1961 жылы 12 сәуірі. Дәл осы күні "Ғарышқа адам ұшты" деген қуанышты хабар бір-ақ сәтте бүкіл әлемді шарлар кетті. Бұл Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин болатын.Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Восток-1" ғарыш кемесімен Ю.Гагарин 108 минутта Жерді бір айналып шығып, аман-есен оралды. Содан бері 12 сәуір-Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді.Ю.Гагарин тұңғыш ретжол салған сол күннен бері 50 жылдан астам уақыт өтті. Осы жарты ғасыр ішінде ғарышта көптеген әртүрлі елден жүздеген ғарышкерлер болып, зерттеу жұмыстарын атқарды

Солардың ішінде біздің еліміздің де батырлары бар. Ол-ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров . Ол ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут болды.

Тоқтар ағаларыңнан кейін екінші болып барып қайтқан қазақ-Талғат Мұсабаев.Ол ғарышқа үш рет ұшқан. Талғат ағаларың ғарышта барлығы 341 сөтке болып, оның 42 сағат 36 минутын ашық ғарышта өткізген .

Қызығушылықты ояту

"Математикалық диктант"

1. 8 мыңдық және 690 бірліктен тұратын санды ата.

2. 7 жүздік 7 ондық 7бірліктен тұратын санды 7 есе кеміт.

3. 32 ондықтан тұратын санды 3 есе арттыр..

4. 81 ондықтан тұратын санды 9 есе кеміт

5.1 жүздік 2 ондық 3 бірлікті 4 есе арттыр

Жаңа тақырыпты меңгерту: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту 242∙4 ; 969:4

Математика 3-сынып Ғарыш әлеміне саяхат

Тақтамен жұмыс

362∙2 192∙4 768 : 4 724:2 183∙3 549:3

МАҒЫНАНЫ ТАНУ

Сергіту сәті Математика 3-сынып Ғарыш әлеміне саяхатМатематика 3-сынып Ғарыш әлеміне саяхатМатематика 3-сынып Ғарыш әлеміне саяхатМатематика 3-сынып Ғарыш әлеміне саяхат

Математика 3-сынып Ғарыш әлеміне саяхат

Теңдеулерді шеш

Х+248=174∙4 Х:3=120∙2 900-х=283∙2

Ойланып шығар № 8

Қыздар- 38 жұлдыз

Ұлдар- 4 жағынан 16 жұлдыз ? жұлдыз

38 + 16 ∙ 4 = 102

Жауабы: оқушылар барлығы 102 жұлдызды көрді.

Теңдеу құр.

Жұлдыздарды бірінші, екінші және үшінші сыныптар бақылады.

Бірінші сыныпта х балалар, ал екінші сыныпта

15 оқушы және үшінші сыныпта 25 оқушы бақылаған екен.

Бірінші сыныптағы оқушылар санын 5 есе арттырса, қалған екі сыныптағы оқушылар санына тең болар еді.

Бірінші сыныптағы оқушылар саны нешеу?

Бейне фильм

Логикалық есептер

Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?

Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?

Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?

Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?

Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал - жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады?

Үйге тапсырма №10

Бағалау



© 2010-2022